Конспект С?т ?алай ?йы?тайды


Тақырыбы: Сүт қалай ұйықтады?
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру;
Ертегідегі сүт ұйып қапты, сүт іріп қапты, айран ашыпты, айран бақырыпты т.б. сөз тіркестерін пайдалана отырып, оқушылардың байланыстыра сөйлеу дағдысын жетілдіру. Ой ұшқырлығын дамыту;
Ұлттық тағам түрлерін олардың пайдасын, жасалу жолдарын білгізе отырып, оқушыларды асты, қадірлеуге, дұрыс тамақтануға үйрету, еңбек сүйгіштікке , іскерлікке, шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
25679405162552586990173545515392401344930323469013354051929765932815Жаман әдет
Жаман әдет
Балалар, біз өткен сабақтан қандай жаман әдеттерден аулақ болу керектігін білдік және қандай жаман әдеттерді білеміз? Балықтың бойынан қандай жаман әдетті аңғардық?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Ребус шешу. «Сүт қалай ұйықтайды?» тақырыпты ашу.
О. Әубәкіровтың «Сүт қалай ұйықтады?» ертегісі.
1. Мұғалім түсіндірмесі. О.Әубәкіров туралы айту.
1934 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында дүниеге келген. Оспанхан сатирик ақын ол әзілқой өлеңдер жазған. Ұзақ жылдар «Қазақстан Пионері», «Ұлан» газетінде қызмет істеді. Қазақ теледидарында аға редактор, «Ара» журналында жұмыс істеді. «Бөден», «Сиыр», «Сүзеген сөз» атты кітаптары бар.
Ой қозғау.
Балалар, сүт ұйықтады ма?
Қалай ұйықтайды?
Сүттің ұйықтауы дегеніміз – сүттің ашыа ұйытылуы .
Сол сүтті қайдан аламыз?
Осылардың ішінен қандай сүтті ұйытуға болады?
Сүт тағамдарын ата.
2. Өлеңді тізбек бойынша оқу.
3. Ертегі бойынша берілген сұрақтарға жауап беру.
4. Мақал – мәтелдердің мазмұнын түсіндіру.
Оқушылар, қазіргі «Ролдік» ойын ойнаймыз. Бұл ойынды 3 қатарға суреттер беремін, ертегіден суретке байланысты берілген жолдарды табасыңдар.
Ролдік ойын.
1 – қатар. Сүтті оятайық
2 – қатар. Сүтті ұйытайық.
3 – қатар. Сүтті жұбатайық
Шығармашылық жұмыс.
_____________________ бағалайық,
_____________________ алайық.
_____________________ пайдалы,
_____________________ сақтайық.
Қорытынды:
Балалар, біз сүт туралы айттық, сүттің қасиеттерін білдік, сүттен жасалатын тағамдарды білдік. Қазір біз қаншалықты білетінімізді көрсетейік.
Семантикалық картамен жұмыс
Сүт
сұйық ұйыған қатқан
Балалар, өзіміз білетін – тақырыпқа байланысты ырым – тиым сөздерді айтайық.
Малды басқа ұрма.
Ақты жерге төкпе.
Малды теппе. Үйге тапсырма:
Сүттен жасалатын тағамдарды жазып келу ертегіні оқып, түсінігін айту.
Оқушыларды бағалау.