Класс са?аты»«Жігіт с?лтаны»


“Жігіттің сұлтаны”
(Сайыс-байқау)
1-бастаушы: Құрметті қауым! Сіздерді “Жігіт сұлтаны” сайысын тамашалауға шақырамыз.
2-жүргізуші:Береке де осында,
Мереке де осында.Болып жатыр той-думанҚырандардың қосында.
1-жүргізуші:Асқақтаған ән дайын,
Күмбірлеген күй дайын.
Ал, кәнекей, қырандар!
Босқа қарап тұрмаңдар!
Бастап жігіт өнерін,
алыстарға самғаңдар!
2-жүргізуші: Құрметті көрермен қауым! Енді сайысқа түсетін жігіттерді қол шапалақтап, қошаметтеп ортаға шақырайық.
1-жүргізуші:Сайысқа қатысушы жігіттер көпшілікпен сәлемдесіп, өздерін таныстырады. Жігіт сұлтанының бойында қандай қасиеттер болуы керек деп ойлайсың деген сұраққа жауап береді.
2-жүргізуші:Ей жігіттер!
Сендерге артар міндет көп.
Көтер биік ата салтын құрметтепАқтай білсең ата-баба үмітінӘрбір сөзі – тәлімі мол бір мектеп.
Сұрақтар:Нөмірленген асықтардағы сұрақтарға жауап беру.
№1 асық.Мал жіліктерінің атауын айт.
І. Қол жіліктері: 6
1.Кәрі жілік – 2
2.Күң жілік – 2
3.Жауырын – 2
ІІ. Сан жіліктері: 6
1.Асықты жілік – 2
2.Тоқпан жілік – 2
3.Жамбас – 2
№2 асық. Қонаққа ет тарту рәсімі қалай?
1.Құда табақ: бас, жамбас2.Күйеу табақ: төс т.б.
№3 асық.Төрт түлік мал пірінің аталуы қалай?
1.Түйе – Ойсылқара2.Жылқы – Қамбар ата3.Қой – Шопан ата4.Ешкі – Шек-Шек ата5.Сиыр – Зеңгі баба
№4 асық. Қазақша ай аттарының аталуын айту керек.
1.Қаңтар7. Шілде2.Ақпан8. Тамыз3.Наурыз9. Қыркүйек4.Сәуір10. Қазан5.Мамыр11. Қараша6.Маусым12. Желтоқсан№5 асық. Төрт түлік мал төлдерінің аталуы қандай?
І. Жылқы - құлын
ІІ. Сиыр - бұзау
ІІІ. Қой – қозыІҮ. Ешкі – лақ
№6 асық. Жыртқыш құстардың атын ата.
Бүркіт, лашын, қыран, қырғи.
№7 асық. Қазақ халқының салт-дәстүр,
той-томалақтарын атап шық, біреуін түсіндір.
Бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесер, сүндетке отырғызу, беташар, көкпар, той бастар.
№8 асық. Аттың ер-тұмандарына нелер жатады?
Жүген, ішкілік, тоқым, ер, үзеңгі, аткөрпе, тартпа, қамшы.
1-жүргізуші:Әділ қазылар алқасы жігіттердің ұпайын шығарғанша кезекті әнге берейік.
(Ән орындалады)
2-жүргізуші:Қыран-бүркіт көтерер ердің нарқын,
Қыран жігіт асырар елдің даңқын!-демекші, енді жігіттерміздің өнерін тамашалайық.
(Әрқайсысы өз өнерін көрсетеді)
1-жүргізуші:Ат өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай.
Ер өнері білінбес,
Қоян қолтық алыспай, - демекші, енді жігіттеріміздің спорттық жарыстардағы өнерлерін көрейік.
1.Салмақ тасын көтеру.
2.Мойын арқан тартпақ.
3.Білек күшін сынау.
2-жүргізуші:Жігіттер, жаман істі кәсіп етпе,
Досыңды бірге жүрген басып өтпе,
Басыңа әлдеқандай іс түскенде.
Келесі кезекті тағы да әнге берейік.
(Ән орындалады)
1-жүргізуші:Жылдар-жылдар тарихтың мол беттері,
Сен әкелген жақсылықтар көп тегі.
Көңіліңді шат сезімге баурайды,
Халқымыздың бүгіні мен өткені.
(Тарихи тұлғалар, ескі ұғымдар туралы сұрақтарға жауап беру)
Сұрақтар: Асықтар арқылы жауап береді.
№1 асық.Қазақ халқының тарихында қандай хандар, батырлар, билер, шешендер өткен?
Хандар:Абылай, Әбілхайыр, Тәуке, Жәңгір т.б.
Батырлар:Сыпатай, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай т.б.
Шешендер:Жиренше, Бөлтірік т.б.
Билер:Қаз дауысты Қазыбек, Төле би, Әйтеке би т.б.
№2 асық.Үш ұғым туралы сұрақтар1.Үш жүз: Ұлы, Орта, Кіші2.Үш арсыз: Ұйқы, тамақ, күлкі3.Үш даусыз: Мінез, кәрілік, ажал№3 асық.Жеті атаны талдап беру.
Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.
№4 асық. 5 асыл мен 5 дұшпанды ата.
Бес асыл мыналар: талап, еңбек, терең ой,
қанағат ету, рақым жасау.
Бес дұшпан мыналар: өсек, өтірік, мақтаншақ,
еріншек, бекер мал шашпақ.
№5 асық. Ұлттық ойындардың түрлерін атап шық.
Ақсүйек, асау үйрету, арқан тарту, тымпи,
сақина салу т.б.
Жүргізуші: “Жеті атасын білмеген жетесіз” – деп халқымыз айтпақшы, кешіміздің соңында біздің қыран жігіттеріміз өздерінің жеті аталарын атап, дастарханымызға бата берсін!
(Сайыс соңы концерттік бағдарламаға ұласады)