Сіз бала?ызды білесіз бе? та?ырыбында ата-аналар жиналысыны? жоспары


Капанова Айжан Нурбопановнаның ата-аналармен жүргізген жиналысының жоспары
Жиналыстың тақырыбы: Сіз өз балаңызды білесіз бе?
Сабақтың мақсаты: Ата-аналарға өз балаларына көмек беруге үйрету және олардың өзара дұрыс қарым-қатынас дағдысын қалыптастыру.
Түйінді идеялар: Нәтижесінде ата-аналар:
Диалог барысындағы өз балаларына көмектесе алатындарына деген сенімділік;
Басқа адамның көзқарасы арқылы өз түсінігін тереңдетуге, фокусты кімге және неге аудару керектігін үйренеді;
Топтық жұмыстың нәтижесін түсінеді.
Жиналысты жүргізу барысы:
«Құстар үні» арқылы топқа бөлу. 1.«Құстар үні» атты видеоролик арқылы, яғни құстардың үні арқылы топқа бөлу. Сол құстардың ерекшеліктеріне тоқталу.
Топтың атын беру.Топтық ережені еске түсіру.
2.Екі топ құрылған соң қысқаша тәрбиелік мәні бар әңгіме құрастырту, оны оқып, баяндау.
«Миға шабуыл».
«Миға шабуыл»:
Сіз өз балаңызды білесіз бе?- 3-4 минут уақыт беру.
Әр топқа сұрақтар қою арқылы жауаптарын алу. Талабы: әр топ жылдам жауап беруі тиіс.
Қойылатын сұрақтар:
1.Балаңызды қалай еркелетесіз?
2.Балаңыздың аяқ киімінің өлшемі қандай? 3.Балаңыз қандай тамақты жақсы көреді?
4.Балаңыз нешінші сыныпта оқиды?
5.Ең жақын достарының есімдерін атаңыздаршы?
6. Балаңыздың ең сүйікті ойыншығы?
7.Балаңыздың ең жақсы көретін кітабы? 8.Балаңыздың ең жақсы көретін түстері қандай? 9.Балаңыздың ең жақсы көретін ыңғайлы киімдері қандай?
10.Балаңыз қандай ойындарды жақсы көреді?
Тұжырым жасау.
Тұжырым жасау: әр ата-ана өз баласының жақсы жағын байқауға тырысуы керек, көбірек уақыт бөлу керек. Әңгімелесу туралы ойлану керек.
«Сәлем хат» атты драмалық жаттығу орындау.
Әр топ аудиожазбаны тыңдайды. Топ ішінде талдайды. «Сәлем хат» атты драмалық әңгіме жаттығуын орындау. Әр топ аудиожазбаны тыңдайды. Топ ішінде талдайды.
Сұрақ:Ата-ана қандай шешімге келді деп ойлайсыздар?
Әр топ осы әңгіменің желісі бойынша және өз ойларын қоса отырып, әңгімені аяқтау арқылы постер қорғайды. 10-12 минут беру.
Қорғап болған соң әңгіменің соңын оқып, оқиға желісін тыңдату.
Сұрақ: Ата-ана қаншалықты дұрыс істеді? Қандай әрекеттер жасаулары керек еді? Тығырықтан қалай жол табуға болар еді? Сіздер сол кісілердің орнында болсаңыздар, не істер едіңіздер?
Топтағы ата-аналар талдауларын ортаға салады.
Жағдаяттық тапсырмалар Ата-аналарға тәрбие туралы жағдаяттарды шешеді.
І топқа: Балаңызды жақсы көрген кезде қандай сөздер айтасыз?
ІІ топқа: Балаңызға ренжіген кезде қандай сөздер айтасыз?
III топқа: Балаңыз тәртіп бұзғанда қандай шара қолданасыз?
«Идеялар себетін» толтыру.
Жиналыс «Идеялар себетін» толтыру арқылы аяқталады.
1. Бала тәрбиесін қалай жақсартуға болады?
2. Баламен дос сияқты сөйлесуге қалай үйренуге болады?
3. Құпия сақтау туралы не айта аласыз?
«Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы формативті бағалау. Жиналыс «екі жұлдыз, бір тілек» арқылы формативті бағалаумен аяқталады.