География саба?ында заманауи ?дістемелер мен тиімді педагогикалы? технологияларды ендіруді? тиімділігі.


«Педагогтің кәсіби құзыреттілігі – білім сапасын көтерудің факторы» тақырыбындағы облыстық педагогикалық оқуға қатысуға сұраныс
1. Автордың аты-жөні Мейраш Айгул Кенесқызы
2. Жұмыс орны Кентау қаласы,Ататүрік атындағы№4 мектеп-лицейі
3. Қызметі География пәнінің мұғалімі
4. Лауазымы Педагог
5. Жұмыс бағыты №2-секция- «Жаратылыстану бағытындағы пәндер» Білім беруге заманауи әдістемелер мен тиімді педагогикалық технологияларды ендіру.
6. Мақаланың атауы Баяндама тақырыбы: География сабағына заманауи әдістемелер мен тиімді педагогикалық технологияларды ендірудің тиімділігі.
7. Байланыс телефоны 8-771-758-20-03; 3-28-90
8. Е-mail mieirash01@mail.ru
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған облыстық педагогикалық оқулар
«Педагогтің кәсіби құзыреттілігі – білім сапасын көтерудің факторы»
МЕЙРАШ АЙГҮЛ КЕНЕСҚЫЗЫ
Ататүрік атындағы №4 мектеп-лицейі
География пәнінің мұғалімі
Мазмұны
Кіріспе...................................................................................................1
І. Негізгі бөлім......................................................................................2-3
ІІ.Қорытынды.......................................................................................4
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................5
Қосымша ..............................................................................................6-8
География сабағына заманауи әдістемелер мен тиімді педагогикалық технологияларды ендірудің тиімділігі.
Білім беру жүйеcінің зaмaнaуи тaлaптaрғa cәйкеc мaқcaты – әлемдік дaму көшіне ілеcе aлaтын, бәcекеге қaбілетті мaмaндaр дaйындaу бoлып oтыр. Бұл oрaйдa бoлaшaқ мaмaндық иелеріне бacты бaғыт беруші мектеп деп тaнылca, oндaғы бacты тұлғa мұғaлім. Қaрқынды дaмуғa өзіндік үлеc қocуғa ынтaлы мұғaлімнің шығaрмaшылығындaғы ерекшелік – caбaқтaрды түрлендіре oтырып, oқушының қaжеттілігін өтей aлуы [1].
Еліміздің білім саласындағы өзгерістер - оқыту мен оқудағы әдістердің инновациясы, бүгінгі таңда өз нәтижесін көрсетуде. Oқушының сaбaқ үстінде тaнымдық іс әрекетiн бaғaлaудaғы бaсты мәcеле – білiм берудiң түрлі тиімдi жoлдaрын қaрaстырып, oқыту прoцесiн нәтижелi ұйымдaстыpу. Сын тұрғысынан ойлау модулін қолдануды дамыту - білім беру жүйесінде маңызды болып табылатын педагогикалық әдістің бірі және ең маңыздысы екендігі уақыт талабы. Оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға баулу үшін, ойлау дағдыларын дағдыларын жетілдіру үшін, сын тұрғысынан ойлау үдерісі қамтитын тиісті ақпаратты жинау және ауқымды тәжірибеге негізделген болжамдар мен ұсыныстарды зерделеу мәселесіне ерекше мән беру керек [2].
Макэлпайн мен Рид ұсынған дарынды және талантты оқушылардың мінез-құлықтарының сипаттамасына сәйкес, креативті ойлай алатын, ерекше идеялары бар, қиялы дамыған, жаңалық ойлап табуға бейім, өз бетінше жұмыс жасай алатын оқушыларды жаратылыстану пәндері саласында зерттеу жұмыстарын жүргізуге, ғылыми жобалар жасауға үйрету педагогикалық қызмет нысандарының бірі [4].
Табысты оқыту мен құзырлы мұғалім бола білуде мұғалімнің оқытудағы тәжірибелік дағдылары – түсіндіре білудің техникалық, тәжірибелік дағдыларының қалыптасуында педагогика саласымен қатар пәндік салада да зерттеу жұмыстарымен айналысудың маңызы үлкен. Мұғалімдер оқушылармен бірлесе отырып пәндік білімге негізделген ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысу барысында, сол жұмыстарды жүргізу қажеттілігін, практикалық маңызын, тақырыптың өзектілігін дәлелдеу үшін және нәтиженің маңызды ақпарат көзі болуын қамтамасыз ету үшін бірқатар жағдаяттық талдаулар (кейс) жасай отырып, өз тәжірибесінен білім жетілдіреді [3].
Оқушымен сыныптан тыс зерттеу жұмысымен айналысқанда олардың жас ерекшеліктеріне байланысты қалай ойлайтынын бақылайды, олардың идеяларының негізін, білім деңгейінің тақырып таңдаудағы маңызын біледі.
География, химия пәндері нақтылықты талап ететін жаратылыстану пәндері болғандықтан, бұл салада ғылыми жоба дайындау үздіксіз ізденіс пен табандылықты қажет етеді. Мектеп бағдарламасында қамтылмаған, оқу стандарттарынан тыс материалдармен жұмыс жүргізу барысында оқушымен қатар мұғалімнің де пәндік білім бойынша да кәсіби біліктілігі жаңарып, ғылым мен техникадағы заманауи жаңалықтармен ақпараттанады. Оқушы сұранысына толық жауап тауып, дұрыс бағыттау үшін мұғалімнің тек пәндік ғылыми білімі ғана емес, сонымен бірге тәжірибеге негізделген педагогикалық шеберлігінің де өзіндік рөлі бар. Осы орайда мұғалімнің, Л.Выготский анықтаған жақын арадағы даму аймағы (ЖАДА) –оқушының өз бетімен қол жеткізе алмайтын оқу деңгейін қамтамасыз ететін «рефлексивті агент» рөлінде бола білуі өте маңызды [4].
Бүгінгі таңдағы оқыту үрдісі жаңа әдіс- тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді. Әр мұғалім өз іс- тәжірибесінде көптеген қиындықтармен, кедергілермен кездеседі. Ол заман көшіне ілесу үшін өз білімін жетілдіріп отыруы қажет.Мен 2013- 2014 оқу жылында ІІІ- деңгей бойынша 3 айлық курсты аяқтап, осы 7 модуль идеяларын басшылыққа ала отырып,әрбір сабағымда жүйелі әдіс тәсілдерді қолданып келемін.“Мұғалімге арналған нұсқаулықтан” білім берудегі Кембридж бағдарламасының негізін оқып, таныса отырып, оқытудың жаңаша әдіс- тәсілдері - 7 модульді практикалық түрде қолдану арқылы оның артықшылықтарына көз жеткіздім.
Мысалы: 1.Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер – Джигсо әдісі,Өкіл әдісі. Мұнда оқушылар топтық және жұптық жұмыс жасауға мүмкіндік алады.Топтық және жұптық жұмыстарда оқушылар бір-бірімен ой бөлісе отырып, өз ойларын ортаға салады.Ұжымдық атмосфера қалыптасады.
2. «Фишбоун» әдісі – Балықтың қаңқасы бейнеленеді. Оқушылар балықтың басына тақырыпты жазып қояды, ал үстіңгі қабырғаларына сұрақтар, астыңғы қабырғаларына жауаптарды жазады. Балықтың құйрығына түйінді ой жазады.Сонымен қатар «Блум түймедағы» әдісін де жиі қолданамын.
3. «дискуссиялық өрнек» кестесі – мұғалім үлестірмелерге тақырыпқа байланысты ойларды жазады да, жанына келісемін және келіспеймін деген сөздер жазып қояды. Әр оқушы келісетінін немесе келіспейтінін білдіріп,белгі қояды. Модерация әдісін де үнемі сабақтарымда қолданамын.Бұл әдістер оқушылардың өз ойын ашық білдіруіне мүмкіндік береді.
4. Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану.Бұл модульдің жалпы оқу процесінде алатын орны маңызды.Мысалы: «Кинометафора» әдісі.Өйткені оқушылар тек ауызша айтып қана қоймай, көзбен де көреді. Пәнге деген қызығушылықтары оянады.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.Ой толғаныс - Оқушылар оқыған тақырыптары бойынша 1 ұнаған және 1 ұнамаған сөйлемдерін дәптерлеріне жазып, олардың не себепті ұнағанын және не себепті ұнамағанын түсіндіреді.
Оқушылар өз пікірлерін, көзқарастарын еркін және ерікті білдіреді, сонымен қатар өз пікірін дәлелдей алуға үйренеді.Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйренеді.
Бұл оқушылардың жауапкершіліктерін арттырумен қатар, өзін- өзі бағалаулары үшін де тиімді болмақ.Жалпы айтқанда баланың тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік тудырады.
6. Оқытуды басқару және көшбасшылық – мұнда мұғалімнің алатын орны ерекше. Оқушыларға бағыт бағдар бере отырып, оларға дұрыс жолды таңдауға көмектесу.
7. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.Бұл жерде бағалаудың екі түрі жүргізіледі.Екі бағалау да оқушылардың ынтасын арттырары сөзсіз. Сабақтарда қолданылып жүрген қалыптастырушы бағалау әдістері, тапсырманы критерийлеудің де оқушының зерттеушілік қабілетін дамытуда өзіндік орын алады.
Біз қызмет атқаратын мектеп-лицейдегі басымдықтардың бірі сыни бағалауды қолдану болғандықтан, сабақтарда қолданылып жүрген қалыптастырушы бағалау әдістері, тапсырманы критерийлеудің де оқушының зерттеушілік қабілетін дамытуда өзіндік орын алады. Өз бетінше жұмыс жасай алатын эвристикалық деңгей тапсырмаларын жылдам орындайтын оқушылардың сынып үшін ықпалы болады. Олар құрдастарына түсіндіре отырып, өз білімдерін одан сайын нығайтатынын түсінедіДaрынды бaлaлaрдың шығaрмaшылық мүмкіндіктерін іc жүзінде көрcете білуге жaғдaй жacaу, жұмыc жүргізілу мaқcaты: жекелеген пәндер бoйыншa дaрынды oқушылaрды мектепішілік, қaлaлық, oблыcтық, Реcпубликaлық oлимпиaдaлaрғa қaтыcтыру, қaлaдa ұйымдacтырылғaн әр түрлі іc-шaрaлaрғa қaтыcтыру, білім деңгейлерін cынaу, бaйқaу. Оқу жылының бacындa ғылыми жұмыcтaрды негіздеу мaқcaтындa Қ.A.Яcaуи aтындaғы ХҚТУ және «Қaрaтaу» мемлекеттік қoрығымен 3 жылғa келіcім шaрт жacaлған. Қaзіргі тaңдa география, биoлoгия,химия caлacындa жocпaрлaнғaн ғылыми жұмыcтaрымыз oрындaлудa.
Сонымен, қоршаған орта мәселелеріне қатысты оқушыға бүгінгі таңда қажет нәрсесін іздестіруге, жас ерекшелігі мен базалық білім деңгейіне сәйкестендіріп, баланың қабілеті мен дарындылық сипаттарын ескере отырып, нақты тапсырмалар арқылы таңдаулы бағыт беру – мектепте қолданылып жүрген іс-тәжірибелерге инновация жасаудың бір саласы болатындығына көз жеткізуге болады. Бүгінгі таңда, еліміздегі білім беру саласында мектеп оқушыларын ғылыми зерттеу жұмыстарға баулу арқылы оқу жетістіктерін дамытуға мүмкіндіктер бар.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қaзaқстaн Республикaсындa білім беруді дaмытудың 2005-2010 жылдaрғa aрнaлғaн мемлекеттік бaғдaрлaмaсы // Aстaнa . 2004. 28-б
2.Б.A. Тұрғынбaевa. Мұғaлімнің шығaрмaшылық әлеуметін біліктілікті aрттыру жaғдaйындa дaмыту.: теoрия және тәжірибе // Aлмaты. 2005, 174-бет
3.К.Құдaйбергенoвa. Құзырлылық – тұлғa дaмуының сaпaлық критерий // «білім сaпaсын бaғaлaудың мәселелері: әдіснaмaлық негізі және прaктикaлық нәтижесі » aтты хaлықaрaлық ғылыми – прaктикaлық кoнференцияның мaтериaлдaры. 2008. 30- 32-б
4.ҚР педaгoг қызметкерлерінің біліктілігін aрттыру курстaрының бaғдaрлaмaсы.