Д??гелек ?стел 1Типологиялы? дамуды? жалпы за?дылы?тары. Даму кезе?іні? кризистері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«ӨРЛЕУ» БАҰО» АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша
«Оқытушы-оқушы қарым-қатынас үдерісінде әлеуметтік-коммуникативтік психологиялық кеңес беру»
біліктілікті арттыру курсының бағдарламасы бойынша
Дөңгелек үстел
Типологиялық дамудың жалпы заңдылықтары. Даму кезеңінің кризистері
Курс тыңдаушылары :
Рыспаева А.К.,
Ақсу қаласы № 1 ОМ
Хапыш Х.
Қараағаш ОМ
Павлодар, 2014
Мазмұны
Кіріспе
Психологиялық даму кезеңдерінің теориялық негіздері
Даму кезендерінің зандылықтары
Даму психологиялық әдістері
Даму психологиясының терминдық түсініктері
Қорытынды
Қолданған әдебиеттер
Кіріспе
Мақсаты: Типологиялық даму кезендерінің зандылықтарын анықтау және білім біліктілікерін жетілдіру.
Міндеттері:
Писхалогиялық даму кезеңдерінің теориялық салалары
Даму кезендерінің зандылықтарын анықтау
Даму психологиялық әдістерін талқылау
Даму психологиясының терминдық түсініктерін ашу
Баланың есеюін, оның психикалық дамуын түсіну үшін ең алдымен «даму» деген сөзге тоқталайық. Даму дегеніміз өзгерілудің бір түрі. Бірақ өзгерілудің бәрі даму болып есептелінбейді. Даму деген ұғымды көпшілік әдебиеттерде қарапайым түрден күрделі түрге көшу деп түсінеді. Даму тек алға қарай өсу (прогрессивтік түрде өсу) ғана емес. Даму кейде регресшіл (кері кету мағынада да) кездесуі ықтимал. Психика дегеніміз тіршілікті қамтамасыз етуге арналған қасиеттің бір түрі болып табылады. Әсіресе, тіршілік дүниесінде даму прогрессивтік түрде өріс алады. Кейбір зерттеушілер адам психикасының прогрессивтік дамуын бірбеткей түсініп, оның осы қасиетінің өзгерістерге ұшырауының шегі жоқ, өзгерілгенде ешқандай қалдықсыз, түгі қалмай өзгереді дейді. Психика дамуы үшін жаңамен қатар, көне, ескіден қалған қалдықтар болуы шарт. Психиканың дамуында көнеден қалған қалдықты «инвариант» (лат. тілінен «өзгерілмейтін») деп аталады, осыған тіректелетін жаңаны «өзгерілгіш» деп аталады. Психиканың дамуын дәлелдеуге енгізген осы ерекшеліктің мәнін түсіну үшін мына мысалға жүгінейік: біз баспалдақпен жоғары шығу үшін, әуелі бір аяғымызды көтереміз де, сол кезде екінші аяғымызбен табалдырыққа тіренеміз, егер біз бір аяғымызбен табалдырыққа тіренбесек, екінші аяғымызды көтере алуымыз мүмкін емес. Психиканың дамуы да осы сияқты. Егер психиканың дамуында болып тұратын өзгерістер болмаса, яғни ол өзгеріп жарымайтын психиканың инварианттық қасиетіне сүйенбесе, онда ол алға қарай жылжи алмайды.
Психикалық дамудың жаңа сапалары бұрынғыдан қалған «кескінділерді» өзіне тірек ретінде пайдаланбайды. Себебі жаңа сапа тұтас күйінде кездеседі, – дейді. Мұны «қирау» теориясы деп атайды. Бұл теория диалектиканың тек сан жағынан ғана емес, сапа жағынан да дамудың түрлері кездеседі. Психика үнемі өзгерістерге ұшырайды, бірақ оның құрамының бәрі бірдей өзгермейді.
Биологиялық және әлеуметтік факторлардың бала психикасының дамуына әсері. Қоғамдық ортада әлеуметтік жағдай адамға тікелей әсер ете алмайды, тек психофизиологиялық процестің негізінде ықпалын тигізе алады. Бірақ кейде зерттеушілер «экологиялық» деген сөзді «тұқым қуалаушылық» мағынасында қолданады. Осылай болғанның өзінде де тұқым арқылы берілетін қасиеттер баланың пихикалық тұрғыдан қалай дамитынын толық түсіндіре алмайды.
Психикалық даму және оқыту. Бала психикасы тек оқытудың негізінде қалыптасады. Осыған орай баланың ықпалын дамыту үшін алдымен оны оқыту керек. Выготскийдің айтуынша, оқыту баланың есеюін тездетеді. Егер баланы ақылды етемін десеңіздер, оқыту тәсілдерін оның қолы жеткен даму дәрежесіне дәл ықшамдай, шамалы алға қарай оздырып жүргізу керек. Сонда ғана баланың ой-өрісін алға қарай сүйрейтін болады, – дейді.
Психологиялық даму кезеңдерінің теориялық негіздері.
Даму психологиясының пәні.
Даму психологиясы- психология ғылымының саласы. Оның зерттейтін пәні- адам психикасының жас ерекшелік динамикасы, даму үстіндегі адамның психикалық процестері мен психологиялық қасиеттерінің онтогенезі. Балалар психологиясы, төменгі сынып оқушылары психологиясы, жеткіншектер психологиясы, балаң жас өспірімдер психологиясы, геронтопсихология даму психологиясының тармақтары болып табылады. Даму психологиясы психикалық процестердің жас ерекшеліктерін, білімді игерудің жасқа лайық мүмкіндіктерін, жеке адамның дамуының жетекші факторларын, т.б. зерттейді. Даму психологиясының салалары. Жасына, жас шамасына қарай даму барысы деген не? Бұл сұраққа жауап адамның психикалық даму табиғатын түсінудегі жалпы қарым-қатынасқа байланысты болады. Айтылып жүрген көзқарастардың біреуі даму сатыларының өзгермейтіндігін, абсолютті болатындығын дәлелдеуге келіп саяды. Жас жөніндегі мұндай ұғым психологиялық дамуды табиғи биологиялық процесс деп түсінумен байланысты. Қарама-қарсы көзқарас- жас даму білім мен дағдылардың жәй жинақталуы ретінде ғана қарастырылады.
Кеңес психологиясы жас кезеңдері тарихи сипатта болады деп, П.П.Блонский мен Л.С.Выготский бұл тұжырымдамаларды одан әрі қарай дамытты. Т арихи даму процесінде балалар өсетін жалпы әлеуметтік жағдайлар, оқытудың мазмұны мен әдістері өзгеріп отырады және бұлардың барлығы дамудың жас кезеңдерінің өзгерісіне әсер етпей қоймайды.
Адамның жас ерекшеліктері көптеген жағдайлардың жиынтығымен анықталады. Бұл- әрі балаға оның өмірінің осы кезеңінде қойылатын талаптар жүйесі әрі айналасындағылармен қарым-қатынастарының мәнісі, әрі ол игеретін білім мен іс-әрекеттер типі, әрі осы білімдерді игеру тәсілдері. Жас шағына тән ерекшеліктерді анықтайтын жағдайлардың жиынтығына баланың дене дамуының түрлі жақтарының ( мысалы, сәбилік шақтағы белгілі морфологиялық құрылымдардың жетілуі, жеткіншек шақтағы организм өзгерістерінің ерекшелігі т.б. ) ерекшеліктері де енеді.
Даму ерекшеліктерін анықтайтын сыртқы жағдайлар балаға тікелей әсер етпейді. Ортаның қайсыбір элементтерінің қандай да бір бұрын дамыған қандай да бір психологиялық қасиеттер арқылы өтетініне байланысты әр балаға объективті түрліше әсер етеді. Осы сыртқы және ішкі жағдайлардың жиынтығы жастың өзіне тән ерекшеліктерін анықтайды да, ал олардың арасындағы қарым-қатынас өзгерісі келесі жас кезеңдеріне көшудің қажеттілігі мен ерекшеліктеріне сабақтас келеді.
Адамның дамуын айналасындағылармен қарым-қатынас жасаудың даму деңгейі бөлімдердің, тәсілдердің, қабілеттердің даму деңгейі арасындағы байланыс анықтайды.
Адамның өмір сүру ерекшелікиеріне байлнысты, психикалық даму ерекшеліктеріне сәйкес жас кезеңдерін былай топтастыруға болады:
1. Нәрестелік кезең / туғаннан 1 жасқа дейін /
2. Бөбек кезең / 1 жастан 3 жасқа дейін /
3. Мектепке дейінгі кезең / 3 жастан 7 жасқа дейін /
4. Бастауыш мектеп кезеңі / 7 жастан 11 жасқа дейін /
5. Жеткіншек кезеңі / 11 жастан 15 жасқа дейін /
6. Жоғары сырып кезеңі / 16 жастан 17 жасқа дейін /
7. Жасөспірімдік кезең / 17 жастан 20-23 жасқа дейін /
8. Жастық шақ / 20 жастан 30 жасқа дейін /
9. Кемелдік кезең / 30 жастан 55-60 жасқа дейін /
10. Қартаю кезеңі / 60-70 жас аралығы /
11. Кәрілік кезең / 70 -тен жоғары /
Дамудың әмбебап заңдылықтары сентизивтік кезеңдер.
0 - 6 жас аралығы -  сөйлеудің даму кезеңі.
Ең алғашқы жас кезеңінде бал өзінің ана тілінің интонациялық суреттері мен артикуляциясын  меңгереді.  Екінші жылында баланың сөз қоры артып, сөйлей сөйлеу ситуативті жағдайдан шығып, қарапайым фразалардан арнайы сөздердің бірігу процесі жүзеге асады, көптеген граматикалық нормалар меңгеріледі.  2,5 - 3 жаста жоғары нүкте; бала түрлі жалғау мен есімдіктерді пайдалана бастайды.  Өз - өзімен сөйлеседі, адамдармен әңгімелесуге мұқтаж болады.  Бұл жаста сөйлеу қарым - қатынас пен әрекетті бақылау болып табылады.  
0 - 5,5 жыл сенсорлық даму, қабылдаудың анықтылығы,  сезім мүшелерінің даму кезеңі.  
Бұл кезеңде бала адамға тән барлық сезімдерге ие бола бастайды, бірақ та заттай қабылдау сенсорлық этаномонның меңгеруін талап етеді, ол қоршаған шындықтағы оъектілерді қабылдайды, қатысады.
1 - 4,5 жыл – іс - әрекет пен іс - қимылдарды меңгеру кезеңдері.
Іс - қимыл – бұл дені сау баланың жағдайы болып табылады.  Балалардың іс - қимылдық белсенділігінің шектелуі психика дамуының тоқтап қалуына алып келеді.  Өмірінің бірінші жылында бала өзінің дене қалпын меңгереді, оның әрбір бөлігін басқара алуға үйренеді, ойлауға, отыру мен тұруға үйренеде.  Бұл әрекеттің орталық бөлігі ең алғашқы қадам басу сәті болып табылады, яғни адамның тіке жүре бастауы болып табылады.
1,5 - 3 жыл – тәртіпті қабылдау кезеңі.  
2 - 2,5 жыл – жоғары нүкте.  Бала тәртіпті талап ете бастайды, қоршаған ортадағы тұрақтылықты, заттарды өз орнына қояды, әртүрлі әрекеттерді дәстүрлі түрде, тиянақты орындай бастайды, балаға жағдайлардың бірізділігі мен басқа адамдармен қатынасының тұрақтылы қажет бола бастайды.  (осылаша қауіпсіздікке деген қажеттілік пайда бола бастайды)
1,8 - 3,5 жыл – майжа заттарға деген қығушылықтың пайда болу кезеңі.
Балада қолдардың бұлшық еттері мен саусақтарының дамуына деген қажеттілік туындайды.  
2 - 6 жыл  -  әлеументтік бейімделі кезеңі.
Бұл жаста бала өзін сезіне бастайды, үлкендерге деген тәуелділік төмендейді, оған басқа балалар қызық көрінеді, топтағы әрекет түрлері, құрдастары мен үлкендермен қатынасы да қызықтырады.  Ол әрекет түрлерін меңгере баастайды, мәнерлі сөйлеуге үйрене бастайды, өзінің мінез құлқын айқын көрсете бастайды. Оның әрекеттері қоршаған орта арқылы жеңіл өзгеріп, түзетіліп отырады. Бала әртүрлі рөлді өзіне қойып көреді.  Мәдениетті меңгерудің қарқынды кезеңі басталады.  
Жас ерешелік сентезивтілік -  бұл нақты бір жас кезеңіне тән негізгі психологиялық қасиеттер мен процестердің меңгеруіне қолайлы жағдай болып табылады. Жас ерекшелік сентизивтілік кезеңіне кешігушілік немесе алдын алушылық жағдайында оқу прогресі жетерліктей эффектиктифті болмайды.  
Сентизивтілік период деп – баланың өте сезімтал, әртүрлі әрекет түрлеріне көңіл бөлгіш, эмоционалды әсер ету тәсілдеріне де – аса көңіл бөлгіш кезеңін айтамыз.
Сөйлеудің дамуындағы сентизивтілік кезең.
Орташа есеппен 0 ден 6 жасқа дейін созылады, және де баланың өмірге келуінен бұрын пайда болады (мәселен, ананың әлі дүниеге келмеген құрсақ ішіндегі баласымен әңгімелесуін оған өлең айтып беруін еске түсірейік).
Балалар дыбысқа еліктей бастайды.
1-жасында:
-   Бала саналы түрде алғашқы сөзін айта  бастайды; Оның өмірінде алғашқы рет сөздік ойлау көрінісі пайда болды;
Бірақ та бала фрустрация ситуациясына түседі.  Бұл сөздің қандай бір мағынаны білдіретін жақсы біле тұра, өзінің ойын толық жеткізе алмағанынан.
Тәртіпті қабылдаудағы сентазивтік кезең.
Бұл сентазивтік кезең туралы Мария Монтессоронның еңбектерінен басқа ел жерде келтірілмеген.  Оның әйгілі фразасын еске түсіреік: «Сананың шынай болмасын тәртіптілік негізінде көрінеді» деген.  
Бұл кезең 0 ден 3 жасқа дейін созылады – және де бұл кезеңнің жоғары деңгейі 2 - 2,5 жаста көрініс табады.
1.  Қоршаған ортадағы тәртіп.
Мұны орындау балаға мынадай жағдайларды шешуге көмектеседі:
-   заттар арасындағы байланысты.  Мұнда баланы қоршаған ортаны заттар арасындағы заңдылықтарға сәйкес орналастыру екені туралы айтылып отыр: ыдыс аяқтар ас бөлмесінде, аяқ киімдер аяқ киім қоятын жерде, киім шкафта, ойыншықтар барлық кезде өз орнында, яғни арнайы қобдишада, сондай - ақ баланың тамақтанатын, ұйықтайтын орнының тұрақтылығы, өзінің тамақ ішетін ыдысының болуы және т. с. с.
2.  Уақыттағы тәртіптілік.
Балаға күнделікті тәртібтің қажеттілігі өте маңызды.  Мұндай тәртібті орналастыруға ата - аналардың қатынасуы өте қажет.  Баланың 2 және 3 жастада мұндай жеке күнделікті тәртіпті ұстануын қадағалап отыру қажет.
3.  Үлкендердің балаға деген қатынасындағы тәртіптілік.  
Мұндай жастағы балаға үлкендердің миындай қатынасындағы тәртіптілік маңызды болып келеді.
  – үлкендердің балаға деген талаптары тұрақтары болуы қажет, яғни көңіл - күйге байланысты болмауы керек.
Сенсорлы дамудағы сентизивтік кезең.
Орташа есеппен бұл кезең 0 - ден 5,5 жылға дейін созылады. Баланың дамуындағы бұл кезең тек қана Монтессоридің еңбектерінде кездеспейді, сондықтан да біз тек қана арнайы ескертулер жасап өтеміз.
Әрине дені сау бала көре алады, естиді, иісті сезеді, дәм сезеді. Бірақ та сезім мүшелерінің дамуының жоғары деңгейі мен олардың белгілі бір ұйымдастырушы тек қана арнайы жаттығулар негізінде ғана болады.
Майда заттарды қабылдаудағы сензитивтик кезең.
Орташа есеппен бұл кезең 1,5 жастан 2,5 жылға созылады. Бұл кезеңді байқау өте оңай, және үлкендерге өте көп қиындық туғызады: бала түймелерімен, дөңгелектермен ойнай бастайды. Әрине үлкендер бұл қызығушылығында ешқашанда да пайдалы жақтарын көрмейді.
Негізінде, бала үшін бұл өте маңызды, ал бүгін нәрсенің өте майда бөліктермен тұратынын байқайды, және өмірде өте көп осындай жағдайлар туындап отырады.
Үлкендер де бұған мән беруі керек, яғни осыған қолайлы жағдай жасай білуі тиіс. Мәселен, баланың мұндай қажеттілігін қанағаттандыруы керек.
Іс - әрекет пен іс - қимылдағы сентитивтік кезең.
Орташа есеппен 1 жастан 4 жасқа дейін созылады.  Іс - қимыл барысында баланың қан айналым жүйесін дұрыс қызмет атқарып, психологиялық қызметтің дамуында қатысатын бас миының клеткаларын қажетті мөлшерде қамтамасыз етіп отырады.  Осылайша барлық тәрбиелік тәсілдер мен әдістер (сыныптық жүйені есептегенд) осы жастағы балалардың қимылын шектейтін әдістер, табиғи дамуды тоқтатуға жағдай жасайды.  Осыдан шығатын қорытынды, балаға өз қимылды өмір сәйкес келмейді, осындай тәсілдер көптеп кездесіп отырады (мәселен, теледидар алдында ұзақ отыру).
Әлеуметтік дағдылардың сентазивтік кезең.
2,5 - 6 жасында бала сыпай әрекеттің формалары мен қызыға бастайды.  Мұндай әрекет түрлерін меңгері өзімен - өзі туындап отырады, мәселен, көшеде темекі шегіп тұрған баланы көргенде оның ойында бейсаналық түрде сақталып қалады.  Бұл кезде балаға сыпайы қатынас формаларын үйрету керек, өйткені қоршаған ортада өзін сенімді, икемді сезінуі үшін.  Бала бұл кезеңде  қатынастың формаларын тез меңгереді және оларды жүзеге асырғысы келеді.  Ол басқа адаммен қалай керектігін, қоштасу, көмек сұрай керектігін туралы білгісі келеді.  
Сентизивтік кезеңдер.
Сентазивтік кезеңдегі шектеулілік баланың жеке дара даму ерекшеліктеріне тәуелді болып келеді.  
Дағдылар кезеңі:
Туылған кезеңнен барлық өмір барысы: сөйлеудің, дамуы.
Туылғаннан 3 жасқа дейін: сенсорлық дамуы.
Туылғаннан 1,5 жасқа дейін: іс - қимыл арқылы қоршаған ортаны тану.
1,5 жастан 3 жасқа дейін:
Сөйлеу мәнерінің пайда болуы.
1,5 жастан 4 жасқа дейін: бұлшық еттің дамуы.
2 жастан 4 жасқа дейін: қоршаған ортадағы тәртіп және міндеттер туралы уайымдау.  
2 жастан 6 жасқа дейін: музыкалық даму.  
2,3 жастан 6 жасқа дейін: сезімдердің пайда болуы.
2,5 жастан 6 жасқа дейін: әлеуметтік мәнерінің дамуы.
3 жастан 6 жасқа дейін: үлкендердің ықпалын қабылдау.
3,5 жастан 4,5 жасқа дейін: тактильді ссезімдеріннің дамуы.  
4,5 жастан 5,5 жасқа дейін: оқу.
Бөбек жасы кезеңінің өзіндік ерекшеліктері.
Егер нәрестенің психикалық дамуы тым қарапайым түрде кездессе, алдағы екі жылдың ішінде психикалық дамуы ірі өзгерістерге ұшырайды. Бөбек жасының аяқ кезінде / 3 жастағы кезі / бала ақыл-ойының дамуы жағынан едәуір жетістікке жетіп қалады. Психолог Б.Гудинаф өзінің еңбектерінде бөбек жасына аса көңіл бөледі. Оның ойынша, жаңа туған бала мен үлкендердің психикалық дамуының тең ортасы- бөбек /3 жас / жасы дейді. Ал осындай ірі жетістіктерге бөбек аз уақыттың ішінде қалай жете алады? Бұл жетістікке жетудегі себептің бірі / 1 жасқа толғанда / баланың түргелеп жүруі. Тікелей жүруге көшу бірден болмайтынын қазақтың балаға “тұсау кесу” дейтін ырымынан да белгілі. Бұл жетістіктің екінші себебі: әр заттың өзіне тән қызметін ажырату. Егер нәресте жасындағылар әр заттың қандай қызет атқаратынын білмесе, енді ол бөбек жасына көшкенде соның атқаратын қызметінің мәнісін түсіне бастайды. Бөбек психологиясының дамуына негізгі әсер ететін фактордың бірі: оның қарапайым ойындары мен балалар бақшасында тиісті өнерге үйренуі / сызу не үй салу т.б. / Бұл бөбектер үшін өзінше әрекеттің түрлері, сондықтан ойын мен іс-әрекеттер бөбек психологиясының дамуына үлкен әсер етеді. Мысалы, ойыншықтармен ойнау осы жас кезеңінің аяғында кездеседі. Әуелгі кезде бөбектер ойыншықтардың сылдарлауына, не бояуына мән берсе, бірақ нендей жәндіктің, не машинаның бейнасі екеніне мән бере алмайды.
Бөбек психикасының дамуын одан әрі өрістетуде оның сөйлеу әрекетінің қалыптасуының ерекше маңызы бар. Осыкезден бастап сөздерден сөйлем құрастыра бастайды. Бөбек 3 жасқа жеткенде 1200-1500 сөз біледі / осыған сәйкес 150-20-ге жуық морфемаларды меңгеруі мүмкін / . К.Чутовский өзінің “Үштен беске дейін” атты кітабында бөбектер қалай сөйлем құрастыра алады және осыған байланысты икемділігі тілші ғалымдардан кем емес екенін атап керсеткен болатын. Оның ойынша бөбектер тіпті ана тілінде кездеспейтін / бұрын айтып көрмеген / жаңа сөйлемдер құрастырады. Мұның себебі бөбек әлі қандай сөздер айтуға болатынын не болмайтынын білмейді. Себебі жаңа сөйлемді бірден естіп, оны қайталап отырған жоқ. Мұндай сәтсіздіктер кейін үлкендердің көмегімен түзетіледі.
Адам тек ұғымға сүйеніп ойланбайды. Оның ой-өрісі елестету бейнелеріне де негізделеді. Сондықтан әуелі бөбектің қабылдауы мен елестетуіне тоқталайық. Бөбек жасының бас кезінде / 1,.5-2 жаста / бала жан-жағына қарап заттарды заттардан, не таныстарды таныстардан ажырата алғанымен, оның қабылдауы әлі нашар дамыған. Бөбек әуелгі кезде заттың тек бір қасиетіне, не білгісіне мән беріп, өзге жағын елемейтін болады. Мысалы, бөбек “торғай” сөзді естіп, кейін осы сөзді нақты торғаймен ұшастырады да бұдан соң “торғай” деген сөзді естігенде торғайдың мұрны сияқты ағашты да торғай деп айтатын болған. Себебі торғайдың бейнесін бөбек әлі тұтас ажырата алмайды. Сол сияқты бөбек танысының суретін көргенде оның көшірмесі / бейнесі / демей, сол адамның өзі деп түсінеді. Себебі сол адамды ол танитын болғанымен, оның тек бір мүшесін / мұрнын, не шашы мен көзін / есте қалдырған. Ал бөбектің қабылдау үстінде заттың бірнеше қасиеттерінің, соның ішінде көлемімен, ұзындығымен, өңімен, түсімен т.б. танысуға келсек, осылар сол заттың бейнесімен бірге елестетіледі. Әдетте, елестету үзінді / фрагментарно / мен тоылқ болуы мүмкін. Бөбек жасының бастапқы кезінде тиісті зат жоқ болса да, оның бейнесін елестету оның үзінділерінде, не кездейсоқ жағына мән беруге негізделед. Бөбек жасының аяқ кезінде бала “шеңбер”, “төртбұрыш”, “үшбұрыш”, “тік бұоыш”, “көп бұрыш” т.с.с. ажыратып, соларды есінде сақтай алады. Сол кезде бөбек негізгі түстерді / қызыл, сары, көк, көкшіл, ақ, қара т.б. / ажыратып соларды қосымша түстерден айыра батайды.
Бастауыш сынып оқушысының психологиялық сипаты.
Бастауыш мектеп жасының / 7-11 жастың / өзінше жас кезеңіне бөлінуі оқудың / әсіресе орта оқу мектебінің / көп елдерде жаппай үстем алып дамып келуінен. Осы жас кезеңін өзінше бөліп алудың себебі- бұларда өтетеін оқу материалдарының ұқсас келуінен.
Бастауыш сынып оқушыларының оқу материалдарын меңгеруге мүмкіншілігі өте көп. Себебі олардың интеллектісі қарапайым ой операциясы дәрежесінде кездеседі. Кеңес психологы В.В.Давыдовтың пікірінше, көбіне оқушылардың оқу материалдары олардың ақыл-ой деңгейіне сай келмей отырады. Сондықтан, олардың оқуға мумкіншілігін толық пайдалану үшін тапсырмаларды одан әрі қиындата түсу керек.
Егер бұл жастағылардың негізгі іс-әрекеті ойын болса, оқуға кіргеннен кейін оқй қызметі шешуші рөл атқарады. Осыдан, оқу әрекеті – бала психикасының дамуына әсер ететін негізгі әрекет болып табылады. Ойынға қарағанда оқуға байланысты талаптар бала үшін күрделі болып келеді. Сонымен қатар, жаңа мектепке келген бала сыныптағы құрбыларымен қатынас жасап, осының нәтижесінде өзінің психикалық өрісін кеңейтеді. Дегенмен, алғашқы уақытта мектептегі жаңа жағдайға бала әлі бейімделе алмағандықтан, мынадай қиындықтар туындауы мүмкін:
бала мектептің, сыныптағы тәртіп ережелеріне бейімделе алмайды / белгілі уақытта тұрып, мезгілінде жатуға, сабақтан қалмауға, сабақ кезінде үнсіз тыныш отыруға үйрене алмағандықтан / қиналады;
Мұғалімнің өзіне тән мінезіне және құрбыларымен қалай қарым-қатынас жасауға үйрене алмағандықтан бала қиналады, мұғалімнен түсінбеген нәрсесін сұрауға ұялады;
Мектепке дейінгі кезеңдегі оқуға дайындық жеткілікті дәрежеде болмаса, мектептегі оқу материалдарын бала дұрыс меңгере алмайды;
Мектептегі оқытылатын материалдардың тым жеңіл келуі. Тапсырмалардың тым жеңіл келуі қиындықтармен күресуді тежейді, балалардың оқуға деген қызы;
Мектептегі оқытылатын материалдардың тым жеңіл келуі. Тапсырмалардың тым жеңіл келуі қиындықтармен күресуді тежейді, балалардың оқуға деген қызығушылығын арттыра білу керек.
Мұндай қиындықтарды ескеріп, назардан тыс қалдырмау керек.
2. Бастауыш сынып оқушысының анатомо-физиологиялық дамуы.
Мектепке келерде бала дене жағынан алға қарай едәуір өріс алып, бұлшық еттері мен шеміршектері және сүйектері едәуір нығайып қалады. Қол бармағының нығаюы 9-10 жаста қалыптасады да, табаны 10-11 жаста сүйектеніп бітеді. 7-8 жастың арасында бала 2,5 кг. қосады. Бойы жылына 5 см. қосып отырады. Бұл кезде әсіресе, жүрегі мен тыныс алу органдары қалыптасып қалады.
Баланың жалпы физикалық дамуы: қалыпты салмағы, бойы, кеудесінің аумағы, бұлшық ет тонусы, пропорциясы, терісі және елімізде 7 жастағы ұл балалар мен қыз балалардың физикалық дамуының орта нормасына сай келетін басқа да көрсеткіштері. Көру, есту, моториканың (әсіресе, қолдың білезік және саусақтарының ұсақ қозғалыстарының қалыптасуына ) жақсы болуына аса көңіл аудару керек. Жеткілікті білім мөлшерін меңгеру, яғни ой-өрістің мөлшері, осының негізінде сыныптағы жұмыс ұйымдастырылуы мүмкін. Негізінен, бұл сезім тәжірибесі, елестету, кейбір қарапайым түсініктер ( “өсімдіктер”, “жануарлар”, “мезгілдік құбылыстар”, “уақыт”, “сан”, ) және бірқактар фактологиялық сипаттағы мәліметтер ( адамдардың еңбегі туралы, туған жер туралы, мерекелер туралы ). Мектепте дайындаған баланың біліміне кеңістік туралы белгілі елестеулер кіреді ( алыс, бағыт, форма, заттардың көлемі, олардың кеңістіктегі ороналасуы және уақыт туралы, оның өлшем бірлігі туралысағат, минут, апта, ай, жыл).
Соңғы жылдары балаларды мектепке дайындау жоспарында балалардың кейбір әдеттерді, шеберлікті игеруі мен мінез-құлықтың маңызды дағдылары мен әрекеттерінің қалыптасуына үлкен мән берілуде: тұрмыстық , өзіне-өзі қызмет ету, гигиеналық, мәдени ( бір-бірімен сыпайы қатынас), еңбектік ( қарындашты, қайшыны, бояу жапқышты, инені пайдалану ).
Баланың мектепке дайындығының маңызды көрсеткіші болып олардың грамматикалық және фонетикалық байланысты, дұрыс сөйлеуді меңгеруі, басқаны өзіне тура қаратылып айтқан сөзін ғана түсіне білу, сондай-ақ өз ойын білдіру үшін өздігінен сөйлем құра білуі де жатады. Сөзді таңдай білу мен айта білу, сөздердегі ересектер көрсеткен дыбыстардың кейбірін ерекшелей білу есту арқылы ұқсас дыбыс тіркестерін айыра білу жатады.
Мектепке барғанда жазуды меңгеру үшін қолдың біезігі, саусақтардың ұсақ мускулатурасының жетілуі өте маңызды. Осы мақсатпен балалар тәрбиешінің жетекшілігімен балалар бақшасында әр түрлі жаттығулар орындайды: сурет салады, суретке сызықты түрлер салады, контур бойынша тапсырылған әшекейлерді қияды т.б.
Балалар жолдастарымен бірлесіп істейтін жұмысқа және өмірге дайындалған болуы керек: тыңдай білу, және басқаның сөзін бөлмеу, қиын кезде жолдасына көмектесу, басқалардың пікірлерімен санаса білу ғана қажет емес, сондай-ақ, егер белгіленген мінез-құлық ережелеріне сай келетін болса, өзіңнің дұрыстығыңды қорғай білу керек.
Мектепке барар алдында оқуға ықылас, білімге ынта, жаңаны білгенге қуана білуінің қалыптасуы өте маңызды. Осы негізде мектепте баланың оқу жұмысы процесінде терең және тұрақты таным мүдделері және жемісті де жүйелі ой еңбегі нәтижесінде пайда болған қуаныш тәрбиеленуі мүмкін.
Жеткіншек кезенінің баланың дамуындағы алатын орны мен маңызы.
Жеткіншектің кезеңінің шектері шамаме,н балардың орта мектептің V-VIII кластарында оқитын кезеңімен сәйкес келеді де, 11-12 жастан 14—15 жасқа дейінгі арлықты қамтиды, бірақ жеткіншектік жастың іс жүзінде басталуы V класқа өсумен тура келмей, бір жыл ерте не кеш болуы мүмкін.
Балалық шақтан ересектікке өту осы кезеңдегі дене, ақыл-ой, адамгершілік, әлеуметтік дамудың барлық жақтарынының негізгі мазмұны мен өзіне тән ерекшелігі болып табылады. Барлық бағыттарда сапалық жаңа құрылымдар қалыптасады, организмнің сана-сезімінің, үлкендермен және жолдастарымен қарым-қатынасын, олармен әлеуметтік өзара іс-әрекет әдістерінің , мүдделердің, танымдық және оқу іс әрекетінің, мінез-құлыққа, іс-әрекет пен қарым-қатынсақа арқау болатын.
Жеткіншектің жеке басының дамуының аса маңызды факторы – оның өзінің ауқымды әлеуметтікң белсенділігі; ол белгілі-бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендериен және жолдастарымен, ақырында өзіне қанағаттанарлық қарым-қатынас орнатуға (өзінің жеке басы мен өзінің болашағын, ниетін, мақсаты мен міндетін жүзеге асыру әрекеттерінің жолбалануы) бағытталады.
Алайда, жаңаның қалыптасу процесі біраз уақытқа созылады., бұл көптеген жағдайларға байланысты болады және осы себепті бүкіл майданда әркелкі болуы мүмкін. Мұның өзі біір жағынан жеткіншекке «балалық пен ересектіктің»қатар болуымен, ал екінші жағынан, сол бір ғана паспорттық жастағы жеткіншектерде ерсектіктің түрлі жақтырының даму дәрежесіндегі елеулі айырмашылықтары болуымен анықталады. Бұл қазіргі мектеп оқушыларының өміріндегі жағдайларда екі түрлі жай сәттерінің болуымен байланысты. Олар: 1) ересектік дамуын тежейтін жағдайлар: балалардың көбінде тұрақты және байыпты міндеттер болмай, тек оқумен ғана шұғылдануы, көптеген ата-аналардың балаларды тұрсымтағы еңбектен, қиыншылықтар мен қынжылыстардан қорғаштауға, түгелдей қамқорлыққа алуға тырысуы. 2) Ересектендіретін жағдайлар: мазмұны жөнінен сан алуан информацияның орасан зор тасқыны, көптген ата-анларадың бос уақытының аздығы, осының мүмкін салдары ретінде баллардың дербестікке ерте жетуі, жолодастарымен қарым-қатынастың жедел дамуы, дене күші даиуы мен жыныстық толысудың акселерациясы.
Осының бәрі ересектіктің дамуын анықтайтын алуан түрлі жағдайлар жасайды, осыдан келіп оның белгілі бір жақтары дамуының алуан түрлі көріністері мен елеулі айырмашылықтары келіп шығады. Мәселен, VII сыныпта бет пішіні мен мүдделері әлі балаға ұқсас, ер балалар да бар. Болашаққа деген жоспары айқын емес, мектеп оқушылары бар, ал болашақ мамандығына саналы түрде дайындала бастағандар да бар, кейбір қыз балалардың бар ойлағаны сән қуу мен ер балалар ғана,басқалары бұған онша мән бермейді, кейбір балалар үйінде нағыз қолғанат-жәрдемші болса, енді біреулері әбден ерке болып кеткен, тіпті тұрмыстағы қарапайым жұмыстарға ебі жоқ.
Жеткіншектердің ересектігінің дамуындағы жалпы бағыт әртүрлі және әрбір бағыттың көптеген варианттар болуы мүмкін. Мысалы қайсыбір интеллектуал үшін өмірде ең бастысы кітап пен білім болады, қалғанының бәрін ол әлі «нәресте» десеенді. Бір өлшем ұқсас осы варианттар ересектіктің дамуы әрқилы болады да, бұл орайда мазмұны әртүрлі өмірлік игіліктер қалыптасады, біреу үшін маңыздының енді біреуге құны жоқ. Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы адамның жеке басынығ моральдық және әлеуметтік негіздері қолданылакды, және олардың қалыптасуының жалпы бағыты білінеді Жасөспірімдік шақта олардың қалыстасуы жалғасады.
Жеткіншектік кезең қиын әрі сыналатын кезең деп саналады. Бұлай бағалау, біріншіден, осы уақытта болатын көптеген сапалық өзгерістерге байланысты, бұл өзгерістер кейде баланың бұрынғы ерекшеліктерін, мүдделері мен қарым-қатынастарын түбірімен өзгертетін сипатта болады, мұның өзі біршама қысқа мерзімде болуы мүмкін, көбінесе күтпеген жерден болады да, даму процесі секірмелі, қауырт сипат алады. Екіншіден, болып жатқан өзгерістер екінің бірінде бір жағынна жеткіншектің өзінде, әртүрлі елеулі субьективтік қиыншылықтардың болуымен қабаттасады. Оны тәрбиелеудегі қиыншылықтармен ұштасады, жеткіншек ересектерді ықпалына көне қоймайды, онда тіл алмаудың, қарсылық пен наразылықтың әр түрлі формалары шығады (қиқарлық, дөрекілік, қарсылық, тентектік, бүкпелік, тұйықтық).
Жеткіншектік кезеңдегі дамудың сыналу көріністерінің пайда болуында биологиялық және әлеуметтік жағдайлардың ролі туралы теориялық талас жарты ғасырдан астам уақыттан бері болып келеді. Бұл проблеманың аса маңызды педагогикалық мәні бар.
Кемелдік жастың өзіндік даму ерекшеліктері.
Кемелдік-шақ ең ұзаққа созылатын адам дамуын кезеңі (30-60 жас аралығы) көптеген арсында бұл кезеңді қалыпьтастыру мәселесі талас туғызып жатады. Біреулер бұл кекзеңді (зейнетке кету кезеңі ) деп анықтаса , енді біреулері “нағыз қоғам өмірін гулдендіретін” кезең деп анықтама береді. Э.Эриксонның пікірінше , кемелдік шақ 25-тен 65- жасқа деін созылады, яғни өмірдің 40 жыл уақтын алады деген сөз. Кемелдік жақта, жастық шақтағыдай өмірінің маңызды бөлігін кәсіби қызмет пен жанұялық қатынастар алып отырады. Бірақ та олардың әлеуметтік даму жағдайы өзгеріп отырады. Э.Эриксонның ойынша , кемелдік шақтың негізгі мәселесі бұл даму жолының прогрессивтілігі мен регрессифтілігі арасындағы таңдау болып табылады. Бұл жерде ересектің көзқарасында өнімділік ұғымы мынадай түсінікке ие: шығармашылық және кәсіби өнімділік болып табылады.
40 жастағы кризистің туындау кезінде адам өзінің өміріне қайта үңіліп, өмір мәнін іздестіре бастайды, “Я-концепциясын” жаңадан құра бастайды бұл крезиспен көптеген маңызды өзгерістер байланысты, мәселен , кәсібін өзгертуіне жаңа басқа жанұя құруына дейін баруы мүмкін. Кемелдік кезеңнің жаңа орталық шағы- бұл оның өнімділігі болып табылады. Яғни Э.Эриксон бойынша интегралды білім жүйесі, кәсіби өнімділік пен болашақ ұрпақ өміріне өз қорын қалдыру мәселесі болып табылады. Осыменен жастық шақта – орталық жастық жаңа білім бағыты болып, біріншіден, жанұялық қатынастар, ата-ана болу, екіншіден, кәсіби қабілеттілігі болса, онда кемелдік кезеңде осы екеуінің біріккен білім жүесі , алдағы меңгерілген дағдылар нәтижелерін бекіту ьолып табылады.
40- жастық кризис жағдайындағы аса маңызды мәселе - өмір жоспарының қайта түзілүімен байланысты “Я- конссепсиясының” өзгеруі болып табылады.
2. “Акмэ” және “акмеология” туралы ұғым.
Көптеген психолгтардың пікірінше кәсіби өнімділіктің поблемалары “акмэ”-гулдену өсудуң биік шыңы , кезеңдерімен түсіндіреді . ол антикалық заманның өзінде –ақ пайда болған. Ежелгі гректердің түсінігінше , “амеэ” деген ұғымы даму психологиясында кемелдік шақты зеттейтін сала болып табылған. Бұл саланы “акмэология” деп атамыз.
Көптпген зертеушілер, оның ішінде швейцарлық психолог Э. Клапаредтің, ойынша кемелдік кезеңдегі өзінің гүлдену - өсінуіне өзінің кәсіби шыңына жеткенде өзінің шыңына жеткенде адам өзінің дамуын тоқтатады, жеткен нәтижесінде тоқтап , өзінің шығамашылық потециялына қанағаттанады. Кемелдік кезеңдегі “акмэнің” бөлінуі- бұл кемелдік кезеңге әркелкі көзқарстардың пайда болуы, осыдан өмірлік елсенділікпен энергияның төмендеуі болып табылады. Г. Кайктің анықтауы бойынша, кемелдік бұл- жанұялық өмірдегі гулдену, өсу болып табылады. Кемелдіктің ерте және ортаңғы кезінде бірінші фаза сақталады, ортақ функциялар сапаларының прогрессивті даму фазасы жүзеге асады. Бірақта, екінші фаза да туындайды, бұл кәсіби қызмет процесіндегі арнайы психмкалық функциялар мен байланысты прогрессивті даму болып табылады. “АКМЭ” туралы түсінікті жақтаушылардың пікірінше акмеологияның негізгі міндеті-осы өнімді кемелдік кезеңнің туындау заңдылықтарын орналастыру болып табылады.
Сыналушы ұшқыштар, -кәсіби спортшылар, -әртістер өзінің “акмэсіне” кемелдік щақтың алғашқы кезеңінде жетеді, одан кейін біршама басылады. Басқа кәсіптерде мәселен, хирург-дәрігері, авиадиспетчер және т.б “акмэ” кемелдік шақтың ортасында немесе соңына қарай жетуі мүмкін.
Мұндай жағдайлардың барлығында да кәсіптік өнімділік шыңы шеберлік, білім, тәжірибе деңгейлерінің қажетті оптималды үйлестілігіне байланысты. “Акмэнің” мерзімі мен ұзақтығына адамның жеке тұлғалық ерекшеліктері әсер етеді. Мысалы, кез келген спорттың түрлерінде жас шағы ерекше маңызға ие.
“АКМЭ” мәселесі, әсіресе шығармашылық кәсіптегі адамдарда қызығушылық туғызады- оқымыстыларды, жазушыларда, ақындарда, крмпозиторларда, суретшілерде және т.б өте айқын мысалдарды келтіруге болады, А.Н.Верстовский өзінің шығармашылық өнімділік шыңына “Асколдова могила” 36 жасында жеткен одан кейінгі 27 жыл уақытында осы секілді шығармаларды шығара алмады.
3.Даму психологиясының әдістерін топтастыру. Ғылым – ең алдымен ісі. Сондықтан, ғылым сипаттамасы тек оның пәнін анықтаумен шектелмейді, әдістер аймағын тануды да қамтиды.
Даму психологиясында адамның психикалық қызметтің зерттеулерінің алуан түрлі әдістері бар. Оларды былай топтастыруымызға болады:
- бақылау әдісі;
- эксперимент әдісі;
- әңгімелесу әдісі;
- қызмет нәтижелерін зерттеу әдісі;
- анкета әдісі;
- тест әдісі;
- модельдеу әдісі;
- егіздерді зерттеу әдісі;
- социометрия.
Бақылау әдісі. Бұл даму психологиясында кең тараған. Бұл әдістің мәнісі, басқа адамның іс-әрекетін, оның мінез-құлқын, психикасын сыртқы көріністерін, қозғалысын, сөйлеген сөзін, мимикасын, оның қылықтарын жүйелі жоспарлы түрде бақылайды. Осыған орай ол адамның психикалық процестері, жай-күйі, қасиеттері жөнінде қорытынды жасайды. Бақылау әдісінің ерекшелігі, ол адамның психикалық көріністерінің табиғи сақталуын қадағалайды. Кемшілігі бақылаушы өзі күткен көрінісін тосуға тиіс.
Эксперименттік әдіс. Бұл әдістің маңызды ерекшелігі зерттеушінің керекті құбылыстың көрініс беруін тосып отырмай, оны туғызатындығы. Эксперименттік әдістің 2 түрі бар:
Лабораториялық эксперимент – арнаулы жағдайда, жайда өткізіледі. Табиғи эксперимент – табиғи жағдайда адамның іс-әрекетінің барысында өтеді. Лабораториялық эксперименттік әдісті ең алғаш ашқан орыс ғалымы А. Ф. Лазурский болған.
Әңгімелесу әдісі. Бұл әдісті қолданғанда мақсатын алдын-ала анықтау қажет. Негізгі сұрақтарды дайындау қажет. Әңгіменің негізгі мазмұнын, мәнін сақтай отырып, берілген жауаптарға сәйкес оларды түрлендіру қажет. Әңгіменің бүкіл барысында жайма-шумақ ықыласты сақтау керек.
Қызмет нәтижелерін зерттеу әдісі. Бұл әдіс адамның шамасы, дағдылары, жұмысқа деген қабілеті, білім деңгейі сияқты психикалық еркешеліктерін анықтайды. Балалардың жазған шығармаларын, суреттерін, күнделіктерін, еңбек сабағында істелген заттары арқылы, зерттеу арқылы болады.
Анкета әдісі. Зерттелушілерге бірқатар сұрақтарға жауап жаздырады. Жазба жауаптарға анализ жасалынады, содан соң статистикалық өңдеуден өткізіледі, одан кейін белгілі бір қорытынды жасалынады.
Тест әдісі. Ағылшын тілінен енген сөз («сынақ») деген мағына білдіреді. Арнайы дайындалған, стандартталған сұрақтар тізбегін тест деп атаймыз.
Интроспекция әдісі. Адамның өзінің ішкі дүниесіне үңіліп, зерттеу жүргізуі.
Егіздерді зерттеу әдісі. Егіздер 2 түрлі болады:
– бір жасушадан жаралған;
– екі жасушадан жаралған.
Бақылау әдісі, оның түрлері, ерекшеліктері. Бақылау әдісі – таңдамалы және жоспарлы түрде адамның психикалық әрекеттерін үйреншікті жағдайларда зерттеп, психикалық әрекеттердің ағымына ешбір өзгерістер енгізбей сипаттауды айтамыз.
Бұл даму психологиясында кең тараған. Бұл әдістің мәнісі, басқа адамның іс-әрекетін, оның мінез-құлқын, психикасын сыртқы көріністерін, қозғалысын, сөйлеген сөзін, мимикасын, оның қылықтарын жүйелі жоспарлы түрде бақылайды. Осыған орай ол адамның психикалық процестері, жай-күйі, қасиеттері жөнінде қорытынды жасайды. Бақылау әдісінің ерекшелігі, ол адамның психикалық көріністерінің табиғи сақталуын қадағалайды. Кемшілігі бақылаушы өзі күткен көрінісін тосуға тиіс.
Эксперимент әдісі және оның түрлері. Даму психологиясында эксперименттің рөлі өте зор. Бұл әдістің маңызды ерекшелігі зерттеушінің керекті құбылыстың көрініс беруін тосып отырмай, оны туғызатындығы. Эксперименттік әдістің 2 түрі бар:
1) лабораториялық эксперимент – арнаулы жағдайда, жайда өткізіледі;
2) табиғи эксперимент – табиғи жағдайда адамның іс-әрекетінің барысында өтеді.
Лабораториялық эксперименттік әдісті ең алғаш ашқан орыс ғалымы А. Ф. Лазурский болған.
Дамудың сензитивтік кезеңі (латын тілінен sensus -  сезім -  сезімталдық деген мағынаны білдіреді) – тұғаның дамудың жас кезеңдік интервалы болып табылады, бұл кезеңде ішкі құбылыстың бәрі қоршаған әлемнің ықпалына өте сезімтал болып келеді.  Сентизивтік кезең психологиялық функциялардың дамуына да өте  үлкен рөл атқарады.  Негізінен, бес жасқа жеткен балалар фонематикалық конструкцияларды қабылдауға өте сезімтал болып келеді, ал басқа жас кезеңде мұндай қабылеттік төмен деңгейде болады.  Сензитивті кезеңді дұрыс ұйымдастыру ең алдымен оқу кештерін ұйымдастыру қажет.
4. «Даму психологиясы» пәнінен терминдік сөздерге түсініктеме
Даму психологиясы - адам психикасының жас ерекшелік динамикасы, даму үстіндегі адамның психикалық процестері мен психологиялық қасиеттерінің онтогенезін зерттейтін психологияның бір саласы болып табылады.
Рефлекс – ( латын тілінен енген «бейнелеу» деген мағынаны білдіреді ) сырттан немесе іштен келетін тітіркендіргіштерге ағзаның қайтаратын жауап реакциясы.
Импульс – (латын тілінен енген «күш» деген мағынаны білдіреді). .
Инстинкт – ( латын сөзінен енген «санасыз ұмтылу» деген мағынаны білдіреді ) дамудың төменгі сатысында тұрған жануарларда кездесетін мінез-құлықтың қарапайым нәсілдік формасы.
Эволюция – ( латын тілінен енген «біртіндеп даму» деген мағынаны білдіреді ) бүкіл тіршіліктің тарихи тұрғыдан біртіндеп дамуы.
Синестезия – ( грек тілінен енген «қосарласқан түйсік» деген мағынаны білдіреді ) пайда болған бір модальды түйсіктің басқа модальды түйсікті қоздыруы.
Статика –( грек тілінен енген «тіке тұратын» деген мағынаны білдіреді ) денеміздің кеңістікте орналасу қалпын бейнелендіретін түйсіктерді айтамыз.
Вестибулярлық аппарат – ( латын тілінен енген “кіре беріс” деген мағынаны білдіреді ) .
Вибрация – ( латын тілінен енген “діріл” деген мағынаны білдіреді ) қозғалған дененің ауаны толқытуын бүкілл өн бойымызбен сезінген кезде пайда болған түйсіктерді айтамыз.
Иллюзия – ( латын тілінен енген “алдану” деген мағынаны білдіреді ) түрлі себептерге байланысты шындықтағы объектілерді қате қабылддауды айтамыз.
Галлюцинация – ( латын тілінен енген “қиялдану, шатасу” деген мағынаны білдіреді ) .
Ассоциация – ( латын тілінен енген “байланыс” деген мағынаны
тілінен енген “бір сөз” деген мағынаны білдіреді ) бір адамның сөзі, баяндамашының, лектордың сөздері.
Агглютинация – ( латын тілінен енген “желімдеу” деген мағынаны білдіреді ) қиялдағы елестерді топтастырудың қарапайым түрін айтамыз.
Аффект – ( латын тілінен енген “жан ұшыру, күйіп-пісу” деген мағынаны білдіреді ) қысқа уақытқа созылса да, бұрқ етіп қатты көрінетін эмоцияның түрі.
Амнезия – ( грек тілінен енген ) ес процесінің бұзылуын айтамыз.
Анализатор – түйсікті тудыратын анатомиялық- физиологиялық аппарат.
.
Аттракция – адамның басқа адамға ұнамдылығы, тартымдылығы.
Афазия – сөйлеу процесінің бұзылуы.
Генотип – жүйке қызметінің туа берілетін типі.
Медитация – объектіге ерекше шүйлігудің нәтижесінде ойдың тереңдей түсуі.
Микрония – заттың көзге кішкентай болып көрінуі.
Персеверация – көпке дейін естен кетпей қоятын бейне.
Онтогенез – ағзаның ұрықтанудан есейгенге дейінгі даму жолы.
Қорытынды
 Қорытындылай келсек, тіршілік дүниесінде даму прогрессивтік түрде өріс алғанын білдік. Сондықтан дамудың жас ерекшелігін көптеген жағдайлардың жиынтығымен анықталатынын білуіміз керек.
Оқушының шығармашылық қабілеті практикалық әрекеттері, ізденімпаздығы арқылы дамиды. Шығармашылыққа үйрететін сабақтар – жаңа технологияларды қолдану болып табылады. Мұндай сабақтарда оқушыға ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық қатынас қалыптасады. Мұғалім бұл жағдайда білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы емес, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетін ұйымдастыратын ұжымдық шығармашылық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана оқушы интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
Пайдаланған әдебиеттер.
Александрова М.Д. Проблемы социальной и психологической герентологии. Л; Изд-во Ленингр. 1974г.
2. Асеев В.Г. Возрастная психология : Учебное пособие Иркутск 1989г.
Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте. М;1968.
Братусь Д.С. Психологические аспеты нравственного развития личности. М;1977г.
Взрастная и педагогическая психология. М;1984г.
Возрастная и педагогическая психолгия. М;1979г.
Выготский Л.С. Собрание сочинений: М;1984г.
Край Г. Психолгия развития. Питер, 2000г.
Агеев В.С. Межгрупповое взаимодействие. Социально-психологические проблемы. М.1990г
Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С. «Қазақ тәлім тәрбиесі», А-ты Санат 1995 ;-350 бет
Оразбекова Қ «Отбасы психологиясы» А-ты 1997 ;147 бет
Өмірова Б.Ә «Отбасы тұлғасының әлеуметтік тану факторы- Өз-өзінің танудың әдісінамалық мәселелері» атты Республикалық ғылыми- практикалық конференция материалы ( 21-23 қазан 2003 ;). А-ты РУОЦ «Бобек баспасы» 2003/ 1999 -102 бет
Қосымша
Мектеп психологы жұмысындағы оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты cалауатты өмір салтын қалып тастырудың негізгі бағыттары.
1-4 класс 5-8 класс 9-11 класс
-Эмоциялық-коммуникативті дағдыларды дамыту
-Баланың өзіндік санасын дамыту және еркіндікті қалыптастыру
-Өзінің денсаулығына және салауатты өмір салтына жауапкершілікті қатынасты қалыптастыру
-Мектеп мазасыздығымен қорқынышына профиласктика және коррекция жасау
-Әлеуметтік – педагогикалық қараусыз қалған балаларды ерте профилактикалау және коррекциялау, адаптациялау
-Мотивациялық сферасын қалыптастыру -Мотивациялық-қажеттілік сферасын дамыту
-Псиматикалық бұзылыстардың алдын алу және профилактикалау
-Девианты және адекватты мінез-құлықты жеткіншектермен жұмыс
-Жеке тұлға экологизация және социологизация негіздері
-Конфликтілік жағдайлардағы конструктивті қарым-қатынасты үйрету. -Жеке тұлға социологиясын және денсаулық факторын өзіндік анықтау
-Жеке тұлғаның кәсіби социологиясы
-Жеке тұлғалық өсу
-Ішкі жанұялық қатынас
Конфликтті жағдайлардағы конструктивті қарым-қатынасты үйрету
-Индивидуалдық пен жағдай жасауды анықтау
-Жанұялық қарым-қатынастың этикасымен психологиясы
-Психикалық және сексуалды денсаулық
Оқушыларға арналған психологиялық тестер.
Бастауыш кластар (1-4). Ортанғы кластар (5-8) Жоғарғы кластар (9-11).
“Жануарлар мектебі” жобалау әдістемесі (бейімделуді диагностикалау) 1 класс Жанұялық қарым-қатынастың аймағы (З.Г.Эйдемиллер) 5 класс Жеке-типологиялық сауалнама (Л.Н.собчик) 9 класс
Мектеп мотивациясын анықтау әдістемесі (Н.Г.Лусканова) 2 класс Теппинг-тест (Е.П.Ильина) 6 класс Ақыл-ой дамуын анықтайтын мектеп тесті (ШТУР) 9 класс
Оқу мотивациясын анықтау анкетасы (НүГ.Лусканова) 3 класс Филипстің мектеп мазасыздығын анықтау тесті (7 класс). Л.П.Калининскийдің жеке тұлғалық сауалнамасы 10 класс
“Жаңбыр астындағы адам” жобалау әдістемесі 4 класс Агрессия күйін диагностикалау (Басса-Дарки сауалнамасы) 8 класс Кәсіпті қалау тесті (голланда әдістемесі) 11 класс