«Фигураларды салу. Практикалы? ж?мыс» та?ырыбы бойынша саба? жоспары


№22 сабақ
Сыныбы: 7 «А», 7 «Ә» Күні: 19.02.2016ж
Сабақтың тақырыбы: Фигураларды салу. Практикалық жұмыс.
Сабақтың мақсаты: Векторлық объектілерге амалдар қолдануға, фигуралармен жұмыс жасауға үйрету.
Сабақтың міндеттері:Білімділік: Векторлық бейнелерді құрып, оларды өзгертуге, өшіруге, фигураларды қолдануға қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымдарын, ой - өрістерін, пәнге деген қызығушылықтарын дамыту.Тәрбиелік: Эстетикалық талғамдарын қалыптастыру, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.Сабақтың түрі: Аралас сабақСабақтың әдісі: түсіндіре баяндау әдісі, сұрақ - жауап әдісі, көрнекілік әдісі.Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар, компьютер, слайдтар.Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 2. Үй тапсырмасын қайталау.
3. Жаңа сабақты түсіндіру. 4. Оқушыларды бағалау 5. Үй тапсырмасын беру.
1. Саламатсыздарма, оқушылар! (оқушыларды отырғызып, түгелдеп, журнал толтырып, жаңа сабаққа дайындығына, оқу құрал-жабдықтарының барына көңіл бөлемін). Дәптерлеріңді ашып, сабақ тақырыбын жазып алыңдар.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру. Сонымен балалар, үйге қандай тапсырма берілді? Ия, кім дайын? Қайталау сұрақтары:
1. Inkscape қандай редактор?
2. Inkscape құжаттарын қандай пішімдерде сақтау керек?
3. Қалай сақтау және Көшірмесін сақтау бұйрықтарының қандай айырмашылықтары бар?
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Inkscape графикалық редакторында фигура салу арнайы құралды таңдау керек, панель параметрлерінде қажетті параметрлерді орнатып, контур және құйып бояу түстерін таңдап, кенепте созу қажет.
Тікбұрыш тікбұрыштар мен шаршыларды салуға арналған.
Көлемді тікбұрыш паралелепипедтерді салуға мүмкіндік береді.
-1543056868160Эллипс эллипстердің, доғалардың және дөңгелектердің кескінін салу үшін пайдаланылады.
Көпбұрыш тұйық көпбұрыштармен жұлдыздарды салады.
Спираль спиральдарды салады.
Оқушылар, фигураларды пайдаланып, төменде берілген фигураларды салайық.


Фигуралардың түсіне, түріне мән беріңдер. Кейбіреулері тұтастай боялған болса, кейбіреулері прозрачный етіп боялған.


Обводка түрін, қалыңдығын өзгертіп салыңдар.

Фигураны бояу кезінде градиент түрін өзгертіңдер.

4. Бекіту сұрақтары. Сонымен, балалар, бүгін біз Inkscape бағдарламасында фигуралармен жұмыс жасауды үйрендік.
1. Inkscape бағдарламасында қандай фигуралармен жұмыс жасауға болады?.
2. Фигураның түсін қалай өзгертеміз?
3. Фигура шекараларының қандай түрлерін білесіңдер?
5. Бағалау. Үйге тапсырма. §22. Фигураларды салу тақырыбын оқу, мазмұндау. 114-118 беттер.