Конспект: К?й атасы-??рман?азы (3 класс)



Ашық сабақ
Тақырыбы: Күй атасы құрманғазы Домбыра аспабының мұғалімі: Мадреева Г.Б Мұңайлы ауданы Өнер мектебіАшық тәрбие сағаты (2 - сынып)Сабақтың тақырыбы: «Күй атасы - Құрманғазы»Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Құрманғазы Сағырбайұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы білім беру. Күй тыңдау және ән айту барысында балалардың музыканы ести білу, есте сақтау, орындау қабілеттерін жетілдіру. Құрманғазы күйлерінің тәрбиелік мәні жайлы әңгімелей отырып, ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеуСабақтың көрнекілігі: суреттер, слайдтарСабақтың барысы
Перейти на сайт
І ҰйымдастыруҚадыр Мырзағалиевтің «Нағыз қазақ - домбыра» өлеңінен үзінді оқу.Екі ішектің бірін қатты,Бірін сәл - сәл кем бұра.Қазақ - нағыз қазақ емес,Нағыз қазақ - домбыра.1 - жүргізуші:Күй - қазақтың жансерігі, мұңдасы, сырласы. Күйдің ғажаптығы сол - ол бастан кешіріп отырған өмірдің мән - маңызын ұқтырады. Күй ойға жетелейді. Өткенімізден өлмес қасиеттей қанымызға сіңген күйді бүгін де тек қазақ баласы сайын сахарада әуелетіп жүр. Алайда, кешегімізді білмей, екшемей көсегеміз тағы көгермейді. Сондықтан, бүгін күй атасына айналған Құрманғазы жайлы сөз қозғайық.2 - жүргізушіКүй атасы - құрманғазы нағыз сегіз қырлы, бір сырлы адам болған. Ұлы күйші композитор - Құрманғазы Сағырбаев 1823 жылы Атырау облысы Жиделі ауылында кедей - шаруа отбасында дүниеге келді. Құрманғазы жастайынан халық әндері мен күйлерін тыңдап өсті. Сонымен бірге ақындық, мергендік, палуандық өнерімен де көзге түскен. Табиғатынан ешкімге тәуелсіз, азат ойлы, намысқой адам болғандықтан оттай жанған мінезімен талай рет сол заманның күштеріне еріксіз қарсы келіп, қуғында, қыспақта, түрмеде, айдауда өмір кешкен.1 - жүргізушіОның әкесі Сағырбайға баласының музыкаға деген қабілеті оншалық әсер етпейді. Бірақ шешесі Алқа Құрманғазының бұл талабына Сағырбайдан гөрі өзгеше көңіл қояды. Жасы оннан асқанда Шағбаланың ауылына әйгілі домбырашы Ұзақ келеді. Жас Құрманғазының домбырада күй тартуын ұнатқан Ұзақ қарт, оған домбыра тарту өнерінен біршама сабақ береді. Ол он алты жасынан бастап туған аулынан кетіп, күй тартып, ел аралай бастайды. Үнемі ат үстінде жүріп, әйгілі күйшілермен кездесіп, өз өнерін одан әрі жетілдіре түседі. Осындай күндердің бірінде Құрманғазы өзіне бата берген Ұзақ қартпен тағы кездеседі. Онымен бірге ауылдарды аралап, көптеген күй тартыстарға қатыса жүріп, елге атағы шығады.2 - жүргізушіҚұрманғазы ауданыҚұрманғаз ауданының аумағын бірнеше өзендер қиып жатыр. Соның ішінде ең ірісі - Қиғаш. Аумақтың солтүстік жағалауы батыс Қазақстан облысымен, батысы - Ресеймен шектеседі. Әкімшілік орталығы - Ганюшкино ауылы, 1793 жылы құрылған.1 - жүргізушіШыққан тегі - Кіші жүз он екі ата Байұлынан өрбіген Сұлтансиықтың Қазығұрт бұтағыАл нағашы жұрты - Беріш руы.Ерлік пен еркіндікті дәстүр еткен елдің қызы, Құрманғазының анасы Алқа. Кейін Игіліктің қызы Әуеске үйленгенде Құрманғазы үшін Беріш руы енді қайын жұрты болады.2 - жүргізушіАшу мен ызасын, күйзелісі мен толғанысын, қуанышы мен жұбанышын өмірінде кездескен түрлі оқиғалардың барлығын күй өнерімен өрнектеген.Құрманғазы күйлері1 - оқушыӨн бойыңа бал әуен таратылып,Лаулап, сөніп бал сезім - жаңа тұнып,Көрінгенде табиғат анаңдай боп,Өзің қайта туғандай жаратылып -2 - оқушыЖетікзетін сезімге жарық қайсыКөзді жұмшы, көңілмен барып қайтшы.Қанат етіп Айгүлдің саусақтарынҚұрекең боп Әлемді шолып қайтшы.3 - оқушыСазға салып - шапқанды, шабылғанды.Сазға салып тарыққан, шағынғандыҚұса болған жандардың анда - санда«Кісен ашып» тек қана бағы жанды..4 - оқушыСонша неге ғазаттық, сүйікті едің,Ноқтадан бас босамай, күйіпті елің.Аласарған намысты қамшылатып,«Алатау» боп, түлеп, ел биіктедің.5 - оқушыСодан барып оянар жыны бұққан,Содан барып азаттық құнын ұққан.Қанша ұрпақ, кім білген «Кішкентайды»Тыңдап, сосын дәметті ұлылықтан.6 - оқушыИсатай боп ел мұңын бастан кешкен,Сатқындықты көп көріп қастан, достан.Тек сонан соң болмысың буырқанар,«Адай» болып сапырып, астан - кестен.7 - оқушыӘллі күнге «Серпер» күй дабыл қаққан,«Төремұрат» тектілік шамын жаққан.Тек сендердің, бабалар, арқаларың -«Қазақпың» деп табады жаным мақтан.8 - оқушыБір күйі бар дәл қазақ баласындай,Бір күй мақтар ұлдарын шаласынбай.Бір күйлері шалқыса «Көбік шашып»,«Сары Арқасы» қазақтың даласындай.9 - оқушыСол күйлермен ғашықтар сағынады,Сол күйлермен әлсіздер шағынады.Ұлы өнерден ұрпағың, Құрман - Ата,Табар әлі сізді де, бағын әлі.1 - жүргізушіҚұрманғазы түрмеге түскен бір кезінде түрмеде ақ шашты, ақ сақалды бір қарияны кездестіреді. Таныса келе оладам Орда өлкесінен келген Құрманғазының жерлесі және домбырашы Салық атты азамат екен. Салық көп күй білетін өте шебер домбырашы болған. Сол түрмеде Салық дүние салады. Дүниеден өтер алдында Құрманғазыға. Балам бәлен деген жерде менің кемпірім мен қызым бар. Соларға менің дүниеден өткенімді естіртерсің,- деп аманат айтады.2 - жүргізушіҚұрманғазы 73 жыл ғұмырының жартысынан астам уақытын түрмеде өткізеді. Түрмеде отырып «Ертең кетем» күйін күйін тұтқындарға тыңдатқан Құрманғазы сол түні түрмеден қашып шығады.Көрініс: «Қызыл қайың күйі»Күйде бар басқаша құдірет!Құрманғазының күйлерінің шығу тарихы1 - жүргізушіКүйлер негізінен үш аспапта - домбыра, қобыз, сыбызғыда орындалған. Қазақтың домбыра күйлері орындаушылық ерекшелігіне, күйдің құрылымына байланысты шертпе және төкпе деп жүктеледі.1 - оқушы«Балбырауын» халықтың сүйіп орындайтын, елге кең таралған күйлерінің бірі. Бұл ырғақты биге икемді келетін күй ауыл жастарының ойындарына, билеріне арналған.2 - оқушыҚұрманғазы Адайдың бір қызымен күй тартысып, сондағы Адай қызына шығарған күйі - «Адай» күйі. Күйші - рудың өр көкіректігін негіз етіп алып, патшаның да, хандардың да қаһарына қарсы тұрған халықтың сарқылмас күшін суреттеген.3 - оқушыХІХ ғасырдың 50 - жылдарында Құрманғазыға ат ұрладың деген жалған айып тағылып, түрмеге қамалады. Түрмеде жатқанда шешесін сағынып, оның көңіл - күйін ойлап, анасына «Аман бол, шешем»,«Қайран шешем» күйлерін арнайды. Құрманғазы бұл жерден қашып шығады. Осы кезеңде оның мұңды лирикаға толы «Кісен ашқан», «Түрмеден қашқан» тағы да басқа күйлері туады.4 - оқушы«Серпер»- қаншама иілтсе де, қаншама еңсесін басса да сынбайтын, мойымайтын, қайта серпіп, бұрынғы қалпына келе беретін, болаттай берік халықтың қайыспас еркіне, ерлігіне арналған шығарма.5 - оқушы«Алатау» күйі - әрі ұлы, әрі асқақ асқар таудың көркемдік бейнесі суреткер санасында мәңгілік пен өмірдің мәні туралы, адам тағдырының құбылмалығы - өрлеуі мен құлдырауы туралы толғаныстар тудырған.6 - оқушы«Машина» күйі Құрманғазының зерек алғырлығын, дарындылығын ашатын күйлердің бірі. Алғаш рет қазақтың кең даласынан Омбыға келіп, тар көшелердегі ығы - жығы адамдарды, көліктердің қозғалысын, жалпы үлкен қаланың өмірін көрген сазгер, алған әсерін өз шығармасында бейнеледі.Би: «Қамажай»7 - оқушы«Сарыарқа» күйі ұлттық өнерімізді әлемге танытқан бұл күй ұлы күйшінің туған жеріне, қазақтың кең даласына деген махаббатынан туған туынды. Қуғын - сүргінге ұшырап жүрген шағында жазылған Құрманғазының «Сарыарқасы» бүкіл қазақ халқының еркіндікке, азаттыққа деген құлшынысының көрінісі.Көрініс: «Салық өлген» күйі1 - жүргізушіҚағылды кейде бір күй дабылдай бопБұрқырап кетті тұтап дауылдай боп.Әлде күш, әлде дауыл, әлде ат шапқан,Әйтеуір, қырдан көшкен сарындай боп.2 - жүргізушіҚазақтың күйшілік өнері өркен жайып, ерекше дамыған өлкелердің бірі - Батыс Қазақстан аумағы. Батыс күйшілік дәстүрінің көрнекті өкілдері Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина, Түркеш.Көрініс: «Қорғансыздық»1 - жүргізушіКүйші елі домбырасын аңыратқанХалықты әсем әнмен жадыратқан.Құрекең, Дина, Қали, Шамғондар даӨсіпті осы елдегі шаңырақтан.Күй: «Балбырауын»2 - жүргізушіҚұрманғазы өмірінің тарихи тізбесі (хронологиялық тәртіп бойынша)1. 1823 жылы қазіргі Атырау облысы Құрманғазы ауданында дүниеге келген.2. 1836 - 1840 жылдары малшылықты қойып, өнер соңына түседі. Күйші Ұзақтың жанына еріп, ел аралайды.3. 1836 - 1838 жылы. Махамбет пен Исатай көтерілісі жас Құрманғазының санасына қатты әсер етеді. Осы көтеріліске байланысты «Кішкентай» атты алғашқы күйін шығарды.4. 1830 - 1840 жылдары композиторлық өрісі ашылып ондаған күйлерін дүниеге әкелді.5. 1845 - 1850 жылдары Жем, Сағыз бойымен Маңғыстау, Үстірт өңірлерін аралайды. Адай жеріндегі үлкен нағашылары Төремұрат пен Нарыбайдың елінде өмір сүреді.6. 1850 жылы Маңғыстаудан келген соң, Орынбор түрмесіне қамалады. Көп ұзамай одан қашып шығалды.7. 1857 жылы қараша айының басында абақтыдан қашады.8. 1857 - 1860 жылы басқа ауылдарда жасырынып жүреді.9. 1860 - 1863 жылы елге оралады.10. 1864 жылы абақтыдан кеткені үшін және мал ұрлады деген айыппен орда абақтысына жабылып онда 12 жыл 7 ай жатады.11. 1868 жылы журналист Н. Салвичевпен кездеседі.12. 1868 жылы Орал түрмесіне түседі.13. 1870 жылы Астраханнан шақырту келіп, қайтадан түрмеге жабылады. Онда Сананжан деген қалмақпен танысып, түрмеден қашып шығады.14. 1882 жылы Кроснояр түрмесінде жатады.15. 1884 жылы билеуші Мақаш Бекмұхаммедовтан көмек сұрап «Ақ паспорт» алады.16. 1885 - 1890 жылдары сахмаға көшіп келеді.17. 1890 - 1895 жылдары Жаймашуақ өмір кешіп аң аулайды. Шәкірт тәрбиелейді.18. 1896 жылы Астрахань облысы Володор ауданындағы «Алтынжар» деген жерде қайтыс болады.Қорытынды1 - жүргізушіМұңдасы көшкен қиялдасынАл тебірет, ақ сақалды күй атасы,Келеді сені тыңдап баяғыданӨлкенің өзен, тауы, қия тасы.Білмеймін, қанша жанға күйің дарып,Ашулы, ащы өзегін өтті жарып.2 - жүргізушіБар мұнда сынықтары асылдардың,Іздері дауылдардың, жасындардың.Шешіле сыр шертеді әр мұрағатТөрінен арғы - бергі ғасырлардың.Көргенді ауыр - жеңіл бұрар айға,Иісәін сағынғанда әр бабамның,Қарағым, бұрылғайсың, мұражайға!
Кері қайту
Ілмек сөздер: Күй атасы Құрманғазы, Құрманғазы Сағырбайұлы