Урок по химии на тему Спирты


11 сынып
Сабақтың тақырыбы: Спирттер, олардың жіктелуі, номенклатурасы және алу жолдары.
Саб мақсаты: 1. Спирттердің құрамын, номенклатурасын, изомерясын көмірсутектермен салыстыра отырып, түсіндіру.
2. формулаларды есте сақтау, изомерлерін анықтау, оларды ж.н. б/ша атау және қатемен жұмыс арқылы өз бетінше ҰБТ-ға дайындалу қабілеттерін дамыту
3. Өз-өзің және өзгені бағалай білуге, нәтижелі жұмыс атқаруға тәрбиелеу
Саб түрі мен әдістері: аралас, жоба қорғау, тестпен жұмыс, ұжымдық жұмыстар, проблемалық сұрақтар.
Саб көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, шарстержнді модельдер, тест тапсырмалары, Activ vote.
Саб барысы: 1. Ұйымдастыру кезені.
Оқушыларды түгендеу
Оқушылардың зейінің ояту және сабақтың тақырыбын айтқызу
2. Өткен тақырыптарды қайталау:
1) Қандай органикалық заттармен таныстық? Олардың құрамында қандай элементтер кіреді? Олардың жіктелуі? Құрылысы, құрамы б/ша сұрақтар.
2) ҮТО-ға (Боларбек Б., Иулмурзаева Қ) – жеке тасырмалар – алкандардың гомолог қатарын және химиялық диктант беру.
3) Тест тапсырмаларын орындату және бір-бірінікін тексерту, бағалау.
(Көмірсутектер б/ша 10 сұрақ)
4) Қатемен жұмыс
3. Жаңа тақырып. (мақсаты)
Т.С. бойынша таныстыру:
І – Оттекті органикалық қосылыстар
ІІ – Спирттердің құрамы, жіктелуі, изомериясы, номенклатурасы б/ша оқушылар дайындаған прзентацияларын қорғау.
ІІІ – Тапсырмаларды орындау.
Слайд 6 – берілген формулаларды атап, қай спирттерге жататының анықтаңдар.
Слайд 7 – берілген изомерлердің құрылымдық формулаларын толықтырып, ж.н. б/ша атаңдар.
Слайд 8 – берілген спирттердің құрылымдық формулаларын құрыңдар.
ІҮ – Спирттердің физикалық қасиеттері қандай? Олар қанша градуста қайнайды? Неліктен? (Слайд 9)
Ү – Спирттердің алу әдістері. Ежелгі заманнан бері спирттерді неден және қалай алатын? Зертханада неден алуға болады? (слайд 11)
- № 9 есепті шығару.
4. Бекіту. 1) спирттердің пайдасы мен зияны б/ша пікірталас
2) Тест (Activ vote) – 6 сұрақ
3) Қатемен жұмыс
5. Бағалау.
6. Үйге тапсырма: 8.1;8.2 , № 5,6,10