М??алімні? шы?армашылы? есеп ?лгісі


ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕСЕП
Мен,   Абитчанова Гүлзада Закирқызы 1993-1997 жылдары Мағжан Жұмабаев атындағы Петропавл педагогикалық колледжде қазақ тілді емес мектептерде бастауыш сынып қазақ тілі мұғалімі мамандығына оқып, 2000-2003 жылдары Қостанай әлеуметтік техникалық академиясын бастауыш сынып мұғалімі , 2014 жылы   Қостанай педагогика институтының қазақ тілі мен әдебиеті пәні факультетін бітірдім. Алғашқы еңбек жолымды 1998 жылдан Барвинов орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып бастадым. 2003 жылдан осы мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып қызмет жасап келемін.  Еңбек өтілім  18 жыл.  І санатты.
Мен өзімнің іс-тәжірибемнің негізгі мәселесі етіп, бүкіл оқыту барысында оқушының тілін дамытып, сөз байлығын арттыруды қолға алдым. Оның басты себебі ақпараттық технология кең етек алып, космостық жылдамдықпен даму заманында оқушылардың тіл байлығының төмендеп, сабаққа зейіні азайып, қызығушылығы төмендеп,жаттанды білім алуына жол бермеу қажеттілігінен туып отыр. М. Қашқари « Бастамастан бұрын мақсатыңды ойла» демекші менің мақсатым :
Оқушылардың ой- қиялын дамытуға, өз ойын еркін айтуға, сөздік қорын молайтуға, өз ойына қорытынды жасап, жүйелі сөйлеуін үйлестіруге және де оқушыларды ізденімпаздыққа, мемлекеттік тілді игеруге, сауатты оқу мен жазуға төселдіруге баулу.
Міндетім:
-Әр оқушыны ынталандыру, көкірегіне сенім ұялата білу
-Әрбір оқушының жеке- дара ерекшелігін ескеру
-Оқушылардың қабілеттері мен шығармашылықтарын қалыптастыру
-Оқушылардың тілін дамытып, сөздік қорын молайту
-Берілген тапсырманың тәрбиелік мәніне, ол тапсырманың түсінікті болуын қадағалау.
Мұндай мақсат пен міндеттерді қоюыма ықпал еткен балалардың өз бойындағы қабілеттері мен ынталары десе де болады. Мен тек сол қасиеттерді одан әрі дамыту жолдарын іздестірдім. Жалпы педогогика пікірі бойынша қабілетсіз бала жоқ. Барлық баланың да бір нәрсеге қабілеті болады. Тек соны дұрыс бағытта жетілдіру керек. Сондықтан бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін жасалатын жұмыстарды да дұрыс талдау қажет.
Қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын, қазіргі қолданып жүрген пән ерекшеліктеріне қарай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы. Сондықтан, мен өзімнің ұстаздық тәжірибемде педагогика сыни тұрғысынан ойлаудың технологиясын жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде үнемі   қолданып келемін.
«Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай   болмақшы», яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептің оқушылары да білімді болмақ. Сондықтан өз білімімді ылғи да көтеріп отыруға тырысамын.
2016 жылы наурыз- сәуір айларында Қостанай педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтында ұйымдастырған «Тиімді оқыту» деңгейлік курсқа қатыстым. 2016 жылы қараша айында «Тәжірибедегі рефлексия» мұғалім шеберлігін көтеру орталығы өткізген мектеп тренерлері бағдарламасы бойынша білімімді көтердім, 2016жылы желтоқсан айында аудан көлемінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында семинар өткізіп, өз білімімді әріптестеріммен бөлістім.
Сондай-ақ 2015 жылы «Сарыкөл» аудандық газетке «Қазақ тілі мен әдебиеті апталығы» атты мақалам, 2016 жылы «Учительская плюс» облыстық мұғалімдер газетінде «Жаңашылдыққа бастар жол», «Тілдік ортаға ену әдістемесі» атты мақалаларым жарық көрді. 2016 жылы наурыз айында «Жаңаша ойлап, жаңаша жұмыс істейміз» атты Қостанай педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтында облыстық журналға «Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында АКТ-ны тиімді пайдалану» деген мақалам шықты.
«Infourok.ru.» халықаралық интернет ұстаздар сайтында жеке парақшамда баяндама,
ғылыми жоба, сабақтарым жарық көрді.
2016 жылы «Қазақ тілі және әдебиеті сабақтарында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру мақсатында оқыту мен оқу үдерісіне жаңа тәсілдерді енгізу» аудандық семинарында қазақ тілі пәнінен «Lesson Study»тақырыбында шеберлік сынып өткіздім. Осы семинарда 7 сынып оқушыларымен «Мен Президент болғым келеді » атты ашық сабақ өткіздім.
Облыстық білім басқармасында өткізілген онлайн конференцияға қатысып «Мектеп және Отбасы» атты баяндама оқыдым.
«Мәңгілік Ел идеясын жүзеге асыру» туралы есеп беру баяндамасы бойынша, 2016-2017 оқу жылы басында, тамыз кнференциясында сөз сөйледім.
Оқушылар Республикалық,облыстық, аудандық сайыстарға үнемі қатыстырылып мынадай нәтижелік көрсеткіштер көрсетті.
Год, дата, месяц Наименование мероприятия Уровень Результат
2014 Зенченко Яна «Қазақшаңыз қалай?» районный 2 место
2014 Абенова Альбина «Абай, Шәкәрім оқулары» районный сертификат
2015 Лескевич Ирина «предметная олимпиада» районный 2015 Микитайчук Алина «Қазақшаңыз қалай?» районный 3 место
2015 Пристав Дмитрий «Тіл шамшырақтары» районный 3 место
2015 Пристав Дмитрий «Дистанционная олимпиада» республ сертификат
2016 Тіл ұшқыры дист олимпиада;
Шатохина Регина
Байдосов Нуржан
Бондаренко Евгений
Ниязов Дархан
Кушмет Александр
Республикалық қашықтықтан өткен олимпиада 3 орын
сертификат 1 орын
2 орын
сертификат
2017 Лескевич Ирина «Дарын» республикалық ғылыми- практикалық орталық «Тіл – ел тәуелсіздігінің нышаны» олимпиадасы 1 орын
2017 Шатохина Регина «Дарын» республикалық ғылыми- практикалық орталық «Тіл – ел тәуелсіздігінің нышаны» олимпиадасы 2 орын
2017 Бондаренко Евгений «Дарын» республикалық ғылыми- практикалық орталық «Тіл – ел тәуелсіздігінің нышаны» олимпиадасы 3 орын
Үш жыл көлемінде өзім мынадай жетістіктерге қол жеткіздім.
Алғыс хат, Халықаралық «Инфоурок» сайтынан 2017 ж
Алғыс хат, Барвинов орта мектебі, 2015 жыл
Мақтау қағазы Тәттіқара атындағы жыр, термелер байқауы, Сарыкөл аудандық тілдерді дамыту орталығы 2015 ж
Мақтау қағазы «Мемлкеттік тіл- менің тілім» Сарыкөл аудандық тілдерді дамыту орталығы 2015 ж
Мақтау қағазы Сарыкөл ауданы білім бөлімінен, 2016 ж
Мақтау қағазы «Тамаша- шоу» Сарыкөл аудандық тілдерді дамыту орталығы 2015 ж
Біз қашан да «Білім мен тәрбие егіз» дейміз. Шындығында да ,сапалы білім, саналы тәрбие астасқан ұлт тірегі. Осы тәрбие саласы бойынша 2014 жылдан бері 7-сыныпқа сынып жетекшілік қызметін атқарып келемін. Сыныбымда түрлі тәрбие саласында тәрбие сағаттары өтіледі. Сынып оқушыларымен бірге әртүрлі сыныптан тыс іс-шараларға қатысып отырамыз. Сынып ата-аналарымен де үнемі тығыз байланыс жасаймын және түрлі тақырыпта әңгімелер, тренингтер өткізіп, сауалнамалар алып отырамын. Оқушы, ата-ана және сынып жетекшісі арасында сенімді, сыйлы қарым-қатынас орнату – менің басты назарымда.
Білім мен тәрбие сапалы болу үшін әр мұғалім сапалы еңбек ету керек.
Соңғы екі жылдағы пән бойынша оқушылардың білім сапасы төмендегідей:
2014-2015 оқу жылы-48%
2015-2016 оқу жылы -58%
2016-2017 оқу жылының 1 жартыжылдығы-62%

Сөз сонында айтарым, ұстаз қай уақытта  болмасын оқушы көкейінде қалықтап, жүрегіне нәр құюы керек! Міне сонда ғана ұстаз-ұстаз болмақшы.
«Шәкіртсіз ұстаз –тұл»,- демекші алдағы уақытта жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде, мемлекеттік тілді дамытуға өз үлесімді қоса бермекпін. Шығармашылық есебімді мына өлең жолдарымен аяқтаймын:
Жүздері жылы, сөздері нұрлы шуақты,
Жанының мөлдір сарқылмас берер қуаты.
Жасырын жатқан жұмбақтың тауып шешімін
Жағатын сөнбес жүрекке білім-шырақты.
Ұстазда бәрі – өсиет, үлгі- өнеге,
Ұстаздан алар алғашқы бағыт өнерге.
Ұстазда мейірім, аялы ыстық алақан
Ұстазда аппақ ананың асыл жүрегі.
Тыңдағандарыңызға рахмет!
Мектеп әдістемелік кеңесінде тыңдалды: