Та?ырыбы: Білім беруге заманауи ?дістемелер мен тиімді педагогикалы? технологияларды ендіру



Оңтүстік Қазақстан облысы
Сайрам ауданы
№ 20 С. Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясы
Баяндама
«Педагогтің кәсіби құзырлігі- білім сапасын көтерудің факторы »

Орындаған :информатика пәні мұғалімі Аитова Карима.
Қабылдаған: АБББ әдіскері Сыздықова А.
Ақсукент 2016 ж

Кіріспе

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,
ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында »

Н.Ә. Назарбаев

        ХХІ ғасыр–ғылым мен жаңа технологияның жаңарту ресурсының дамыған кезі. Бүгінгі білім беру үрдісінде жаңа ақпараттық технологияны пайдалану және оны мақсатты түрде жүзеге асыру – ақпараттық қоғам дәуірінің негізгі көзі. Сонымен қатар сындарлы оқытудың пайдасы өте зор. Орта сынып оқушылары диалогқа түсіру арқылы сыни ойлауына және зерттей біліп, бір шешімге келе білулеріне ұстаздың шеберлігі жоғары болу керек.
Қазіргі кездегі білім беру саласындағы заман талабына сай инновациялық оқыту технологиялары мен оқытудың әр түрлі техникалық құралдары мен заманауи әдістерін қолдану арқылы келер ұрпаққа сапалы да саналы білім беру ұстаздардың басты мақсаты.
«Адамды бір нәрсені қайталауға үйреткеннен гөрі,оған жаңалық ашуға көмектескен жөн»
 Г. Галилей
Дамушы білім беру ортасы орта білім беру мазмұнын жаңарту ресурсы жүйесіндегі жаңа технологиялардың алатын орны, сабақта түрлі техниканы және оқушылардың қызығушылықтарын арттырудың заманауи интерактивті әдіс-тәсілдердің қолданудың тиімділігі мол.
Қазіргі заман мұғалімнен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық – психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман ағымына сәйкес білім беруде жаңалыққа жаны құмар,  шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.
Американ профессоры Дэвид Клустер «Сыни тұрғыдан ойлау–өзіндік, жеке ойлау. Ал сабақ сын тұрғысынан ойлау принциптеріне негізделетін болса, әркім өз ойлары мен пікірлерін, бағалауларын басқалардан тәуелсіз құратын болады. Біреу үшін біреу сыни ойлай алмайды, әркім барлығын өзі үшін жасайды. Ойлау өзіндік сипатқа ие болғанда ғана сыни тұрғыдан ойлағандық болып табылады. Өз бетінше жұмыс істеп, ең қиын деген мәселені өзі шеше алулары үшін оқушыларға жеткілікті түрде бостандық берілуі керек» деген екен. Сондықтан да мен оқушыларды ойландыратындай ашық сұрақтарды көбірек пайдаланғанды       жөн   көрдім.
Жалпы оқушыға сыни ойлау қажет пе? Әрине қажет, қазіргі заман талабына сай оқушыда өзіндік көзқарасы, сенімі, ішкі уәжі қалыптасуы керек. Сон-дықтан да сабақтарды жоспарлағанда оқушыларда сыни ойлауын тудыратын сұрақтар немесе деңгейлік, кеңейтілген, құзырлылық тапсырмаларды сабақта қолданамын.         Сындарлы оқыту теориясындағы жетістікке жетелейтін жеті модульдер-дің бірі «Cыни тұрғыдан ойлауға үйрету» басқа модульдермен де тығыз байланысты деп есептеймін. Оқушылар сабақта қалай оқу керектігін меңгереді, яғни метатаным пайда болады, өздері үдеріс барысында ой қорытады, нәтижеге жетуге ұмтылады. Мұғалім оқушыға  қалай оқу керектігін  үйретеді, ал бұрынғы дәстүрлі оқыту  процесінде мұғалім  білімді беруші  болған болса, жаңа оқыту үдерісінде мұғалім бағыттаушы болып табылады. Сабақтағы басты тұлға, басты кейіпкер – оқушы болды. Оқушыны өз бетімен білім алуға, ол үшін ізденуге, те-рең ойлауға, зерттеуге дағдыларын қалыптастыру қажет екенін аңғара отырып, жаңа білімді меңгерту үшін ең тиімді әдіс сұрақ – жауап, әңгімелесу, диалог болып табылады. Мен әр сабағымда әр түрлі әдіс - тәсілдерді қолдануға мән бере-мін.  
Сабақтарымда жаңа заман талаптарына сай түрлі әдіс-тәсілдерді сабақта-рымда қолданып, оның жемісін көрудемін. Атап айтсам, «Блум түймедағы», «Білім биржасы», «Аквариум», «Постер», «Фишбоун», «ТВ шоу», «Ыстық орындық», «Ақылдының алты қалпағы», «Блум текшесі», «Даналық ағашы», «Сен маған, мен саған», «Өрмекшінің өрмегі» әдістері. ТВ шоуға оқушылар қатысқанда қысылмай, ашық сөйлеп, белсенділік танытқанын байқадым. Оқушылар «Кешкі тамақты  қай кезде ішкен дұрыс?» сияқты түрткі және ашық сұрақтарды қоя білді. Жалпы ТВ шоу бағдарламасына оқушылар қызығушылық танытып, белсенді қатысып, диалогтік қарым-қатынасқа түскенде емін-еркін сөйледі. Бұл бағдарламада оқушылардың ойлау, сөйлеу, сыни ойлау қабілеттері артып, тіл байлығы, сөздік қоры диалогтік оқыту әдіс-тәсіл аспектісі арқылы жүзеге асты. «Блум текшесі» әдісін қолданғанда «Қандай?» сұрағына «Жүйке жүйесінің қызметі қандай?», «Не үшін?» сұрағына «Адамға жүйке жүйесін  күту, сақтау  қажет пе? Не үшін?», «Неліктен?» деген сұрақты «Неліктен басқа ағзаларға қарағанда ең бірінші жүйке жүйесі шаршайды?» ашық сұрақтарымен оқушылар толықтыра білді. Ол әдістің оқушылардың сыни ойлай білуіне септі-гін тигізеді. «Балық сұлбасына» және өз қиялдарынан әр түрлі постерлер салып, оны қорғай білу дағдылары қалыптасып келе жатыр. Оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу нәтижесінде идеялармен пікір алмасып, болжамдар ұсынып, талқылап, диалогтің зерттеушілік әңгімесі іске асты. Оқушылар зерттеуге үйреніп, бір шешімге келуге үйренгенін байқадым.
 «Ақылдының алты қалпағы» - Эдвард де Боно әзірленген әдістеме, ол әр-түрлі шешімдердің ішінен ойды бір мәселе төңірегіндегі шоғырландыруға мүмкіндік беретін қатарласып ойлау үдерісі болып табылады.[1. 73-бет] Бұл әдісті қолдануда оқушылар фактілер, цифрлар және мәліметтерді таза күйінде бере білуге; ішкі сезім, эмоция, сезінулер және интуицияны білдіруге; оптимизмді, ашықтықты, позитивті және конструктивті ойлар,  ұсыныстарды бере алуға; жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойлар және жоғары деңгейдегі  жалпы көзқарастарды, білдіріп қорытындылай білу дағдылары қалыптасты.
Диалогті оқытудың маңыздылығы оқушыларды терең ойлауға, сынып ішінде топқа бөлу, сандық бағалау емес сапалы бағалау жүйесіне және әр оқу-шыға жақындай түсуге мүмкіндік туды.    
  Ақылдының алты              ТВ шоу            Ыстық орындық         Блум түймедағы  қалпағы       Білім биржасы  Даналық ағашы     Блум текшесі                ФишбоунБілім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдерді қолдану барысында, оқу-шының оқу үлгерімін ғана емес, түсініп оқу үдерісі мен материалды терең игеруге ықпал етті. Оқу барысында, оқушылар оқшауланып қалмады. Бірлескен жұмыстарда, үнемі бір-біріне қолдау жасап, топтық рух мадақтау көрініс табуы, олардың арасында топта жұмыс істеу, келіспеушілікті құрметпен білдіру қабілеттері қалыптасты.
Диалогтық интерактивті қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті ойлауына әсер етеді. [4. 9-бет]
Диалогтық қатынаста сұрақ түрлерін қою түрлерін қолдану маңызды әре-кеттеріміздің  біріне айналды. [3. 14-бет] Себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдай-да сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың білім алуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. [1. 101-бет]
 Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың әр түрлі техника-ларын пайдаландым: түрткі болуға арналған сұрақтар бірінші жауап алу үшін және оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет. Сынақтан өткізуге арналған сұрақтар оқушыларға анағұрлым  толық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге, идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп құрылуы керек. Қайта бағыттауға арналған сұрақтарда  мысалы, «Топ мүшесіне көмектесе ала-тындар бар ма?» Мен өз тәжірибемде, оқушылардың жауаптарының ұзақ-тығына қарамастан, күтіп басқа оқушыларға бағыттап отырамын. Сол арқылы диалогтық қарым-қатынастың жақсаруын бақылап,  әрі қарай қалай жұмыс істеу керектігіне түрткі болады.
Топтық жұмыс арқылы «оқушы мен оқушы» арасында, «оқушы мен мұға-лім» арасындағы диалогты тиімді ұйымдастыру арқылы мақсатқа қол жеткізе алдым. Нәтижесінде оқушылар мен күткеннен де артық әсер алды. Өз ойларын жарыса айтып, қызу пікірталас тудыра алды. Жаңа сабақты өз беттерімен тез меңгере алды. Сабақта «үнсіз» оқушылар да сөйлеп кетті, олай дейтін себебім, мотивациясы төмен оқушылардың өзі тым болмағанда постермен жұмыс жасау барысында сөйлемесе де, сызбамен көмектескеніне көзім   жетті. Сабақтың ба-рысында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін, соның ішінде ұтқырлық, сыңаржақтылықтың болмауы, пайым, тәртіп, өзіндік сана сезім секілді ерекшеліктерге мән бере отырып, сабақ барысында әрдайым оқушылардың белсенді болуға, дәлелдерді талдай алуға, мағынаны анықтау үшін саналы  түрде стратегияларды қолдана  алуына мүмкіндіктер мен жағдай жасауды қамтамасыз етуді мақсат тұттым. Осында қарастырылған стратегиялар оқушылардың бірін-бірі тыңдап, дәлелдерді талап етіп, тиянақты және нақты да жан-жақты болуға, ынымақтастықпен бір-бірін құрметтеуге үйретті. Сабақтарды ерекше, жаңа әдіс  бағдарламасымен сабақ  өтуім оларға еркін сөйлеп,  ойларын ашық жеткізуге, сыншыл  көзқараспен  ойлауға мүмкіншілік туғызғандай. Бұл  әрине қазіргі қоғам мен мектептің басты талабы.  Осы талаптарды әрі қарай дамыту әрине әр мұғалімнің парызы. Оқушылар күнделікті сабақтан, бүгінгі сабақтардың айырмашылығы; топтық, жұптық және жеке жұмыстардың нәтижесінде өздігінен бағалау, өз ізденістерінің арқасында бұрын мұғалімнің түсіндіргенінен өз бетінше ізденуінің нәтижесінде көптеген өз білімдерінде өзгеріс болғандығын байқады. Осы уақытқа дейінгі өткен сабақтарым бойынша: мотивациясы төмен оқушы сабақта мұғалімнің көмегімен, жетелеуімен ойын жеткізе алмайтын еді, ал жаңа әдістерді сабақта қолданудың тиімділігі оқушы  топпен жұмыс істеу кезінде топтағы оқушылармен ілесіп, өз ойын жеткізіп,  сабаққа қызығушылық танытып, өздігінше  қосымша материалдар іздеп, өзінің шығармашылығын көрсетуде. Диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауға берілген тапсырмаға қол жеткізу үшін топ ішінде талқылауға арналған ортақ сұрақтар бойынша жұмыс жасап, оқушылармен бірге ойланып, сол тапсырманы шешуге арналған ой-пікірлер  айтып талқылады, бұл диалогтық оқыту оқушылардың  өз ойын еркін жеткізуіне  ықпал  жасап,  сабаққа қызығушылығымен қатар  өз ойларын толық жеткізуге көп көмегін тигізді. Оқушылар топта тапсырманы орындау кезінде бірінің сұрақтарына бірі жауап беріп, бірін-бірі үйретіп жатқанын көрдім. Сонда байқағаным оқушылардың менің түсіндіргеннен гөрі өздерінің бірін-бірі оқытқан кезде ақпаратты тез қабылдайтыны. Бірте-бірте оқушылар арасындағы сенімсіздік, үрей сейіліп, сабаққа деген ынтажігері ояна бастады. Әрине топтық жұмыс болған кезде оқушылардың барлығы қамтылып, біреуі сурет салса, біреуі тақырыпқа қатысты сөздерді тізбектесе, енді біреуі қорғауға дайындалып жатады. Бұл жерде бір-бірінің арасында ынтымақтастық орнап, көшбасшылар қа-сындағыларды да сөйлеуге тартып, бір-біріне жаңашырлықпен көмектесе бастады. Мен мұндай нәтиже күтпеген едім, осыдан кейін оқушыларға көп еркіндік беріп, оларға тек бақылаушы ретінде қарауым керек екеніне ой түйдім. Осыдан шығатын қорытынды сабақта нәтижеге жету үшін оқушыларға жетелеу сұрақтарын қоя отырып, жауап алып, балалардың бір - біріне сұрақ қоя білуін және оған ұтымды жауап беруін қалыптастыру керек екендігіне көз жеткіздім.Менің бір ой түйгенім оқушыларға қосымша тапсырманы берген сайын оқу-шылар әр қырынан көрініп, бір жағынан оларды ғылыми зерттеуге бағыт-таудың бір сатысына көтерудің қадамы сияқты боп көрінді. Негізі модульдер өзара тығыз байланысты. Тығыз байланысты дейтін себебім, мысалы сыни тұр-ғыдан ойлауға үйретпесек, олар өз-өзін қалай бағалайды? Шульман айтқандай, мұғалімнің үш көмекшісі бас, қол, жүрек демекші, егерде шын ниетімен мұға-лім оқушыны марапаттап, қолдап жатса, бала бәрін де сезеді. Ол да сізге солай қарым – қатынас жасайды екен. Қандай ұстаз болса да  оның бастапқы  мақсаты алдындағы оқушыны алға жетелеу, ал бағдарлама бізге дайын жол салып беріп отыр. Біз енді сол жолмен жүрсек, сыни тұрғыдан ойлап, алған білімін өмірінде де пайдалана алатын оқушы тәрбиелейтініміз   анық.
Қорытынды
Дамушы білім беру ортасы білім беру мазмұнын жаңарту ресурсы  оқытудың әр сатысында мұғалім мен оқушының іс – әрекеті бір-бірімен үйлесімін табу керек. [2. 6-бет] Мұғалім оқыту процесін жоғары деңгейде ұйымдастырып, шеберлікпен тиімді пайдалана білсе, информатика пәнін  оқыту барысында алдына қойған мақсатына жетіп, нәтижесі де жоғары болмақ. Күнделікті сабақта e-кітапханасын пайдалануымыз қажет.
Пайдаланған әдебиет:
[1]  Мұғалімге арналған нұсқаулық ІІ деңгей ІІІ басылым «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014 ж.
[2]  «Мұғалім неліктен өзгеруі керек?» C. Бич, 2012ж
[3]  Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар www.cpm.kz
[4]  Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқару. Алматы, 2014ж. 
[5] е.edu.kz кітапханасы