М.Ж?мабаев «Бесік жыры» 2 сынып



Сабақтың тақырыбы:М.Жұмабаев «Бесік жыры »
Сабақтың мақсаты : Білімділігі : ақынның бесік тербеткен ана бейнесін суреттеуіне қарап , өлеңдегі кейіпкердің көңіл күйін іздеуге , сезінуге мүмкіндік беру .
Дамытушылығы :бейнелі сөйлей білу дағдыларын арттыру .
Тәрбиелігі : үлкенге құрмет , кішіге ізет көрсетуге , ананы құрметтеп , сүйіспеншілігін арттыра білуге тәрбиелеу .
Көрнекілігі : ақын портреті , суреттер , «Бесік тербетіп отырған ананың» суреті , тапсырмалар .
Сабақтың барысы :
1 . Ұйымдастыру кезеңі :
Психологиялық дайындық .
2 . Үй тапсырмасын тексеру .
Дүниеде не тәтті? Не жұмсақ ?


1 . Бұл сөзді сұраған кім ?
2 . Екі баланың қайсысының сөзі түйінді ?
3 . Өздерің бұл сұраққа қалай жауап берер едіңдер ?
( Оқушылардың жауабын тыңдағаннан кейін мұғалім қорытындылайды )
Дұрыс айтасыңдар , балалар , адам баласына ең жақын – ана . Ананың сүйіспеншілігіне , мейіріміне жететін ештеңе жоқ .
Ендеше кітабымызды ашып , «Ең жақын адам» өлеңін мәнерлеп оқиық .
3 . Жаңа сабақ . «Бесік жыры» . М . Жұмабаев .
Авторға түсінік беру : М . Жұмабаев - қазақ халқының ұлы ақыны . Ол Солтүстік Қазақстан облысында 1893 – жылы дүниеге келген . Ақындық таланты ерте оянған .
«Ой шақыру» . «Бесік» дегенде көз алдарыңа не елестеді? Бесік туралы білесіңдер ме ?Бесіктің пайдасы немесе зияны барма ?
Өлеңді оқу , мазмұнын түсіндіру .« Ана бір қолымен бесікті тербетсе , екінші қолымен әлемді тербетеді» деген мақалдың мәнін ашу .

4 . Дәптермен жұмыс .
1 . Өлеңнің үшінші шумағын көшіріп , тапсырмасын орындату .
5 . Сергіту сәті : «Бесік жыры» әні .
Ой қозғау .
Әдептілік

6 . Кітаппен жұмыс .
1 . Мәтіннен оқушылардың айтқан жауаптарын іздеп , салыстыру .
2 . Сұрақтарға жауап алу .
7 . Шығармашылық жұмыс .
«Менің атам» тақырыбына әңгіме құрау .
Кесте бойынша салыстыр , сөйлет .
Сурет бойынша Өлең бойынша
1 . Әдептілік , кішіпейілділік , үлкенді сыйлау , ана , ата – әжелерің туралы қандай мақал – мәтел білесіңдер ?
8 . Үйге тапсырма : өлеңді жаттау
9 . Бағалау .