??рман?азы ата та?ырыбына ?мж ?дебиеттік о?у 2 сынып


13.04.15. Әдебиеттік оқу 112-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Құрманғазы ата. Байбота Серікбайұлы
Сабақтың мақсаты: 1.Құрманғазы жөнінде оқушылардың білетіндерін жаңа мәліметтермен толықтыра түсу.
2.Эстетикалық қызығушылығын арттыру, қиялын дамыту, сөзді қорларын молайтып, жүйелі баяндай білуге үйрету.
3.Өнер адамдарына деген құрмет сезімін туғызу.
Сабақтың типі: аралас.
Сабақтың түрі: дәстүрлі.
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, әңгімелеу, талдау, жинақтау, эвристикалық әдіс, көрнекілік, қиялын дамыту, елестету.
Сабақтың көрнекілігі: Құрманғазының суреттері, үнтаспа, тапсырмалар.
Пәнаралық байланыс: ән сабағы, қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру жұмысы.
Ынтымақтастық атмосферасын құру.
2.Үй тапсырмасын тексеру:
«Шоқан мен өнерлі бала Мысық» мәтінін әңгімелеу.
3.Жаңа сабақ.
- Құрманғазы кім деп ойлайсыңдар?
Мұғалімнің түсіндірмесі: Құрманғазы Сағырбайұлы домбырашы болуға бала күнінен әуестенеді. Оның алғашқы ұстазы– Xан Базар күйшісі Ұзақ. Есейе келе Құрманғазы домбырашылықты кәсіби өнерге айналдырады. Құрманғазы ыза кегін домбырадан төгілген күйлері арқылы суреттейді.Оның күйлері халық арасына кеңінен таралып, көпшіліктің көңілінен шығады. Құрманғазының«Адай», «Балбырауын», «Көбік шашқан», «Сарыарқа», «Қайран, шешем» т.б. күйлері қазақтың аспапты музыкасының құнды қорында сақталған.
4.Сөздік жұмысы.
5.Оқушылардың өлеңді мәнерлеп,тізбектей оқуы.
Құрманғазының «Балбырауын», «Сарыарқа»күйлерін үнтаспадан тыңдату.
а) Күйден алған әсеріңді әңгімелеп көр.
ә) Осы күйлерді тыңдағанда көзіңе не елестеттің?
6.Жаңа білімді бекіту.
Құрманғазы Сағырбайұлы кім? Қандай күйлерін білесің?
Құрманғазының атақты күйші болуына кім әсер етті?
Күйлер тарихы туралы не білесің?
Күйді домбырадан басқа қандай аспаппен орындауға болады?
7.Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқу. Құрманғазы Сағырбайұлының күйлерін тыңдап, күйден алған өз сезімдерін әңгімелеу.
8.Бағалау