К?Й АТАСЫ – ??РМАН?АЗЫ СА?ЫРБАЙ?ЛЫ


Күй атасы – Құрманғазы Сағырбайұлы
Сейтимова Нуржанат Келисовна
Қ.Жубанов атындағы орта мектебі
Музыка пәнінің мұғалімі
Ақтөбе облысы
Мұғалжар ауданы
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды Құрманғазының өмірімен оның шығармаларымен таныстыру, мәтіннен қиын сөздерді таба алуға үйрету. Мәнерлеп оқу дағдысын арттыру.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау,ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды күй тыңдау арқылы патриоттық сезімін ояту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ, жаңа материалдыы меңгерту
Әдісі: түсіндірмелі,талдау,әңгімелеу
Көрнекілік: Интербелсенді тақта,СТО технологиясының стратегиялары
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
Жақсылықтан үйреніп
Боламыз біз жақсы адам
Жамандықтан жиреніп,
Үлгі аламыз жақсыдан
2.Жаңа сабақ . Күй атасы - Құрманғазы
left000Қазақ елі өз жерінің қазына-байлығымен ғана емес, әлемді аузына қаратқан атақты талант иелерімен де белгілі. Елді өзінің өзгеше өнерімен оятқан жасампаз күйші Құрманғазы Сағырбайұлы болды. Ол ХІХ ғасырдың басында, Батыс Қазақстан өңірінде, Орал облысы, Жанғали ауданының Жиделі елді мекенінде, кедей шаруа отбасында дүниеге келді.
Құрманғазыны күй өнеріне баулыған және оның ұстазы болған Ұзақ күйші еді. Құрманғазы жастайынан домбыра шертіп, көпшіліктің ілтипатына бөленді. Күйшінің шығармашылық табыстарға қол жеткізіп, өрлеуіне Бөкей ордасының Байжұма, Баламайсан, Байбақты, Соқыр Есжан сынды атақты күйшілері үлкен ықпал еткен. Олардан тәлім алып өскен Құрманғазы қазақ халқының ұлы сазгері атанды.
Құрманғазының күйлері қазақ елі өмірінің әлеуметтік жыр-сыры, азаткерлік рух ұраншысы іспетті. Ұлттық тарихымыздың әуен тілінде жазылған ұлы эпопеясы деуге болатындай. Күйші шығармашылығындағы өзекті мәселелер - халықтың азаттығы мен жеке тұлға бостандығы. Өз туындыларында ХІХ ғасырдың 30-жылдары Исатай Тайманұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліске ерекше назар аударған. Құрманғазы бұл көтеріліске өзінің алғашқы туындыларының бірі "Кішкентай" күйін арнаған. Одан кейінгі "Ақбай", "Ақсақ киік", "Түрмеден қашқан", "Адай" күйлерінде ол халықтың азаттықты көксеген арманын, әділетсіздікке қарсылықты, қоғамдық мүдделердің өзара қақтығысын білдіреді. Құрманғазы туындыларында қоғам мен адамның арақатынасындағы айрықша әлеуметтік-психологиялық жағдайлар бейнеленеді.
Оның "Аман бол, шешем, аман бол", "Қайран шешем", "Ертең кетем", "Бұқтым-бұқтым" деген күйлерінде адам даусының ырғағы айқын берілген.
Құрманғазының ойнақы, мерекелік көңіл күйді білдіретін би ырғағымен жазылған күйлері ("Балбырауын", "Әсем") де бар.
Сергіту сәтіЖабырқауды білмейміз,Жалқаулықты сүймейміз.Еңбек етіп біз - дағы,Тұрғызамыз қаланы.Біз таланты жас ұлан,Үлгі аламыз жақсыдан
3. Сабақты бекітуОй толғаныс1. Құрманғазы Сағырбайұлы кім болған?2. Құрманғазы Сағырбайұлының қандай күйлерің білесің?3. Құрманғазы күйлері арқылы нені суреттейді?4. Қазіргі кездегі күйшілерден кімді білесің?5. Қандай күйлері аттың шабысын, халықтың ерлігінсуреттейді?6. Қандай күйлері адамның тіліне жақын?7. Қандай күйлері туған жерге деген сағынышты елестетеді?«Ақын орындығы»Ұйқас бойынша өлең құрату................ домбыра................ сен ғана.Құрманғазы атамнан,............... сен ғана.
4.Үй тапсырмасы : Құрманғазы Сағырбайұлы туралы қосымша деректер жинап келу.