Е?бек т?бі — береке е?бек к?ніне арнал?ан сайыс


"Еңбек түбі - береке" еңбек күніне арналған сайысЭстафеталық сайыс.Құрметті әріптестер бүгінгі еңбек күніне байланысты «Еңбек түбі - береке» атты эстафеталық сайысымызға қош келіпсіздер! Сайысымызды бастамас бұрын «Ақбота» балабақшасының директоры ----------------------- сөз кезегін береміз.Жүргізуші: Бір анадан туғандай,Бір ұядан ұшқандай.Бір аспанның астында,Береке болсын ұжымда - деп ортамызға педагог қызметкерлер мен тәрбиешілерді қарсы алайық.Жүргізуші: Енді сайысқа қатысушылардың әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.1.___________________________2.___________________________3.___________________________Жүргізуші: Сайысымыз 6 бөлімнен тұрады.1) «Мергендік» сайысы2) «Кенгурумен секіру» сайысы3) «Ептілік» сайысы4) «Ойлан тап» сайысы5) «Тез қимылда» сайысы6) «Арқан тарту» сайысыЕндеше I - бөліміміз «Мергендік» сайысын бастаймыз.Ойын шарты: Едендегі кругтан - кругқа қос аяқтап секіріп, соңғы кругтың ішінде тұрып, жердегі уақ допты алып, шелекке лақтырып салу.(Құралдары: Кругтар, шелек - 2, уақ доптар).Жүргізуші: Әділқазылар алқасы I - ші бөлімнің бағасын берейік.Жүргізуші: Бір, екі, үш,Шынығайық қане біз.Жүгір, секір қалыспай,Жарысайық бәріміз - деп II - бөліміміз «Кенгурумен секіру» сайысын бастаймыз.Ойын шарты: Кеглилер арасымен кенгуру арқылы секіріп, межеден айналып қайту.(Құралдары: кеглилер, кенгуру добы).Жүргізуші: Әділқазылар алқасы осы сайысымыздың бағасын берейік.Жүргізуші: Өздерінің шапшаңдылығын ұғындырып,Көрсетер көп еңбектенген мығымдылық.Келесі бұл сайыстың жоспарында,Қай топтың ептілігін анықтайық –деп «Ептілік» сайысын бастаймыз.Ойын шарты: Сөреде тұрған шелектен үлкен қасықпен суды, келесі жақта тұрған шыны ыдысқа тасу керек. Суды төгіп алмауы керек. Су өлшенеді.(Құралдары: Шелек, су, үлкен қасық, сызғыш).Жүргізуші: Әділқазылар алқасы «Ептілік» сайысының бағасын берейік.Жүргізуші: Ақыл - ой парасаты,Ой көгіне жүгінеді.Еңбектенген жұмысын,Өз ісіне жарасады – деп«Ойлан тап» сайысына кезекті береміз.Ойын шарты: Кеглилер арасымен жүгіріп кезекпен - кезек межеде тұрған тапсырмаларды орындау.Жүргізуші: Осы «Ойлан тап» сайысындағы тапсырмалардың бағасын берейік.Жүргізуші: Әрі қарай «Тез қимылда» сайысын бастаймыз.Ойын шарты: Орналастырылған тунельдің арасынан еңбектеп өтіп, жердегі қапшықпен межеден айнала секіріп, кері тунельден өту.(Құралдары: Геометриялық пішіндер, қапшық).Жүргізуші: Әділқазылар алқасы «Тез қимылда» сайысының бағасын берейік.Жүргізуші: Ең соңғы сайысымыз «Арқан тарту».Ойын шарты: Екі топ мүшелері арқанның 2 жағынан ұстап, өз топтарына қарай арқанды тартады.Жүргізуші: Ең соңғы сайысымыздың қорытындысын берейік.Жүргізуші: Жеңсек біз жеңдік деп тасымаймыз,Жеңілсек біз жеңілдік деп жасымаймыз.Жығылсаң жер көтереді деген екен,Реніш, өкпелеуге қосылмаймыз - деп әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз.Осымен бүгінгі еңбек күніне байланысты эстафеталық сайысымыз өз мәресіне жетті.Қош сау болыңыздар!