Бастауыш сынып?а арнал?ан саба? жоспары Бесік жыры


Сабақтың тақырыбы: Бесік жырыСабақтың мақсаты: Ұрпақ тәрбиесінде ата – бабамыздың ұстаған жолын, көп балалы болуды бақыт деп санаған, баланың отбасындағы орнының жоғары бағаланғандығын паш ету; Бала тәрбиесіне байланысты салт – дәстүрлерді үйрету; Жаңа ғасырдың мұрагерлерін тәрбиелеу.Сабақтың көрнекілігі: Мақал – мәтелдер, нақыл сөздер, сызбалар, суреттер.Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен амандасып, назарын сабаққа аудару.ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі.Қазақ халқы ұрпақ тәрбиесіне баса назар аударған. Тәрбие ағаш бесіктен бастап жер бесікке дейін үздіксіз жүріп отырған. Халқымыздың бала тәрбиелеуде түрлі әдет – ғұрыптар мен салт – дәстүрлерді, жөн – жоралғыларды үнемі дамытып, өз тәжірибесінде кеңінен қолданған.Ұрпақ – ғұмыр жалғасы, тіршілік көзі. Қай халық болсын, үмітін ең алдымен ұрпағынан күтеді. Жанған отын сөндірмей, түтінін түтететін артына ұрпақ қалдыруды көздейді. Бала – адамның бауыр еті. Халқымыз балалы болу бақытын байлыққа, мансапқа ауыстыра алмаған.Бала - өмірдің жалғасы, көз қуанышы, шаңырақ иесі – деп, ұрпақты болуға, оның тәрбиесіне қатты көңіл бөлген. Қазақ ұл баланың дүниеге келуін «Ұл туғанға күн туар» деп ерекше бақыт санаған, шаңырақтың иесі ұл бала деп білген. Ал қыз балаға «Дүниенің тұздығы, бастауы» деп қараған.Халық тәрбиені бала іште жатқан кезде бастайды. Бала дүниеге келген соң жасалатын әр түрлі рәсімдер бар. Сол рәсімдерді еске түсірейік.Мұғалім: Балалар, бесікке байланысты қандай тыйым сөздер бар.- Бесікті ашық қалдырма.- Бесікті бір қолмен көтерме.- Бесікті теппе.- Бос бесікті тербетпе.- Ұйықтап жатқан баланың бетінен сүйме.Әндер: 1. Сұр қоян. 2. Ана. 3. Қара жорғаҚорытынды:Бесік – қазақта киелі орын. Тұңғыш баласы жатқан бесікке немере, шөбересін бөлеген әжелер өздерін өте бақытты санаған.Қазақта бесікті ашық қалдыруға болмайды. Себебі, халық ұғымындағы пері деген жамандық иелері баланың періштесін шошытады. Мұқағали Мақатаев ақын айтқандай, дүниедегі тыныштық сәбидің ұйқысында. Сондықтан да осы қасиетті, құтты мүлігіміз, сәбидің алтын ұясы – бесікті қадірлейік. Ендеше атадан мирас болып келе жатқан әрбір қазақтың жылы ұясы бесікті сақтай білейік.