Жобалалу технологиясын саба? барысында ?олдану ар?ылы студентті? коммуникативтік ??зіреттілігін арттыру


М.Тынышпаев ат. Қазақ көлік және
коммуникациялар академиясы Ақмола колледжі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
оқытушысы Досман Сания Нағмедханқызы
«Жобалалу технологиясын сабақ барысында қолдану арқылы студенттің коммуникативтік құзіреттілігін арттыру»
Бүгінгі қоғамның оқытушыларының алдына қойып отырған басты міндеті, артар жүгі – сапалы білім берумен қатар жан-жақты дамыған, өзіндік ой-пікірі қалыптасқан, өмірде ойын жүзеге асыра алатын тұлға қалыптастыру. Тұлға қалыптастыруда – оның тәні мен жанын қатар дамыту, танымдық қызығушылығын дамытудың әдіс-тәсілдерін іздеу, анықтау, жүйелеу, қолдану.
Ұрпаққа білім берудің басты мақсаты – жас толқынның қабілеті мен қызығушылығына қарай кәсіби әрекетті игеруіне, белгілі бір мамандықтың иесі болуына жағдай жасау, мүмкіндік беру. Ал өз кезегінде сол білім әр адамның өзін-өзі тануының, маман ретінде қалыптасуының, өзін-өзі көрсете білуінің, яғни ішкі мүмкіншілігі мен тұлғалық қабілеттерінің ашылуының құралы болып табылады. Отандық тәжірибеге зер сала қарағанда, болашақ студентке шынайы білім беру бағытындағы ең мәнді қадам деп олардың өздігінен ізденуіне, алған білімін нақты тәжірибеде қолдануына жол ашатын жаңа жүйенің мүмкіндіктеріне лайық жаңа технологиялардың да белсенді түрде енгізіле бастағанын айтуға болады.
1965 жылдан бері қарай жобалау әдісі халықаралық деңгейде қолданыла бастады. Бұл әдіске қайта оралудың басты себебін ғалымдар «мәселені оның дамуында қарастыруға мүмкіндік беретіндігімен» байланыстырады, яғни білім алушылар нақты мәселені шешу үшін әрекет үстінде бірнеше рет теорияға үңіледі, соның нәтижесінде өз ісінің қалай орындалғанын бағалай алады, өз қолдарымен жасалған іс оларға қанағаттанарлық, өзіне сенімділік әкеледі. Ғалымдар бұл технологияның осы артықшылықтарына үлкен мән берген. В.Килпатрик жобалау әдісін «от души выполняемый замысел» деп түсінді. Оның ойынша, оқу әрекеттері оқытушының қатысуынсыз орындалуы тиіс. Сонда білім алушы өз әрекетінің нәтижесін көріп, өзінің қабілетін бағалай алады деп тұжырымдайды. Ал Д.Дьюи білім алушының әрекеті мұғаліммен бірлескен әрекет болуын талап етті. Өйткені білім алушының әрекетті аяғына дейін орындауына толық білімі жетпеуі мүмкін, ол үшін мұғалім әрекетті орындаудың алдында білім алушының барлық ойлау әрекеті сатысынан өтуін қамтамасыз етуі тиіс деген пікір айтады.
Жобалау әдісін қолдану арқылы тұлғаның өз бетімен даму әрекетін ұйымдастыру үшін зерттеушілік, жобаның жіктелуі, шығармашылық, ізденушілік, болжалдық әдістерді қолдану.
Жоба дегеніміз – алға, болашаққа талпыныс, ұмтылыс деген сөз. Басқаша айтқанда, бір нәрсені қалпына келтіру жос- пары, ізденім арқылы іс-қимылдың нәтижесіне жетудегі әрекеттер жүйесін білдіреді. Қазіргі заманғы әдістеме ғылымында жоба туралы әр түрлі түсінік бар. Атап айтқанда, зерттеушілердің айтуынша, бұл - жобалау арқылы белгілі бір ойды жеткізу деп түсіндірілсе, екінші бір ғалымдар оны зерттеу жұмысының мәселелігін шешетін, нәтижесін түйіндеуге арналған ғылыми дәлелдеме ретінде бағалайды. Ал үшінші бір бағыттағы зерттеулерде жоба ұзақ мерзімге арналған жоспарлы жұмыстың бір бөлігі деп саналады. Жобалай оқыту технологиясы элементтерінің қазақ тілін өзгетілділерге үйрету үдерісінде қолданылғандығын біз өткен ғасырдың 20-30 жылдардағы оқыту тәжірибелерінен де байқай аламыз. Алайда, өзгетілді ортада қазақ тілін оқыту мәселелері дедуктивтік мәселелерден гөрі, жекелеген, яғни индуктивтік тақырыптар тұрғысынан қарастырылып келгендіктен, бұл әдіс ар- қылы оқыту жылдар бойы белсенді әдіс ретінде танылмағанымен, өз мәнін жойған жоқ. Бұл технологияның осынша уақыт аралығында өз мәнін жоймауының себебі неде? Бұл себептер осы технологияның негізін ашу және оны оқыту үрдісіне енгізудің өзектілігін айқындауға мүмкіндік берді. Жобалай оқыту технологиясының өзектілігін мынадай факторлар анықтайды:
біріншіден, студенттердің қазақша мәтінді өз бетімен оқып, соның негізінде қатысымға түсетіндей қабілетке ие болу, өз ойын тыңдаушысына түсінікті етіп жеткізе білу әрекетін ұйымдастыруға мүмкіндік жасайтындығымен;
екіншіден, берілген тапсырмаларды орындау мақсатында шығармашылық белсенділік танытуына, өздігінен ізденуіне, соның негізінде сөздік қорын дамытуға, молайтуға мүмкіндік жасайтындығымен;
үшіншіден, жобалай оқыту әдісін технологиялық жүйе ретінде кең тұрғыдан қолдану мәселесін ғылыми және практи- калық тұрғыдан зерттеу жалпы қазақ тілін жекелеген әдістердің жиынтығы түрінде емес, белгілі бір тұтас жүйе түрінде оқыту арқылы сапалы білім беру мүмкіншілігінің молдығымен ерекшеленеді.
Қазақ тілінен жобалай оқыту технологиясын қолдану барысында сапалы білім беру мақсатының моделі
Қазақ тілінен жобалай оқыту технологиясын қолдану барысында сапалы білім беру МАҚСАТЫ

Қазақ тілінен жобалай оқыту технологиясын қолдану барысында сапалы білім беру МАҚСАТЫНДА қазақ тілін меңгеру сапасы туралы қоғамның, студенттің, оқытушылардың көзқарастарының бір арнаға тоғысатындай анық болуы


Қазақ тілінен жобалай оқыту технологиясын қолдану барысында сапалы білім беру МАҚСАТЫНЫҢ жүйелік-қағидалық маңызы
Қазақ тілінен жобалай оқыту технологиясын қолдану барысында сапалы білім беру МАҚСАТЫНЫҢ жүйелік-қағидалық маңызы


Қазақ тілінен жобалай оқыту технологиясын қолдану барысында сапалы білім беру МАҚСАТЫНЫҢ қоғамдық-әлеуметтік маңызы
Қазақ тілінен жобалай оқыту технологиясын қолдану барысында сапалы білім беру МАҚСАТЫНЫҢ анық болуының қазақ тілін оқыту жүйесін ұйымдастырушы қызметі



Қазақ тілінен жобалай оқыту технологиясын қолдану барысында сапалы білім беру МАҚСАТЫНЫҢ нақты нәтижелерге қол жеткізе алатындай жолда құрылуы
Қазақ тілінен жобалай оқыту технологиясын қолдану барысында сапалы білім беру МАҚСАТЫНЫҢ қазақ тілін мемлекеттік тіл мәртебесінде оқытуда ұйымдастырушылық қуаты болуы

Қазақ тілінен жобалай оқыту технологиясын қолдану барысында сапалы білім беру МАҚСАТЫНДА қазақ тілін меңгеру сапасы туралы қоғамның, студенттің, оқытушылардың көзқарастарының бір арнаға тоғысатындай анық болуы

Білім беру мен ақпараттық кеңістіктің кеңеюі, адам білімі көлемінің тез өсуі – болашақ маманның, сондай-ақ педагогтың кәсіби әрекеттерге деген дайындығына қатысты көзқарастарды өзгертуге әкеледі. Ал кәсіби құзыреттіліктің негізі саналатын коммуникативтік құзыреттілік десек, ол бүгінгі күні осындай дайындықтың көрсеткіші болып табылады. Коммуникативтік құзыреттілігі қалыптасқан болашақ мамандар кәсіби мәселелерді өздігінен әрі табысты түрде шешуге ықпал ететін кәсіби білімдерді игерген, шеберліктер мен қарым-қатынас жасаудағы жеке қасиеттерді бойына сіңірген, ақпараттық технологияларды меңгерген өздігінен, кәсіби жетілуге дайын, өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі жүзеге асыруға ынталы тұлға болуы тиіс.
Кәсіби құзыреттілік негізгі, базалық және арнайы құзыреттілікте байқалады. Негізгі құзыреттіліктер – бұл қазіргі заман болмысында кез келген маманның табысты әрекеттеріне қажетті жалпы кәсіби құзыреттіліктер. Негізгі құзыреттіліктер құрамына мыналар жатады: тұжырымдамалық, 39 аспаптық, құнды-этикалық, кіріктірілген, контекстік, бейімделмелік, коммуникативтік.
Коммуникативтік құзыреттілік – адамға, қоғамдағы өмір ережелері мен тәртіптерін нақты орындауға мүмкіндік беретін коммуникативтік шеберлік. «Компетенция» термині (латын тілінен аударғанда «сәйкестік») құзырлы тұлға білім мен тәжірибені игерген сұрақтар жиынтығы дегенді білдіреді. Коммуникативтік құзыреттілік:
- нақты өмір жағдайында өзінің міндеттерін шешу үшін ауызша және жазбаша түрлі байланыс құралдарын қолдануға;
- әдіскер-ғалымдардың анықтамаларын, идеяларын талдауға;
- әдептілік талаптарына сәйкес өзіндік пікірін білдіруге;
- өз пікірін айта білуге, оның ішінде басқа да пікірлермен келісе білу, қарым- қатынас диалогына түсе отырып, жанжалдық ахуалдарды шешуді жүзеге асыруға;
- жалпы нәтижеге қол жеткізу үшін түрлі оқытушымен, білім алушылармен топта қарым-қатынас құруғамүмкіндік береді.
Өз іс-тәжірибемде студенттердің коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру мен дамыту жолдарын қарастырамын. Осы мақсаттарға жету үшін өз жұмысымда қазіргі заманға сай сабақтарды өткіземін, өйткені заманауи сабақ — студенттің қандай да бір құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған.
Өз сабақтарымда құзыреттілік тапсырмаларды қолданып жүрмін:
жазбаша қатынас
мәтіннің желісі бойынша өз пікіріңді білдір
диалог құру
өнімді топтық қатынас
мәтіндердің мазмұнын өз өміріңмен байланыстырып айт.
Қорыта келгенде өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретуде коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыру — заман талабы. Сондықтан болашақ мамандарымыз жаңа заман талабына сай білімді, жан-жақты, қазақ тілінде өзіндік ой-толғамын жеткізе алатын, кез келген адаммен тілдік қарым- қатынасқа түсе алатын, коммуникабельді, мәдениетті, өмірге икемделген тұлға болуы үшін оның бойында коммуникативтік құзыреттілікті дамыту оқытушының қолында.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Дьюи Дж. Демократия и образование. / Пер. c англ. – М.: Пе- дагогика-Пресс, 2000. – 384 с.
Сатбекова А.А. Қазақ тілін оқыту әдістемесі және жобалау технологиясы: Оқу құралы. – Алматы. 2013