2 сыныпты? ?дебиеттік о?у п?ніне арнал?ан Бесік жыры. Т?сау кесу та?ырыптарына арнал?ан ?ыс?а мерзімді саба? жоспары


Пәні: Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Бесік жыры.Тұсау кесу жыры
Сабақтың мақсаты:   Өлең мазмұны мен идеясын ашуға мүмкіндік жасау. Оқушыларды қазақтың салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен таныстыру. Анаға деген сүйіспеншілігін арттыру,  үлкенге ізет, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.
Құрал жабдықтар: ноутбук, оқулық, бағдаршам, плакат, бор, маркерлер, қуыршақтар
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, топтық жұмысКүтілетін нәтиже: Оқушы бойында жауапкершілік артады.
  Көзқарасын өзгертеді.
  Өз ойын тұжырымдап қорытынды шығарады.  
Жұмыс кезеңдері
Уақыт Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті Ұйымдастыру түрі Бағалау Қолданылатын модуль
Мотивация
Топқа бөліну
2 мин. Сыныптың сабаққа дайындығы.
Сынып оқушыларын топқа бөлу.Оқушылар қатарға тұрып 1,2-ге саналады.
Амандасады.
Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз.
Жаңа білім алуға
Алға қадам бастаймыз.
(Оқушылар бір-біріне тілек айтады)
Оқушылар топтарға отырып, бағалау парағымен танысады.
 Оқушылар бағалау критерийлерін ескере отырып жақсы бағалануға ұмтылады. Белсенді қатысады. жеке Үй тапсырмасын тексеру 5 мин. Үй тапсырмасын тексеру «Серпілген сауал»
Әр оқушы өлеңді жатқа айтады.
-Өлеңнің авторы кім?
- Өлеңнің тақырыбын айт.
-Өлеңді қандай көңіл күймен оқу керек?
  -Ақын жас ұланға дені сау болып өсу үшін қандай ақыл айтты?  Үй тапсырмасына жауап береді.
Сұрақтарға жауап береді.
жеке Бас бармақ Қызығушылығын ояту 3
мин.
Сөзжұмбақ шешу.
І топ: Бесік жыры
ІІ топ: Тұсау кесу жыры. Жаңа  сабақтың тақырыбын ашады.
Слайд көру жеке АКТ
Білу 10
мин. -Балалар, бесік, тұсау кесу сөзін естігенде немесе қағаз бетінен көре қалдық делік, сонда ойымызға қандай сөздер  келеді.
(постер жасап, қорғайды)
-Қандай тамаша ! Жарайсыңдар балалар, сендер  бұл салт-дәстүрлер туралы біледі екенсіңдер.
Түсініктеме: Ең алғаш сәби дүниеге келгенде анасы сәбиін бесікке бөлейді . Бесікке бөлеу қазақтың салт-дәстүріне жатады. Постерге топтастыру жұмысын жүргізеді. Әр топтың мүшелері топтастыруларын таныстырады.
                Баланы бөлейді
                                Жылы
Бесік           Ыңғайлы
                               Таза
                               Тербеледі                               Салт-дәстүрТұсау кесу             Той
                            Тәй-тәй басады
               Құрметті адамға кестіреді
Сюжетті суреттерді тамашалайдыжеке Стикер арқылы СТО
БжК
Түсіну
Сергіту сәті 5 мин. Оқулықпен жұмыс
Автормен таныстыру.
-Бесік жыры мен тұсау кесу жырларының авторы-халық. «Туғанда дүние есігін ашады өлең» деп ұлы Абай айтқандай, балаға ақ сүтімен бірге сіңген ана әлдиі ауыз әдебиеті арқылы ұрпақтан-ұрпаққа тараған. Ауыз әдебиеті-бұрынғы адамдар жазуды білмеген кезде ән, жыр, күйді балалары естіп, ұғып алған, оны өз балаларына үйреткен, сөйтіп осы дәуірге жеткен. Оқушылар жырларды мәнерлеп, түсініп оқуға тырысады.
І топ: Бесік жырын оқулықтан оқыту
ІІ топ: Тұсау кесу жыры өлеңін оқыту
Дәптермен сөздік жұмыс.
Күрмеу – баланың аяғына байланған ала жіп.
Тақым – тізенің астыңғы, ішкі жағы.
Жілік - малдың сүйегі.Байқұтан - құс.Ұста - темірден түйін түйетін шебер.Шешен - сөзге шебер адам.Балуан - күресетін спорт шебері
«Бесік» жырын үнтаспадан тыңдату. жеке бағдаршам АКТ
Қолдану 10мин. Деңгейлік тапсырмалар беру.
1-топ Өлең жазу (өлең жолдарын толықтыр)
.....................жылама
.....................қинама.
.....................жата ғой,
....................бата ғой.
ІІ .«5 жолды өлең»
Не? БесікҚандай? 2 сөзНе істеді? 3 сөзСөйлем.4 сөзСиноним сөзжұптық мадақтау ТжДБЖ
Талдау 10 мин. Шығармашылық тапсырма.
І- топқа бесікке салу дәстүрін көрсету.
ІІ -топқа тұсау кесу дәстүрін көрсету. топтық Бас бармақ ЖЕБО,
ОүБ
Жинақтау 3 мин. - Сабақ ұнады ма?
- «Бесік жырын» кім жазған?
- Бүгінгі сабақтан не алдың?
- Әрбір ана баласының адам болғанын қалайды, сол ананың тілегі орындалсын деп , «Тілек шоғын» жолдайық. Балалардың тілегі. жеке мадақтау ТжДБЖ
Бағалау 1 мин Оқушылармен кері байланысқа шығу

Оқушылар сабақ барысында «не ұнады?», «не ұнаған жоқ» сұрақтары  арқылы стикерлерге өз ойларын жазып жапсырады. ОБ
ОЖТ

Үйге тапсырма : 1. Тұсау кесу жыры жаттау
2. Хрестоматиядағы «Әпкесінің әлдиі» деген жырды түсініп оқу.
3. Бесік жырына әңгіме, өлең құрастыру.