?ыс?а мерзімді жоспар ?лгісі


Сыныбы: 9 «А» «Б» уақыты: 27.01.2016
Мектеп: М.Б.Ықсанов атындағы №36 орта жалпы білім беретін мектебі. Орал қаласы
Пән мұғалімі Уйсимбаева Шугыла Кузембаевна
Сабақтың тақырыбы: §31. Тамақ өнеркәсібі
Мақсаты : Тамақ өнеркәсібінің салалары, оларды тұтынудың орташа көрсеткіші туралы оқып үйрену
Күтілетін нәтижелер: А) Тамақ өнеркәсібі өнімдерін біледі;
В) Тамақ өнеркәсібі шикізат түріне қарай топтастыра алады;
С) Тамақ өнеркәсібі орталықтарының республика аумағында орналасуының себебін талдап, тұжырымдай алады;
Керекті жабдықтар: Оқулық, Қазақстанның экономикалық картасы, визуалды айғақтар, слайд, атлас, бағалау парақтары
Қолданылатын әдіс-тәсілдер «Сұрақты ұстап ал!», «Миға шабуыл», «Үш қадамдық сұхбат», «Жарнамалау»,
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері: Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе
(5 мин)

-Психологиялық ахуал қалыптастыру үшін оқушылармен амандасамын;
Үй тапсырмасын «Сұрақты ұстап ал!» әдісі бойынша алуды ұйымдастыру.
-Сынып оқушыларын қиынды сөздер арқылы 6 топқа бөлемін.
І топ: Тамақ өнеркәсібі;
ІІ топ: Ет өнеркәсібі;
ІІІ топ: Ұн тарту, жарма өнеркәсібі;
ІҮ топ: Қант өнеркәсібі;
Ү топ: Сүт өнімдері өнеркәсібі;
ҮІ топ: Балық өнеркәсібі;
-Оқушыларға бағалау парақтарын таратамын. -Амандасады;
Оқушылар қолдарындағы фасоль салынған қапшықты бір біріне лақтырып, қайталау сұрақтарын қояды.
-Оқушылар қиындылар арқылы топтасады.
Оқушылар бағалау парақтарына сабақтың әр этапындағы өз көрсеткіштерін белгілеп өзін бағалап толтырып отырады.
Тұсаукесер
(5 мин) Жаңа сабағыма кірісу мақсатында оқушыларға «Миға шабуыл» әдісін қолданамын. Яғни оқушыларға өткен тақырыпты жаңа сабақпен байланыстыра отырып, сұрақтар қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын айқындаймын.
-Ауылшаруашылығының салаларын ата?
-ауылшаруашылығының қандай салалары басым?
-ауылшаруашылық кешенінің ұқсатушы факторларына қандай салалар жатады?
-халықтың жеке сұранысын қанағаттандыратын сала қалай аталады?
Жауап берген оқушыларды ынталандырып отырамын. Оқушылар алдарына берілген сұрақтарға жауап бере отырып, жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды.
Дәптерге түсіреді.
Оқушылар мүмкіндігінше жауап береді.
Негізгі бөлім
(25)
Жаңа сабақтың тақырыбын анықтап алған соң оқушыларға тапсырмалар топтамасын беремін.
Тапсырма№1.
-Мәтінді оқу. (5мин)
-топта талдау. «Үш қадамдық сұхбат» (3мин)
Тапсырма:№2.«Жарнамалау»(l0мин)
І топ: Тамақ өнеркәсібі;
ІІ топ: Ет өнеркәсібі;
ІІІ топ: Ұн тарту, жарма өнеркәсібі;
ІҮ топ: Қант өнеркәсібі;
Ү топ: Сүт өнімдері өнеркәсібі;
ҮІ топ: Балық өнеркәсібі;
Тапсырма:№3. Кескін картамен жұмыс. Оқулықтағы l67 беттегі кескінді кескін картаға түсіру; (5мин)
І топ: Топырақтың жануарлар үшін маңызы?
ІІ топ: Топырақта шіріндіні қалай көбейтуге болады?
ІІІ топ: Топырақпен қатысы жоқ шаруашылық бар ма?
Оқушылардың алған білімін одан әрі нақтылау үшін оқушыларға Қазақстанның топырақ жамылғысы тақырыбы бойынша бейнеролик көрсетемін. ( 2 мин) Оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын анықтап, дәптерлеріне түсіріп алады.
Оқушылар берілген тақырыпшалар бойынша жарнама жасап, әр өнеркәсіптің жетістіктерін көрсетеді. «Ең үздік жарнама» арқылы топты немесе жеке оқушыны бағалайды.
Оқушылар тапсырмаларды өз деңгейлерінде орындайды
Кескін картамен жұмыстанады, кескін картамен жұмысты жұпта бағалайды.
Қорытынды
(10 мин) Сабақты оқушылардың есте сақтау дағдысын дамыту мақсатында «Серпілген сауал» әдісімен қорытындылаймын.
Бағалау: Оқушылардың өздерін бағалайды.
Кері байланыс: «Өз жауабымның дәлелі» әдісі
l.Мен сабақта .................................................. қызықты болғандықтан жақсы жұмыстандым.
2.Жұмыстана отырып мен .................................................................. көз жеткіздім.
3.Сабақ мен үшін .................................................................... қызық болды.
4.Сабақ бойына менің үйренгенім...............................................................................................................................
5.Менің көңіл-күйім.....................…….......
6.Есімде қалған ...............................………
Үйге тапсырма: §31. Тамақ өнеркәсібі.
Оқушылар «Серпілген сауал» әдісімен сабақты қорытындылайды. Жаңа сабақтан алған білімдері бойынша еске түсіріп, қайталау процесі жүреді.

Оқушылар «Өз жауабымның дәлелі» сұрақтарына кері байланыс жазады.
Тамақ өнеркәсібі;
Ет өнеркәсібі;
Ұн тарту, жарма өнеркәсібі;
Қант өнеркәсібі;
Сүт өнімдері өнеркәсібі;
Балық өнеркәсібі;