Дара ж?не к?рделі с?здер. 6 сынып


Пәні: қазақ тілі БҚО. Бөкей ордасы ауданы Ұялы ауылы. Ш.Жексенбаев атындағы ЖОББМБ. І санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Ситқазиева Гүлзада Хайдарғалиқызы
Сыныбы: 6 Сабаққа негізделген оқу мақсаттары Дара және күрделі сөздер
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар
Дара және күрделі сөздер туралы мәліметтер алады.
Оқушылардың басым бөлігі
Дара және күрделі сөздерді ажырата алады.
Кейбір оқушылар
Мәтіндер ішінен тауып, құрамы мен құрылысына талдау жасай алады.
Тілдік мақсаттар Оқушылар: дара сөздер, күрделі сөздер деген терминдерге түсінеді.
Негізгі сөздер мен тіркестер: түбір, қосымша, туынды сөз, дара, күрделі сөздер т.б.
Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер.
Талқылауға арналған тармақтар: Диалог барысында қолдану.
Менің ойымша.....
Менің айтқым келіп тұрғаны?
Қосымша мен түбірді қалай ажыратуға болады?
Алдыңғы оқу Сөз тұлғасы. Түбір мен қосымша
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар ресурстар
Басталуы
Топтық жұмыс (3 мин)
«Миға шабуыл» (8 мин)
«Серпілген сауал» әдісі
Ұйымдастыру бөлімі.
А) Сынып оқушыларымен амандасу
Ә) психологиялық тренинг
«Мен саған сенемін» Жұп құрып, бір -бірінің көздеріне қарап тұрып, мен саған сенемін, өйткені сен жақсы оқушысың, бүгінгі күнің сәтті өтсін! Қол соғу.
Сынып оқушыларын топқа бөлу. Төсбелгідегі сандарға қарай отырып топтарға бөлу. «бірінші» топ , «Екінші » топ, «Үшінші» топ, «Төртінші »топ)
Үй тапсырмасын тексеру.
Шарты: бір оқушы допты лақтыру арқылы бір сөздің түбірін айтады. Басқалары туынды сөз жасайды. Мысалы : ақыл- ақылды.... Қима қағаздар
Жетондар
Секіртпелі доп
Ортасы
«Жаңбыр тамшылары» әдісі
«Оқы, жұптас, бөліс» әдісі
«А-В» әдісі
Алтын асық» ойыны
«ЖИКСО» әдісі
«Ыстық орындық» әдісі Бұл әдіс бойынша оқушыларға өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойылады. Сұрақтарға жауап беру арқылы бүгінгі жаңа сабақтың тақырыптары ашылады.
Түбір деген не?
Қосымша деген не?
Қосымша нешеге бөлінеді?
Жалғау деген не? Жалғаудың түрлері
Жұрнақ деген не? түрлері
Сөздер тұлғасына қарай нешеге бөлінеді?
Құрамына қарай нешеге бөлінеді?
Елші сөзінің түбірі
Түбірлес сөздер деген не?
Негізгі түбір деген не?
Күннің жадын жазып, тақырыпты өз беттерімен оқып шығады.
«бірінші» топ – күрделі сөздердің ережесін айту,
«екінші » топ – дара сөздерге мысалдар келтіреді.
«үшінші» топ- күрделі сөздерге мысалдар келтіреді.
«төртінші » топ- дара сөздердің ережесін айту.
Бұл әдісте топ ішіндегі оқушылар бүгінгі сабақ бойынша сұрақтар қояды. Бір – біріне жауап береді. Топ басшысы қадағалайды.
Кітаппен жұмыс.
50- жаттығу. Топтық жұмыс. Күрделі сөздер түрлеріне мысалдар жазу.
«Алтын сақа» ойыны.
Асық бүк түссе, талдайды: ақылды , ауылдастар
Асық шік түссе, зерттеу: сөз тұлғасы деген не, оған қандай бөлшектер кіреді.
Асық тауқа түссе, Салыстыру: күрделі және дара сөздерді салыстыру
Асық алшы түссе, қолдану: төмендегі сөздерді пайдалаып, сөйлем құрастыру
Мысалы: соқыртеке, кемпірқосақ
Әр топтан біо оқушы шығады, топтар тақырыпқа байланысты сұрақтар қояды. Түрлі түсті қағаздар
Маркерлер
Топшамалар
Оқулық
Жұмыс дәптерлері
Сақалар
Постер қорғау
Аяқталуы
Кері байланыс
«Аралдар аялдамасы»
Үйге тапсырма беру.
Дара сөздерді қатыстырып бір шумақ өлең шығару.
Күрделі сөздерді қатыстырып, әр түрлі тақырыпта ойтолғау жазу.
53 – жаттығу
Өзін – өздері бағдаршам арқылы бағалайды.
Бүгінгі сабақ не туралы болды?
Не үйрендіңдер?
Сабақта не қиын болды?
Қандай тапсырмалар оңай болды?
Бүгінгі сабақта әр топтан сабаққа белсенді қатысқан оқушыны атап қошемет білдірейік!
«Қуаныш», «Сенімділік», «Көңілсіздік», «Қанағат»
Әр топ өздерінің екі жұлдыз, бір тілектерін айтады.
Жетондар
Стикерлер