?аза? хал?ыны? материалды? м?дениеті 5-сынып


«Бекітемін»
Оқу ісі жөніндегі орынбасар: Б.Жоланов.
Сабақ жоспары
Сыныбы: 5-сынып Пәні: Қазақстан тарихы Мерзімі: 14 қаңтар 2016 жыл
Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының материалдық мәдениеті
Негізгі идея: Қазақ халқының материалдық мәдениеті жайлы білу.
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар Қазақ халқының материалдық мәдениеті жайлы түсіндіру
Оқушылардың көпшілігі Қазақ халқының материалдық мәдениетіне жататын киіз үй құрылысы, ұлттық киімдер ,зергерлік бұйымдарды танып білуге бағыт беру.
Жекелеген оқушылар Қазақ халқының материалдық мәдениетіне жататын киіз үй құрылысы, ұлттық киімдер зергерлік бұйымдарды танып білуге бағыт беру арқылы әлемдік мәдениет пен ұлттық мәдениетті байланыстыра отырып, оларға өз көзқарастарын қалыптастыруға көмектесу.
Құндылықтар: Патриотизм,ұлттық мәдениетімізді, салт- дәстүрді қадірлеу,дәріптеу
Лексика: Киіз үй, сықырлауық,тон ,шекпен,шапан
Табыс критерилері Барлық
оқушылар Жеке жұмыс жасай отырып, Қазақ халқының материалдық мәдениеті жайлы түсінеді.
Оқушылардың көпшілігі Топтық жұмыс барысында біледі Қазақ халқының материалдық мәдениетіне жататын киіз үй құрылысы, ұлттық киімдер ,зергерлік бұйымдарды танып біледі
Жекелеген оқушылар Жеке, жұптық, топтық жұмыстар жасау арқылы талдау жасау барысында Қазақ халқының материалдық мәдениетіне жататын киіз үй құрылысы, ұлттық киімдер зергерлік бұйымдарды танып білу арқылы әлемдік мәдениет пен ұлттық мәдениетті байланыстыра отырып, оларға өз көзқарасв қалвптасады
Сабақ кезеңдері
-584202222500 іс-әрекеттер
кезеңдер Мұғалім әрекеті Тапсырмалар Оқушылар әрекеті ресурстар
Сабақты ұйымдастыру Оқушылармен амандасып,сабаққа дайындық жұмыстарын жүргізеді Кезекші сыныпты ұйымдастырады, қажетті құралдарды реттейді Үй тапсырмасын пысықтау Алдыңға тапсырмаларды еске түсіреді «Ыстық орындық» ойыны Өткен тоқсан материалдарын еске түсіреді (бармақпен бағаланады) Білімді тиянақтау, жинақтау Ортақ сұрақ береді Жалпы сұрақтар беріледі Сұрақтарға жауап береді (бағдаршам арқылы бағаланады) Жаңа сабаққа бағыттау, сілтемелер Жаңа сабаққа кіріспе бағыт береді Материалдық мәдениетке жататындарды ата
Материалық мәдениетке жататындарды атайды Жаңа білімді игеру Топтық тапсырмалар береді Мәтінмен жұмыс. Қазақ халқының материалдық мәдениеті туралы оқуға бағыт беріледі.
1-топ: Қазақ баспанасы
2-топ: Ұлттық киімдер
3-топ: Қолөнер бұйымдары
Топ бойынша  саралап оқиды.
Тақырыптың мазмұнын аша отырып,постер қорғау.
(екі жұлдыз бір тілек арқылы бағаланады.) постер
Алған түсінік-терін тексеру, нақтылау Жұптық тапсырма береді «Сыңарын тап» ойыны
Сыңарын тап
1 Шаңырақ А Киіз үйдің шеңбер қабырғасы
2 Кереге Ә Қыздың ұзатылғанда киетін бас киімі
3 Сәукеле Б Киіз үйдің күмбезді төбесі
4 Тон В Түйе жүнінен тоқылатын сыртқы киім
5 Шекпен Г Мал терісінен жасалған ыдыс
6 Торсық Ғ Қойдың терісінен жылы әрі ыңғайлы етіп тігілетін сырт киім
Жұптаса отырып тапсырманы орындайды (басбармақ арқылы бағаланады)
кесте
Жаңа білімді бекіту Тест тапсырмаларын береді 1.Көшпелі қазақ халқының негізгі баспанасы- а/ саман үй б/киіз үй с/күймелер-арба үстіндегі үйлер
2.Қыздардың ұзатылғанда киетін бас киімі қалай аталады? а/ тақия б/сәукеле с/кимешек
3.Малдың терісінен жылы әрі ыңғайлы етіп тігілген сырт киім. а/Шекпен б/Тон с/Шапан
4.Түйе немесе қой жүнінен тоқылатын сыртқы киім. а/Шекпен б/Тон с/Шапан
5.Киіз үйдің өте қастерлі саналатын бөлігі? а/Шаңырақ б/Кереге с/Уық
(жеке жұмыс) Тест тапсырмасын орындайды(жинаған ұпайы арқылы бағаланады)
тест
Үй тапсырмасын орындауға нұсқау, шығармашылық бағыт беру Қосымша тапсырмалар ұсынады Тақырыпты оқу тақырыпқа байланысты сөзжұмбақ құрастыру Оқушылар күнделікпен жұмыс жасайды Сабақты қорытындылау (кері байланыс) Стикерлер таратады Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазып, себетке салу
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазып, себетке салады.
Стикерлер, себет
Пән мұғалімі: Байдулла М
Сыңарын тап
1 Шаңырақ А Киіз үйдің шеңбер қабырғасы
2 Кереге Ә Қыздың ұзатылғанда киетін бас киімі
3 Сәукеле Б Киіз үйдің күмбезді төбесі
4 Тон В Түйе жүнінен тоқылатын сыртқы киім
5 Шекпен Г Мал терісінен жасалған ыдыс
6 Торсық Ғ Қойдың терісінен жылы әрі ыңғайлы етіп тігілетін сырт киім
Сематикалық карта
Заттың атауы Киіз үй бөліктері Ұлттық киімдер Үй жиһаздары Қолөнер бұйымдары
Тон Кереге Шекпен Кебеже Наркескен Сақина Сықырлауық Шолпы Шапан Уық Мәсі