Саба?ты? та?ырыбы: Дара ж?не к?рделі с?здер


Оқу ісінің меңгерушісі: Жармуханов А.К
Күні: 29.09.2016
Сынып: 6 «а», «ә»
Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі сөздер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: дара сөздер мен күрделі сөздерге түсінік беру.Тәрбиелік: жаттығу жұмыстары арқылы сөз мәнін, мағынасын түсінуге, еңбекқорлыққа үйрету.Дамытушылық: оқушының ой-өрісін жаңа сөз туындайтын күрделі сөздерді үйрету арқылы дамыту, есте сақтау қабілетін арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеруСабақтың өту әдісі: Сын тұрғысынан ойлау, граматикалық ойын, фонетикалық талдау.Сабақ көрнекілігі: Тақырыпқа арналған сызба, кеспе карточкаларСабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сәлемдесу.
2.Сыныптың тазалығына назар аудару.
3.Оқушылардың назарын тақтаға аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
34-жаттығу.
Сұрақ-жауап:
1.Сөзжасам дегеніміз не?
2.Сөздер тұлғасына қарай қалай бөлінеді?
3.Сөздер құрамына қарай қалай бөлінеді?
4.Қосымша нешеге бөлінеді?
5.Жұрнақ нешеге бөлінеді?
6.Жалғау нешеге бөлінеді?
ІІІ.Жаңа тақырып. Дара және күрделі сөздер
Дара сөз
Күрделі сөз
Сөздер құрамына қарай



Негізгі түбір сөз Туынды түбір сөз Екі не одан да көп түбірден құралған сөздер
Қосымшасыз тұрып-ақ белгілі бір мағынаны білдіретін сөздер Сөз тудырушы жұрнақ жалғану арқылы туған жаңа сөз. Қос сөз.
М:әкелі-балалы,бақ-береке, ағайын-туыс,ата-ана,бала-шаға, Біріккен сөз
М:Ақмола, сөйтіп, ақсақал,баспасөз,сөзжасам,әрқашан,
орынбасар
М:Сынып,ән, күй, би, домбыра, тәрбие, оқу,оқы, кітап, сат, жүр,ұш, аң, ел, біл, ой, бас, сан,аялда,
білім М:Сыныптас ,әнші,күйші, биші, домбырашы,тәрбиеші,оқушы,оқытушы, кітапханашы, сатушы, жүргізуші, ұшқыш,аңшы,елші, білгіш, ойшыл,баста,сана, аялдама, Қысқарған сөз.
ААҚ-ашық акционерлік қоғам, ТЖО-техникалық жөндеу орталығы, Шаған ЖОББМ-Шаған жалпы орта білім беретін мектебі Тіркесті сөз.
Он бес, ала жаздай, мектепке дейін, сөз таптары, жиырма екі, оқып отыр, тұрып тұр қызыл шырайлы, ала шұбар,көк ала, қара торы
ІV.Кітаппен жұмыс.
49-жаттығу. Түбір және туынды сөзге 4 мысал жазып, талдаңдар.
50-жаттығу. Күрделі сөз түрлеріне мысалдар тауып жазыңдар.
Біріккен сөз Қос сөз Тіркесті сөз Қысқарған сөз
Талдықорған Аалы-інілі Қара өлең БҚО,ЖШС
51-жаттығу. Дара сөздерге 10 мысал күрделі сөздерге 10 мысал жазыңдар. Дара сөздер мен күрделі сөздерді салыстырыңдар.
Айырмашылығы Ұқсастығы Айырмашылығы
V.Сабақты бекіту
Сұрақ-жауап:
1.Сөздер құрамына қарай нешеге бөлінеді
2.Дара сөз дегеніміз не?
3.Күрделі сөз дегеніміз не? Оларға қандай сөздер жатады?

VІ. Үйге тапсырма беру.
52,53 -жаттығу.