Физика ж?не астрономия п?нінен «Трансформаторлар. Электр энергиясын ?ндіру, тарату ж?не жеткізу»та?ырыбында ашы? саба?ты? ?дістемелік н?с?ауы



Талдықорған агротехникалық колледжі
Сабақтың технологиялық картасы ( жоспары ) № 39
Пән атауы: Физика және астрономия
Сабақтың тақырыбы: Трансформаторлар. Электр энергиясын өндіру, тарату және жеткізу.
Уақыт: 2 Күні: Топ: 113
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, ауызша түсіндіру,сұрақ – жауап, есеп шығару,ойын элементтері
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Білімгерлерге трансформатор ұғымын, трансформатордың атқаратын қызметі, құрлысы, трансформация коэффициенті,катушканың құрлысы және электр энергиясын өндіру, тарату және жеткізу туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Трансформатор туралы түсініктерін қалыптастыру арқылы логикалық ойлау қабілеттерін және есеп шығару дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Қарым –қатынас арқылы сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға, өз ойын толық жеткізе алуға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: математика
Пәнішілік байланыс: Айнымалы тоқ
Сабақтың жабдықталуы:
А.Көрнекті құралдар: плакат, трансформатор,
Б.Үлестірмелі материал:
В.Оқытудың техникалық құралдары: мультипроектор,трансформатор тақырыбына презентация,
Г.Сабақ өтетін орын: дәрісхана №75
Д.Негізгі әдебиет: С.Тұяқбаев т.б. Физика 11кл. Қосымша әдебиет: Г.Я. Мякишев т.б. Физика 11кл.
Сабақтың ұйымдастыру кезеңі: 5мин.
1. Білім алушылармен сәлемдесу.
2.Дәрісхананың сабаққа дайындығын тексеру.
3.Білім алушыларды ақпар бойынша түгендеу.
4.Сабаққа дайындықтарын тексеру.


Үй тапсырмасын тексеру:(cұрақ –жауап) 15мин. 1. Айнымалы тоқ дегеніміз не?(Тізбекте орныққан еріксіз электромагниттік тербелістерді айнымалы ток деп атайды)
2. Төменгі кернеуге қанша вольтқа дейінгілер жатады ?(1000В.төмен)
3. Жоғарғы кернеуге қандай вольттарды атаймыз?(1000В.жоғары)
4. Электр тоғын қайдан аламыз?(Ағын судан,желден,ЖЭС,АЭС)
5.Электр энергиясын механикалық энергияға ненің көмегімен айналдырады?(Электр қозғалтқыштардың көмегімен)
6.Ток генераторы дегеніміз не ? Оның негізгі бөліктері мен атқаратын қызметі қандай ?(Тоқ генераторы деп энергияның қандай да бір түрін электр энергиясына айналдыратын қондырғыны айтады. Кез келген индукциялық генератордың негізгі бөліктері мыналар:
-Индуктор- магнит өрісін тудыратын қондырғы.
-Якорь-ЭҚК индукцияланатын орама;
-Щеткалар мен сақиналар- айналып тұрған бөліктерден индукциялық тоқты шығарып алатын немесе электромагниттерге қоректенетін тоқ беретін қондырғылар; )
7.Генератордың жұмысында ротор мен статор қандай рөл атқарады ?(Бір өзекше өзінің орамдарымен бірге горизанталь не вертикаль осьтен айналады, ол ротор деп аталады. )

«Домино» (сөзді ретімен орналастыру).Келтірілген сөздерді ретпен орналастыру керек, келесі сөз алдыңғы сөздің аяқталған әріпінен басталуы керек.
Сөздер: радиус, ротор,сурет,трансформация,кернеу,якорь,ток,уақыт
Жаңа сабақты түсіндіру:25мин.
1. Трансфарматордың атқаратын қызметі.
2. Трансфарматордың құрлысы.
3.Жүктемесіз трансфарматор.
4.Жүктемелі трансфарматор.
5.Трансфарматордың пайдалы әсер коэффициенті (ПӘК)
6.Білімгерлердің ізденіс жұмысы: 1. Электр энергиясын өндіру және пайдалану.
2.Электр энергиясын жеткізу.
Білімгерлердің теориялық білімдерінің игерілуін тексеру:15мин.
1.Трансфарматор қандай мақсаттарда қолданылады?
2. Трансформация коэффициенті деп нені айтамыз?
3. Төмендеткіш (жоғарлатқыш) деп қандай трансформаторды айтады ?
Білімгерлердің ізденіс жұмыстары бойынша жұмыс:
1.Ребустар шешу.
2. «Трансформатор» сөзжұмбағын шешу.

Трансформатор
3.

Жүктемесіз
Жүктемелі

роьпг


гшш
плш


гше
гшшг

Сабақты қорытындылау: (Есептер шығару )
Радиоқабылдағышты қоректендіру үшін қолданылатын трансформатордың бірінші реттік орамасында n 1=12000 орам бар. Ол кернеуі U1=120 B айнымалы ток тізбегіне қосылған. Екінші реттік ораманың кедергісі R2=0,5 Ом болса, оның орам саны қанша? Радиоқабылдағыш ток күші I=1 А болғанда, U=3,5 В кернеуді қажет етеді.
Трансформатор айнымалы токтың кернеуін 220 В-тан 2000 В-қа дейін жоғарылатады. Екінші орамдағы ток 0,4 А болса, бірінші орамдағы ток неге тең? Трансформатордың ПӘК-ін 94% деп алыңыз.
Трансформатордың бірінші орамының ток күші 0,5 А, кернеуі 220 В. Екінші орамның ток күші 11А, кернеуі 9,5 В. Трансформатордың ПӘК-ін табыңыз.
Үйге тапсырма беру: 1. § 2.10 -2.11. Физика 11кл.С. Тұяқбаев т.б.
2.Г.Я.Мякишев,Б.Б.Буховцев. п.24-26 Физика 11кл. «Элекр энергиясын қолдану» тақырыбына реферат жазу.
Бағалау: Сабаққа қатысқан білімгерлерді білімі мен белсенділігі бойынша бағалау
Оқытушы: Шаймолданова С.Қ.

Талдықорған агро-техникалық колледжі
КЕЛІСЕМІН БЕКІТЕМІН
Колледж әдіскері: Директордың оқу ісі
---------------------- жөніндегі орынбасары:
М.Б.Балтабаева -----------------------------
С.Қ.Абыканова



Физика және астрономия пәнінен
«Трансформаторлар. Электр энергиясын өндіру, тарату және жеткізу»
тақырыбындағы ашық сабақтың әдістемелік нұсқауы

Пән оқытушысы: Шаймолданова С.Қ.
«Математика және жаратылыстану»
пәндер кафедрасы кеңесінде қаралды
Хаттама № « »_____2015 ж.
Кафедра меңгерушісі:
_______М.Т.Ержігітова
Талдықорған 2015ж.