Инновациялы? технологияларды? бірі «Сын т?р?ысынан ойлау ж?не жазу» технологиясын тарих саба?ында ?олдану жолдары


Абубакирова Сара Манарбековна
Жезқазған қаласы №1 орта мектеп
Инновациялық технологиялардың бірі «Сын тұрғысынан ойлау және жазу» технологиясын тарих сабағында қолдану жолдары
Ортақол ұстаз – баяндайды, жақсы ұстаз – түсіндіреді, көрнекті ұстаз – көрсетеді, ұлы ұстаз шабыттандырады.
Білім беру мен тәрбиелеу - оқытудың үздіксіз үрдісі екендігі заңды нәрсе. Бұл үрдістегі басты тұлға-мұғалім. Ұлт зиялылардың бірі Ахмет Байтұрсынов ХХ ғасырдың басында «Ең әуелі мектепке керегі-білімді, педагогика мен методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім» деген екен. ХХ ғасырдың басында айтылса да бұл сөз бүгінгі күні де маңызын жойған жоқ. Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты жолдауында "Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор. Біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу" деп айтқан болатын.
Инновациялық технологиялар қатарына Кембридж университетімен бірлесе жасаған бағдарламасы жатады. Мұнда жеті модуль қарастырылған. Солардың бірі сыни тұрғыдан ойлау мен жазу технологиясы (СТО).
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі зерттеуші, ғалымдар Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады. Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.
“Сын тұрғысынан ойлау” ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар. Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғарғы сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Оған осы жобамен жұмыс жасау барысында көз жеткіздік.Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар.
Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді.
Баланың сезіміне әсер етпей, санасына жеткізбей, оған терең білімді меңгерту мүмкін емес. ХХ ғасыр басында Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан табатын өнер», - деген екен. Мен өз сабақтарымда жаңа педагогикалық әдістердің ішінен сын тұрғысынан ойлау әдісін пайдаланып жүрмін. Сыни тұрғыдан жазу және ойлау технологиясы тарих сабағына өте тиімді, әрі қолайлы. Мысалға алатын болсақ, “Топтау”, “Түртіп алу”, “Ойлану”, “Жұпта талқылау”,“Болжау”,“Әлемді шарлау”, "Венн диаграммасы", "Кубизм","Инсерт","Бес жолды өлең","Жолаушының қойын дәптері", "ДЖИГСО", "Автор орындығы" және тағы басқа да стратегиялар тарих сабағында жиі қолдануға болатын әдістер. Сабақта оқушыларды топқа бөлу оқушының ойлануына, шығармашылық тапсырмалар орындауына мүмкіндік беріледі. Топтық, жұптық жұмыс кезінде сыни тұрғыдан жазу және ойлау стратегиясын дәстүрлі сабақпен салыстырғанда жұмыс кезінде оқушылар бір-біріне өз білгендерін түсіндіреді, топта талқылайды. Жоғарыдағы стратегияның элементтерін сабақта пайдалану барысында күтілетін нәтижесінде оқушылардың өз ойын тұжырымдай келе өз көзқарасы қалыптасады, ортақ пікірге келеді, ойды сараптайды, шығармашылық қабілеті оянады, практикалық іс-әрекетте болып, белсенділік танытады, басқаларды тыңдай біледі, білім, іскерлік, дағды қалыптасады, өзін-өзі және өзгені де бағалайды, көпшілік алдында өз ойын айта алады. Осыдан барып оқушының сөздік қоры молайып, бір-бірімен пікір алмасып, еркін сөйлеу дағдысы қалыптасады. Выготскийдің оқытудағы сөздің, сөйлеудің негізгі рөлі туралы пікірі эмпириялық зерттеуде қолдау тапқанын айтса, Барнс сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтады. СТО технологиясын жүзеге асыруда сабақтың үш кезеңі басшылыққа алынады. Ол біріншіден, қызығушылығын ояту, екінші, мағынаны тани білу, үшінші, ой толғаныс арқылы жүзеге асырылады. Әр сатының өз стратегияларының қолдану реті бар.
Жоба 60-қа жуық стратегиялардан тұрады. Солардың көпшілгін тарих сабағында қолданамын.
Джиксо – ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты – жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады.Әдісті қолдану төмендегіше ұйымдастырылады. Алдымен ұжым 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұл “жанұя” топтар деп аталады. Содан кейін 1, 2, 3, 4-ке санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4 өз алдына “жұмыс” тобын құрайды. Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі. 4 логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1-бөлігін 1-лер, 2-бөлігін 2 санын алғандар, 3, 4 нөмірлі топтарға оқуға тапсырылады.
Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға “жұмыс тобында” мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті “жанұя топ” оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының ыждағаттылығына байланысты екенін түсіндіру қажет. Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтарымен қайта табысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін-бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға үйренеді. ДЖИКСО стратегиясы мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін өте тиімді.
Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды. Сондай-ақ, мұғалімді, мектеп қызметкерлерін түсіну, оларға деген дұрыс көзқарасқа үйренеді.Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында V – "білемін”, ― - "мен үшін түсініксіз”, + - "мен үшін жаңа ақпарат”, ? – "мені таң қалдырады” белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады.
V білемін - білмеймін + жаңа ақпарат ? білгім келеді
INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну – күрделі жұмыс. Сондықтан да, оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.
Топтастыру. Қимақ бірлестігін топтастыру
эймур байандур
Қимақ бірлестігі

татар ланиқаз

ажлар имек
қыпшақ
Бес жолды өлеңді (cinquain) оқушылар ой толғаныс кезеңінде орындайды . «Сақ» сөзіне бес жолды өлең құрайды.
1.Сақ (зат есім) 2. Ержүрек, адал (екі сын есім) 3. Бөлінді, қорғады, күресті (үш етістік) 4. Сақ тайпасы жауынгер халық 5. Одақ (зат есімге синоним)
«Сауалнама-интервью» стратегиясы да жаңа білімді меңгертуге үлкен септігін тигізеді. «Сауалнама-интервью» стратегиясы бойынша өтілген тақырыпқа талдау, салыстыру, зерттеу жұмыстары бойынша оқушы білімін жинақы түрде қорытыныдылауға болады. Оқушыларды жеке тұлға ретінде ала отырып, олардың іс-әрекет түрлерін мақсатты қалыптастыру, өздік, дербес ізденуге баулимыз. әрбір оқушыны өз беттерімен көркем туындыны оқуға, талдауға, бағалауға жетелейміз.
РАФТ. Бұл стратегияны «кейіпкерге хат» деп алса да болады. Формасын түрлендіруге мүмкіндік бар: хат, хабарландыру, жеделхат, өтініш, бұйрық, жарнама. Оқушы жұмысқа кіріспес бұрын мәтіннің мазмұнын жетік түсінуге тырысады, ол үшін оны бірнеше қайтара оқып, сезінеді, рөлге енеді, ой елегінен өткізеді. Рафт оқушылардың тілін дамытады, қиялын өрбітеді, өз ойларын қағаз бетіне түсіру арқылы эссе жазуға жетелейді, ресми іс қағаздары жөнінде түсініктері қалыптаса түседі.
Жуан - жіңішке сұрақтар. Оқушылар тақырып бойынша жұмыс істей отырып, тақырып мазмұны бойынша өздері тың сұрақтар құрастырады. Бұл дегеніміз, оқудың барлық әдістерін меңгеру болып табылады. Өйткені, оқушы алдымен түсінуге тырысады, қойған сұрағына өзі жауап беруге дайын тұрады, басқа балалардың сұрақтарын мұқият тыңдап, сұрақ құрастырудың қиын жұмыс екенін біліп, ең үздік сұрақтарға ілтипат білдіреді.
Торлы талқылау стратегиясы. «Торлы талқылау» стратегиясы бойынша барлық оқушыларға пікір таластырып, өз ойларын дәлелдеуге: «Еліміздегі діни ағымдар» тақырыбында оқушылардың пікірлері дұрыс, қате, екі ойлы, пікірлерін топтарға бөлініп дәлелдеуге тапсырма берілді. Оқушылар үш топқа өз еріктерімен бөлініп, әр топтан бір спикерді таңдап, пікірлерін дәлелдеуге ортаға шығарды, спикерлер өз ойларын дәлелді мысалдармен қорғап, қоғам өміріндегі маңызды мәселені шешуге қатыса алатындықтарын көрсетті. Сабақтың барлық кезеңдерінде оқушылардың проблемаларды шешу, ақпараттық, коммуникативтік құзірет-тіліктерін қалыптастыру жұмыстары жүзеге асып жатқандығы көрінеді. Мақсаты: өз пікірін дәлелдеуге үйрету.
Аквариум стратегиясы. Тақтаға екі оқушы шығады да, ал қалған оқушылар оларға сұрақтар қояды. Екі оқушы қойылған сұраққа ақылдаса отырып жауап береді. Бұл стратегия үй жұмысын тексеру барысында немесе сабақты бекіту үшін қолдануға болады.
Кубизм стратегиясы. Берілген сақ тайпасы сөзіне кубиктің (текше) алты қыры бойынша (кубикті иіру арқылы) оқушылар тақырыпты жан-жақты әңгімелейді.
Зерттеңіз, ойыңызбен байланыстырыңыз
Саралаңыз
Қолданыңыз
Суреттеңіз
Салыстырыңыз
Талқылаңыз немесе қарсы шығыңыз
Еркін жазу. Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойына қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады. Оқушыларды алған білімдерін қорытуға, оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады.
Екі түрлі түсініктеме күнделігі
Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар:
Бөліктің оң жағына Сол жағына
Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазады. Сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп-салдары қандай, қандай сұрақ бар т.б.)
   
 
Әр оқушы мәтінмен танысып, күнделікті толтырып біткен соң жұпта, топта талқылау ұйымдастырады. Жұмыс аяқталған кезде мұғалім қорытуға арналған әзірлеп келген сұрақтарын қойып, жауаптар алады. Ол сұрақтар оқығанға баға беру, пікірін, көзқарасын білдіруге лайықталынып қойылғаны дұрыс. Мысалы: Сіздің ойыңызда не сақталып қалды? Кейіпкердің іс-әрекетін Сіз қалай бағалайсыз? т.б. түрінде.
«Шығу парағы» стратегиясы (рефлексия)1.Біз бүгінгі сабақта нені үйрендік?2.Қандай сұрақ бар?3.Пікіріңіз...
Венн диаграммасы
Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін объектілердің сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып, оқушылар қызыға толтырады, яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді.
Айырмашылығы
Ұқсастығы
Айырмашылығы
Қимақ қағанаты Ортақ белгілері Оғыз мемлекеті
Бұл әдіс те алдыңғы сияқты оқушыларды ұжым болып, жұмыс жасауға үйретеді. Ақпаратты өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды. Сөз астарын, құдіретін түсінуге бағыттайды. Сондай-ақ, әдістің тиімділігі – сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды, оқыған мәтінді түсіну, оны түсінікті етіп айтып беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы оқушының тілі дамиды.
Осыдан барып оқушы іс-әрекетінде төмендегі өзгерістер қалыптасады:
Бірлесіп жұмыс істеуге, шешім қабылдауға, өзі білмегенін үйренуге, білгенін ортаға салуға үйренеді;
Ұжымдық, жұптық, топтық жұмыс істеу дағдылары қалыптаса бастайды;
Білімді өз бетінше іздеуге, салыстыра болжауға, ойын еркін жеткізе білуге дағдыланады;
Оқушылар сабақтың басынан бастап білімді игеруге белсене кіріседі, қызығушылығы артады;
Сабаққа енжар қатысып отырған оқушыларда ерекше белсенділік пайда болады;
Жеке дара жұмыс жасау ізденетін оқушылар шешуші бір мақсатқа, нәтижеге жететіндігін түсінеді
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет».
Әдебиеттер тізімі:
ҚР жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курсының бағдарламасы бойынша мұғалімдерге арналған нұсқаулық үшінші (негізгі) деңгей,
8 б,2012ж.
Мирсеитова С. Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде: оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту нысандары менәдістері: /Қазақстан Оқу Ассоциациясы. – Қарағанды: 2011 – «Кәсіби даму мектебі» сериясы, 34 – б.
3. Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері. – А.: Білім, 2008.