?аза?стан тарихы п?нінен ашы? саба? ?аза? хал?ыны? материалды? м?дениеті


Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының материалдық мәдениетіСабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға Қазақстан халқының материалдық мәдениеті жайлы жан-жақты түсінік беру, мәдени даму деңгейі мен ұлттық киім үлгілері, баспанасы және қолданбалы өнер туындылары жөнінде түсінік беру. Дамытушылық: Ұлттық мәдениетке деген қызығушылықты оята отырып, оқушылардың бойында ізденгіштік, шығармашылық, танымдық қабілетін дамыта отырып оқушыларды өз бетінше қортынды жасай білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Ұжымшылдыққа, достық пен татулыққа тәрбиелеу, ел тарихы мен мәдени мұраларға деген сүйіспеншілікті арттыру.
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту.
Сабақтың әдісі: Шығармашылық ізденіс, миға шабу, пікір алысу.
Сабақтың көрнекілігі: Видео роликтер, көркем сурет топтамасы, кестелер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындықтарын қадағалау.
Жаңа сабақ
Қазақ халқының материалдық мәдениеті.
қызығушлығын ояту.
Жалпы сабағымызды бастамас бұрын мәдениет деген сөзге тоқталайық. Кәне, балалар мәдениет деген сөзді қалай түсінесіңдер, оған не жатады.
Кез келген халықтың мәдениеті, ғасырлар қойнауынан басталады. Материалдық мәдениет сол халықтың шаруашылығына байланысты болды. Қазақ халқының қалыптасуына байланысты, оның өзіне тән материалдық және рухани мәдениеті жетіліп отырды.
  Мәдениет

Материалдық мәдениет Рухани мәдениет
 
— Баспана — Ауыз әдебиеті
— Ұлттық киімдер — Жазбаша әдебиеті
— Қол өнер бұйымдары — Музыка өнері
— Үй жиһаздары — Діни наным сенімдер
— Құрал саймандар — Жерлеу дәстүрі
— Қолдан жасалған бұйымдар — Тіліміз
 
Материалдық мәдениетіміз сонау көшпелі дәуірден басталады. Арғы ата-бабаларымыз яғни сақ тайпаларының көшіп қонып мал шаруашылығымен айналысқанын білеміз. Киіз үй – материалдық мәдениеттің басты көрнісі. Әрбір отбасы киіз үйді өздері жасап отырды, арба үстіне жасалған киіз үйлерде болды.
Тақтаға назар аударып, киіз үйдің құрылысымен танысайық.
Видео ролик көрсетіледі.
 
Арба үстіне орнатылған жылжымалы үй күйме болды.
Киіз үйдің құрылымы:
 
Шаңырақ- киіз үйдің күмбезді төбесін құрайтын ең жоғарғы бөлігі.
Кереге- киіз үйдің қабырғалары.
Уық- кереге басымен шаңырақты ұстастыратын сүйегі.
Сықырлауық- киіз үйдің есігі.
Үйді жауып тұратын киіздер түндік, үзік туырлық.
Бас құр- киіз үйдің бауы негізгі бекіту, біріктіріп байлау қызметін атқарады.
Керегелердің санына қарай киіз үйлер 6,8,12,15,18 қанатты болып және сән-салтанатына қарай Ақ орда, Хан орда, қараша үй болып бөлінеді. (тақтадағы осы үйлерге тоқталайық)
Киіз үйдегі ең құрметті орын- төр.
Есік маңайы босаға. Үйдің дәл ортасындағы орын ошақ.
Киіз үйдің іші екі қанатқа бөлінеді. Оң қанаты әйелдер бөлігі саналып төсек орын, бесік, үй аспаптары, ыдыс-аяқ орналастырылады. Сол қанаты ерлер бөлігі саналып, ер-тұрмандар, қару-жарақтар тұрады.
Енді балалар қазақты шаңырақ өте қастерлі киелі саналады, осыған байланысты халық арасында көптеген мақал мәтелдер айтылады. (оқушылар шаңырақ, кереге, босағаға байланысты мақал-мәтелдер айтады)
Қазақ халқының ұлттық киім кешегіне тоқталатын болсақ. Киімдер жас шамасына қарай ерекшеленген. Киім кешек үшін негізінен малдың жүнімен терісі пайдаланылады. Сонымен қатар сән-салтанатқа арнап құнды маталардан да киім тіктіретін болған. Қазақтың киім – кешектеріне – тақия, сәукеле, кимешек, бөрік, тон, шапан, мәсі, етік жатады. Олардың кейбіріне токталып өтейік. Қысқы киімдері қойдың немесе түйенің жүнінен тоқылатын сыртық киім қалың матамен тыстап тігілген – тон, ішік, шекпен. Қой терісінен тігілген шалбар, түлкі теісінен тігілнентымақ, құнды аң терісінен астарлап тігілген тон ішік. Көктем мен күзде ерлер, аң терісімен жиектелген бас киімбөрік, ал жазда ыстық өткізбейтін ақ киізден жасалған айыр қалпақтар киді.
Әйелдердің бас киімдері: құндыз терісімен жиектелген бас киім кәмшат бөрік, бой жеткен қыздардың бас киімі бағалы аң терісінен тігілген бөрік. Қыздардың тұрмысқа шығар кездегі бас киімі сәукеле.
Ерлердің аяқ-киімдері. Ешкі терісінен жасалған мәсі. Былғарыдан жасалған кебіс шәркей, қыста киетін аяқ киім, саптама етік.
Әйелдер үй тұрымысына киетін аяқ киімі кебіс мәсі.
 
Енді тақтадағы ұлттық киімдерімізге назар аударайық. Суретте көргеніміздей осы киімдерді біз қазір күнделікті тұрмыста киіп жүрміз ба? Қазақы ұлттық киімімізді қай кезде киіп жүрміз.
 
Қол-өнер бұйымдары.
 
Қазақтар алтыннан, күмістен, асыл тастардан, сүйектен әртүрлі зергерлік бұйымдар әзірлеген. Ұсталар қыз-келіншектердің, сырға, сақина, білезік, шолпы, алқа, қаптырма, шашбау бұйымдарын және қазақ ұсталары айбалта, қылыш, наркескен, сапы, селебе,қару-жарақ түрлері соғып сонымен қатар арнайы аттың ер-тұрмандарын дайындаған.
Қазақтар балаларына арнап, арнайы сәнді ер-тұрмандар жасатқан. Бұл жас баланың ат жалынын ұстар жасқа толғанын, ер жеткенін білдірген.
(Видео роликтер көрсету. Мұражайға тоқталу)
 Тапсырмалар
Дыбысты бейне сұрақ.
Түйе жүнінен тоқылған ұзын сулық киім қалай аталады. (Шекпен).
Жүннен басылған аяқ-киім, пима (Байпақ етік).
Әйелдердің түбіттен, жүннен тоқылған жұмсақ мойын орағышы. (Бөкебей).
Малдың терісінен жылы әрі ыңғайлы етілген сырт киім. (Тон).
Аяқ-киімнің табанынан салатын қалың қатты былғары. (Ұлтан).
Аң терісінен жасалып, суықта киетін бас киім. (Тымақ).
Уықтарды жабатын киіз қалай аталады. (Үзік).
Кереге басы мен шаңырақты ұстастыратын сүйегі. (Уық).
 
Адасқан әріптердің орнын тап.
Мәдениет- д е т м ә и н ғ
Шаңырақ- қ а ң ш ы р т и
Босаға- ғ с а о б т қ
Сәукеле- ш у л с к е л и д
Тақия- о қ я ш т у а г и
 
Терминдік сөздермен жұмыс.
Наркескен
Сапы
Селебе
Саба
Торсық- қымыз сусын құятын ыдыс.
Күбі- айран пісетін ыдыс.
 
 
Кестемен жұмыс.
Киіз үйдің құрлысы Ұлттық киімдер Қол-өнер бұйымдары Ұй-жиһаздары
       
 
 
 
Мақал-мәтел сайысы.
Дана қазақ халқымыз әр сөзінің түбінде астары мәні бар.
Мақал сөздің мәйегі даналық сөзден дәм ізде дегендей
(балалар мақал-мәтелдер айтады)
Біздің, яғни Қазақ халқының мәдениеті өте бай, құнды оны бір сабақта айтып түсіндіру мүмкін емес.
Енді сабағымызды қортындылау барысында тақырып соңындағы сұрақтарға назар аударайық.
Киіз үйдің құрылысын айтып бер.
Киіз үйдің қандай түрлерін білесің.
Қазақтар теріден, ағаштан қандай ыдыс аяқтар, бұйымдар жасаған.
Қазақтың қандай ұлттық киімдерін білесің.
Қазақтың ұсталық өнері туралы не білесін? Өздерің тұратын жерде ұсталар бар ма?
Үйге тапсырма.
1. Қазақ халқының материалдық мәдениеті энциклопедиясынан қосымша термин сөздер жазып келу.
2. Ұлттық тағамдар туралы зерттеу.
3. Шағын эссе құрастыру.