Квадратты? функция 8 сынып


М. Б. Ықсанов атындағы №36 орта жалпы білім беретін мектеп

Сабақтың тақырыбы:
(қалалық ашық сабақ)
8. «А» класс

Өткізген: математика пәні мұғалімі
Чожикова А.
Орал - 2017ж.
Сабақтың тақырыбы: Квадраттық функция
Сабақтың мақсаты:эКвадраттық функция және жалпы функция туралы білімдерін пысықтау, жинақтау, теориялық білімдерін шыңдау және есептер шығаруда іскерлікпен қолдана білуге үйрету;2. Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, шапшаң, тез есептеуге үйрету;3. Жауапкершілік, табандылық, тәртіптілік және тағы басқа тұлғалық қасиеттерін пайдалана отырып, пәнге деген қызығушылығын ояту.Сабақтың типі: пысықтау сабағы
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс мен тәсілі: деңгейлі тапсырмалар топтық және жеке жұмыс
Құрал жабдықтары:белсенді тақта, слайд оқулық
Сабақ барысыІ. 1.Ұйымдастыру Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
2. Үй тапсырмасын тексеру( слайдта көрсетілген жауаптар бойынша бір-бірінің үй тапсырмасын тексеру) жұптық . № 401 А(-1;2),В(2;8)өтеді С(0;3), Д(1;4) өтпейді
№ 403 (-2;9), (-1;2), (0;-1), (1,5;2), (2;5)
3.Қызығушылықты ояту: «Сен білесің бе?»
Сұрақ жауап арқылы өткен тақырыпты пысықтау.
1.Функция дегеніміз....
Функция-
2. График деп....
Абсцисасы - аргументтің мәндеріне, ал ординатасы функцияныңсәйкес мәндеріне тең координаталық жазықтықтың барлық нүктелер жиыны.
3. Функцияның берілу тәсілдері. (Формула, кесте, график)
4.Функцияны нөлге айналдыратын аргументтің мәні. [Нөлдері].
5. Қандай функцияны квадраттық функция деп атайды? (у=ах2+вх+с, ( а≠0))
6.Парабола төбесінің координаталары қандай формуламен табылады?
х0=-в2а у0=4ас-в24а7. Берілген функциялардың ішінен квадраттық функцияны табыңдар.
1) у=8х2-5х5-3 2) у=-2х2+3х3+2 3) у=2х+55 4) у=2х2+4х-2
ІІ. 1. Оқулықпен жұмыс №404 (1,2,3,4) №405(4), №409 (1,2,3), №416
Тақтада жеке тапсырма
№1 Функцияның ең кіші мәнін табу керек. у=х2+2х+7
№2 Функцияның ең үлкен мәнін табу керек. у=-2х2-2х+3
2.Тарихи мәлімет (оқушылардың өз беттерімен дайындық тапсырмалары реферат
1. Квадраттық функция графигін өмірмен байланыстыра айтып слайд бойынша
Графиктің қазақша баламасы «График» - грекше сөз, ол қазақша «сызылған» деген мағынаны білдіреді. Парабола (грекше - қосымша) деген мағынаны білдіреді. Тік дөңгелек конустың төбесінен өтпейтін және конустың кез келген жанама жазықтықпен қиылысуынан пайда болатын сызық. «Парабола» ғылыми атауын б. з. д. 200 жылдары Пергтік Апполлонии (б. з. д. 260 - 170) енгізген
2.Функцияның ғылымға енуі және қазақша баламасыФункция латынша - орындау, іске асыру деген мағынаны білдіреді. Функцияның ғылыми атауы 1692 жылы неміс математигі Готфрид Лейбництің (1646 - 1716) еңбектерінде аталған. 1718 жылы швейцар математигі Иоганн Бернулли (1667 - 1748) «Функция - айнымалылар мен тұрақтылардан құрылған шама»- деп тұжырымдаған
3. 16 ғасырда үшінші және төртінші дәрежелі теңдеулерді шешуде итальян математиктері Н.Тарталья, А.Фиоре, Д.Кардано және т.б. көп үлес қосқан. 1535 жылы А.Фиоре мен Н.Тарталья арасында ғылыми жұмыстарына байланысты пікірлерінде әртүрлі көзқарастар туындаған. Өз жұмыстарын дәлелдеу мақсатында Тарталья Фиоренің берген 30 есебін 2сағат 30 минут ішінде шығарып берсе, ал Фиоре, Тартальяның берген есептерінің бірінде орындай алмаған екен.
4. Шығармашылық жұмыс
PIZA есебі оқушылардың ойлау қабілетін дамыту


Сәйкестендіру тест:
Квадраттық функция мен төбесінің координатасын арасындағы сәйкестікті тап:
І нұсқа
у=3х2-12х+10(16;-2512)
у=-х2+4х+5 (2;-2)
у=3х2 –х-2 (2;9)

ІІ нұсқа
у=3-2х-х2(-1;6)
у=-2х2+8х-5 (2;3)
у=-4х2-8х+2 (-1;4)
Бағалау парағы әр топ жетекшісіне беріледі.
( _____ТОП Тақырыбы: Квадраттық функция
5-10 балл - «3», 11-16 балл –«4», 17-22 балл- «5»,
№ Оқушының
аты-жөні Тапсырмалар түрі Ұпай
1. «Білу» Үй тапсырмасы: № 401,403
Орындалса – 2 балл, қате – 1 балл, орындалмаса – 0 балл «Білу» Сұрақ жауап
1.Функция дегеніміз....
2. График деп....
3. Функцияның берілу тәсілдері.
4.Функцияны нөлге айналдыратын аргументтің мәні.
5. Қандай функцияны квадраттық функция деп атайды?
6.Парабола төбесінің координаталары қандай формуламен табылады?
7. Берілген функциялардың ішінен квадраттық функцияны табыңдар.
1) у=8х2-5х5-3 2) у=-2х2+3х3+2 3) у=2х+55
4) у=2х2+4х-2
Дұрыс жауап – 1 балл 2. «Қолдану», «Талдау»
А. №404 (1,2,3,4) , №405(4), 1 балл
В. №409 (1,2,3), 2 балл
С. №416 3 балл
Қосымша № 1, №2 2 балл
3. «Жинақтау» тапсырмалары
№1. PIZA 3 балл
Тарихи дерек 1- 2 балл,
4. «Жинақтау»
Сәйкестендіру тест: 3 тапсырма
3 дұрыс-2 балл, 2 дұрыс -1 балл 6. «Баға беру» Өмірдегі қолданысы 1 балл
7. Барлық ұпай саны
8. Оқушы бағасы 9. Мұғалім бағасы Кері байланыс:
1. Бүгіңгі сабақты қандай жетістікке жеттің?
2. Сабақ барысында қиындық туған сәттерің қандай?
Сабақты қорытындылау, бағалау.
Үйге тапсырма п.1,1 №411,419