Саба? жоспары дара ж?не к?рделі с?здер


28.09.2015ж. Қазақ тілі 6-а,ә сынып
Сабақ тақырыбы Дара және күрделі сөздер
Жалпы мақсат Дара және күрделі сөздер туралы түсінік беру, жасалу жолы мен айырмашылығын меңгерту. Топтық жұмыс негізінде өзара ой бөлісуге, ойын еркін жеткізуге, алған білімін тапсырма барысында қолдануға дағдыландыру. 
Сілтеме Қазақ тілі оқулығы, әдістемелік құрал
Оқушылар үшін оқу нәтижелері Күрделі сөздердің ерекше сипаттарын анықтайды. Мәтінде дара және күрделі сөздерді ажырата біледі. -Постермен жұмыстанады,бірін бірі бағалайды
Негізгі идеялар Сөйлеу де, жазу да сөз қолдану заңдылығына сүйенеді. Жалпы халықтық тілді жұмсаудын. дәстүрлі үлгісі болады. 
Сабақта қолданылатын материалдар Маркер, А4 қағазы, флипчарт, А3 қағаздар, стикерлер, смайликтер, маркерлер.
Оқыту әдістері топтық жұмыс, жұптық жұмыс, Джексо, өрмекші торы, Венн диаграммасы, рефлексия  Жеке, жұптық, топтық жұмыс
Орындалатын тапсырмалар:
Уақыт Сабақ бойынша мұғалім жазбалары
І.Ұйымдастыру
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
3 минут
ІІ.Тұсаукесер
ІІІ. Негізгі бөлім
Қорытынды  а) Амандасу
ә) Сынып оқушыларын түгендеу
б) Санамақ арқылы топқа бөлу
Психологиялық дайындық:
Әрбір адам? – Туыс, дос, жұрағатӘрбір сабақ? – Үйрету, ұғу, ұлағатӘрбір ісің? – Тірлік, тірек, адамдықӘрбір сөзің?- Шындық, бірлік, адалдық. 
І.Сәйкестендіру тесті (3 минут) 
Түбір дегеніміз -7048540830500-70485123698000-7048553213000-704855588000-7048523685500-704855588000 Үшін, сайын, туралы 
Қосымшаның неше түрі бар? Жаңа сөздердің жасалуы 
Түбірлес сөздер деген не? Жұрнақ, жалғау 
Сөзжасам нені қарастырады? Жалғау 
Мағынасы жоқ сөздерді көрсет Сөздің бастапқы, мағыналы бөлшегі 
Сөз бен сөзді не байланыстырады? Бір түбірден тараған сөздер 
Жұрнақтың қызметі Сөздеррді түрлендіру, тудыру 
ІІ.Мағынаны тану 1-тапсырма
Жаңа тақырып электронды оқулық арқылы көрсетіледі, оқулықтан мәтінмен таныса отырып: бірінші, екінші топ дара сөздерді, үшінші, төртінші топ күрделі сөздерді оқып, талдайды. Топта талдап, жобаларын қорғайды. (10 минут) 2-тапсырма
І топ 39-жаттығу
ІІ топ 40-жаттығу
ІІІ топ 41-жаттығу
ІV топ Семантикалық карта  
Сөздер Дара Күрделі
Мектеп, оқушы, бала, домбыра, қалам, ат, ауыл Екібастұз,тоғызқұмалақ, Айнұр, Көкшетау, айбалта, қосаяқ Ыдыс-аяқ, тәлім-тәрбие, ата-ана, жора-жолдас, бала-шаға ҚР, АҚШ, БҰҰ, ҚазМУ Сандықтау ауданы, үлкен үй, шұбар ат, Ақмола облысы, қызыл көйлек  3-тапсырма Венн диаграммасы
Дара сөздер Ортақ қасиеттері Күрделі сөздер
4-тапсырма «Өрмекші торы» ойыны 1. Сөз тұлғасы неден тұрады? 2. Түбір деген не? 3. Адам сөзіне жұрнақ жалға 4. «Күзем» сөзінің түбірі 5. Қосымша нешеге бөлінеді? 6. Жұрнақ деген не? 7. Жалғаудың түрлері 8. Жұрнақтың түрлері 9. Дара сөздер дегеніміз 10. Түбірлес сөз деген не? 11. Жаздыгүні қандай сөз дара ма, күрделі ме? 12. Күрделі сөздің түрлері 13. «Өс» сөзінен туынды сөз жаса 
Бағалау
4 минут Өзін-өзі бағалау 
Сәйкестендіру тестісіне..................................................... Постермен жұмыста .......................................................... Жаңа сабақты ..................................................................... Дәптермен жұмысты .........................................................Топтық жұмыста ............................................................... «Венн» диаграммасын....................................................... 
«Өрмекші торы» ойынына................................................
Кері байланыс Стикерге сабақтан алған әсерлерін, өз көзқарастарын, пікірлерін жазады.
Үй жұмысы
2 минут Жаттығу жұмысы