Физика ж?не астрономия п?нінен «Электр заряды. Электр зарядыны? са?талу за?ы.Кулон за?ы» та?ырыбында ашы? саба?ты? ?дістемелік н?с?ауы


Талдықорған агротехникалық колледжі

Физика және астрономия пәнінен
«Электр заряды.
Электр зарядының сақталу заңы.Кулон заңы»
тақырыбында ашық сабақтың әдістемелік нұсқауы
Пән оқытушысы: Шаймолданова С.Қ.

Талдықорған 2015ж.
Кіріспе
Қазіргі таңда жаңа технологияны қолдана отырып, сабақ өткізу әрбір оқытушының міндеті. Оқытушының әрбір сабақтарын түрлендіріп өткізуі білім алушылардың пәнге деген ынта-ықыласын, қызығушылығын, белсенділігін арттырады.
Физиканы оқыту процесінде білім алушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін ең қолайлы шарттарды беретін оқу пәні болып табылады.Қазіргі ғылыми-техниканың жоғары дәрежеге жетуі физика ғылымының жетістіктерінің нәтижесін көрсетеді.
Физиканы оқыту үрдісінде білім алушылардың ойлау қабілетін дамыту мақсатында,олардың логикалық ой-өрісін дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізу қажет.Физиканы өмірмен байланыстыра оқуға назар аударып, физиканың заңдылықтарын меңгеруге көмектесетін ережелерге аса назар аударған жөн.Сонымен қатар білім алушылардың алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуіне , танымдық қызығушылығын артыруға көңіл бөлу.
Білімді қалыптастыруда «сын тұғысынан ойлауды дамытудың» түрлі әдіс-тәсілдерін сабақта пайдалана отырып, білім алушылардың іздену, үйрену,ұғу сияқты қабілеттерін ұштауға болады.


Кіріспе
Қазіргі таңда жаңа технологияны қолдана отырып, сабақ өткізу әрбір оқытушының міндеті. Оқытушының әрбір сабақтарын түрлендіріп өткізуі білім алушылардың пәнге деген ынта-ықыласын, қызығушылығын, белсенділігін арттырады.
Физиканы оқыту процесінде білім алушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін ең қолайлы шарттарды беретін оқу пәні болып табылады.Қазіргі ғылыми-техниканың жоғары дәрежеге жетуі физика ғылымының жетістіктерінің нәтижесін көрсетеді.
Физиканы оқыту үрдісінде білім алушылардың ойлау қабілетін дамыту мақсатында,олардың логикалық ой-өрісін дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізу қажет.Физиканы өмірмен байланыстыра оқуға назар аударып, физиканың заңдылықтарын меңгеруге көмектесетін ережелерге аса назар аударған жөн.Сонымен қатар білім алушылардың алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуіне , танымдық қызығушылығын артыруға көңіл бөлу.
Білімді қалыптастыруда «сын тұғысынан ойлауды дамытудың» түрлі әдіс-тәсілдерін сабақта пайдалана отырып, білім алушылардың іздену, үйрену,ұғу сияқты қабілеттерін ұштауға болады.
Сабақтың технологиялық картасы ( жоспары )
Пән атауы: Физика және астрономия
Сабақтың тақырыбы: Электр заряды.Электр зарядының сақталу заңы.
Кулон заңы.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау,түсіндіру,сұрақ – жауап,есеп шығару
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Білім алушылардың электр заряды, электрлену, Кулон заңы туралы бұрынғы біліміне сүйене отырып,жаңа білім дағдысын қалыптастыру.
Дамытушылық: Білім алушылардың ой-өрісін кеңейту, белсенділігін арттыру, ойын жүйелі түрде жеткізе білу белсенділіктерін дамыту. Есептеу және танымдық қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік:Білім алушыларды ұқыптылыққа, зейінділікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: математика,химия,биология
Пәнішілік байланыс: Термодинамика негіздері
Сабақтың жабдықталуы:
А.Көрнекті құралдар:слайдтар, плакат
Б.Үлестірмелі материал: Физикалық диктант, есептер,кесте толтыру
В.Оқытудың техникалық құралдары: мультипроектор
Г.Сабақ өтетін орын:
Д.Негізгі әдебиет: Б.Кронгарт т.б. Физика 10кл., Г.Я.Мякишев Физика10кл.
Қосымша әдебиет: Б.С.Арызханов . Физика
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі:
Білім алушылармен амандасу.
Дәрісхананың сабаққа дайындығын тексеру.
Білім алушылардың сабаққа қатысуын тексеру / ақпар бойынша.
Білім алушыларды сабаққа ұйымдастыру
1066800446405 ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: «Ой қозғау»
Термодинамика нені зеттейді?
Термодинамикалық жүйе деп нені айтады? Ол қандай параметрлермен сипатталады?
Ішкі энергия дегеніміз не?
Термодинамикалық процесс дегеніміз не?
Газдың ішкі энергиясын қалай өзгертуге болады?
Жылу мөлшері деп нені түсінеміз?
Термодинамиканың бірінші заңы нені білдіреді?
1043940575310ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: «Қызығушылықты ояту»
«Электроскоп» сөзжұмбағын шешу:
Янтарь грек тілінен аударылғанда? (Электрон )Электрді өткізбейтін дене? (пЛастмасса)Барлық өндірісті автоматтандырудың негізі? (элЕктр)
Зарядтар еркін қозғала алатын заттарды (өтКізгіштер)
Атомдағы протон мен электрон заряды тең .Ол (бейТарап)
Электр құбылыстарындағыфизикалықшама (заРяд)
Атом электрондардыңбіразынжоғалтып, оныңоң заряды артса. Оны (Оң ион)
-38101544320Қандай зарядар бірін-бірі тебеді? (аттаС) Барлық денелер неден тұрады (молеКула)Атомға артық электрондар келіп түссе, атом теріс зарядқа ие болса. Оны (теріс иОн)Ядродағы оң зарядталға бөлшек (Протон)
ІV. Мақсат қою кезеңі: «Миға шабуыл»
Әр топқа тақырыпқа байланысты әртүрлі мысалдар келтіре отырып сұрақтар таратамын.а) Құрғақ шүберекпен айнаны сүрткенде қандай құбылыс болады? (шыны мен пластинка тозаңды және басқа ұсақ бөлшектерді өзіне тартады)ә) Синтетикалық киімді шешкенде нені байқайсыңдар?( шытырлаған дыбыс ести аласыңдар, ал қараңғы бөлмеде тіпті жарқылды да байқайсыңдар)б) Мысықты сипағандане байқайсың? (шытырлаған дыбыстар естіледі)в) тарақты алып құрғақ шашты тарағанда, содан кейін кішкене қағазды жақындатқанда нені байқадыңдар? (ұсақ қағаз қиындыларын өзіне тартатынын көресіңдер)Бұл құбылыстар өте ертеден белгілі болған. Біздің заманымызға дейін 600 - жылдары ертедегі гректер сары янтарьдың ерекше қасиеті бар екенін байқаған. Яғни янтарьды теріге немесе жүнге үйкегенде оның әртүрлі денелерді өзіне тартқанын байқаған. Сол кезде гректер сары янтарьды өндірген.Гректер осы шайырды «электрон»,ал оған қатысты құбылыстарды денелердің электрленуі деп атаған.» «Электрон» сөзінен электр деген сөз шыққан.
00
V. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:«Мағынаны танып білу»
Электр заряды.
Электрлену.
Электр зарядының сақталу заңы.
Кулон заңы.
Суперпозиция қасиеті.
VІ.Жаңа сабақты түсінгендерін тексеру:
1.Физикалық диктант
2.Кесте толтыру
3.Есептер шығару
00
Сергіту сәті: « Сөз тапқанға ....»
Сөздің соңғы әрпінен басталатын физикалық терминдар жазу:
І топ - электр сөзі
ІІ топ - кулон сөзі
ІІІ топ – заряд сөзі
ІV топ – электрон сөзі
Мысалы: Ток - күш- шама – ампер
VІІ. Бекіту кезеңі, сабақты қорытындылау:
1.Кулон дегеніміз не?
2. Қандай зарядты «нүктелік» деп атайды?
3. Диэлектрлік өтімділік дегеніміз не?
4. Кулонның иірілмелі таразымен жүргізілген тәжірибесінің мәні неде?
5. Кулон заңын тұжырымдаңдар және осы заңдыанықтайтын формуланы жазыңдар?
6. Электр тұрақтысы деген не?
Рефлексия:
Мен бүгін сабақта не білдім...
Мен бүгін сабақта не үйрендім...
Мен бүгін сабақта не қайталадым...
Мені бүгінгі сабақта не таңқалдырды...
00
VІІІ. Үйге тапсырма:§8.1-8.2Физика 10 кл. Б.Кронгарт т.б.
Бағалау

-251460545465
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Физика 10 сынып, Б.Кронгард, В.Кем, Н.Қойшыбаев 2006ж
2. Физика 10 сынып, Г.Я.Мякишев, Б.Б.Бухоцев 1996ж
3. Метематика және Физика ғылыми-әдістемелік журналы 2012ж