?ызы?ты математика. Математикадан сыныптан тыс саба?. (7 сынып)


Қызықты математика
Математикалық турнир
7 сыныптар
Өткізген: Есмагамбетова Г.Т.
математика пәнінің мұғалімі
Қостанай қаласы
«Қызықты математика» математикалық турнир.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.
Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттін дамыту.
Тәрбиелік: Окушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке тәрбиелеу, жеке тұлға етіп қалыптастыру.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер.
Түрі: топтық сайыс сағаты Типі: ойын түрінде
Жоспары:
1.Топқа бөлу. Таныстыру. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі2. Блиц-турнир (сұрақ-жауап)
3. Логика әлемінде4. Тапқырлар сайысы (cіріңкелермен ойын)
5. Полиглот 6.Қызықты геометрия
Қолданылған нақыл сөздер: 1. “Білімді, интеллектуалды адамдарсыз, озық ғылымсыз Қазақстанның перспективасы жоқ. Қазір адамдардың бәсекелестігі, білімнің бәсекелестігі, ғылымның бәсекелестігі жүруде. Бұған дайындалу қажет.”
Н.Ә.Назарбаев
2. «Логика өнері - адамның ақыл-парасатын жетілдіруге көмектесетін құрал.»
Әбу Насыр Әл-Фараби
3. «Математика - барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те»
Р.Бэкон
Барысы:
Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер! «Қызықты математика» атты математикалық ойын сайысымызды тамашалауға қош келдіңіздер!
Бүгінгі сайысымызды Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен бастайық: “Білімді, интеллектуалды адамдарсыз, озық ғылымсыз Қазақстанның перспективасы жоқ. Қазір адамдардың бәсекелестігі, білімнің бәсекелестігі, ғылымның бәсекелестігі жүруде. Бұған дайындалу қажет.” Осы сайыста көрсеткен білімдерін, күнделікті жақсы оқығандарың - өздеріңнің болашаққа алғашқы қадамдарың болып табылады.
1-жүргізуші: Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген оқырман
Қиындыққа жеткізер.
2- жүргізуші:Бүгінгі кеш қызықты
Көрермендер халайық
Ми – түйсікті қозғап қазір
Биікке қанат қағайық.
1-жүргізуші:Оқушылар, ұстаздар
Ортаға назар салайық.
Сайыскерлер шығып келеді
Қол соғып қарсы алайық.
2-жүргізуші: Өмірге талаптанған
Өршіл ой – армансыңдар.
Қиялға қанаттанып,
Алысқа самғарсындар – дей келе , сайыскерлеріміз жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар, сыныбымыздың математиктерін ортаға шақырамыз. Сайысымызды бастамас бұрын әр топтың білімін дұрыс бағалау үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық. Бүгінгі сайыс шарттары әрбір әділқазының алдына дайындалып қойылған. Сайысқа түскелі отырған қарсылас екі топтың білімдері мен тақырлықтарын сынағалы жиналдық. Іске сәт! –деп сайысымызды бастайық.
Топқа бөлу. Таныстыру. Топтың өзін таныстыруы
Блиц – турнир. Сұрақ- жауап. 1 сұраққа - 1 бал.
І топ.1) Екі нүктемен шектелген фигура.
2) «Бастамалар» атты кітабының авторы. (Евклид)
3) 9-дың квадраты (81)
4) 900-тан кіші бұрыш (сүйір)
5) Қанша цифр білесіндер? (10)
6) 5 сантиметр метрдің қандай бөлігі? (1/20)
7) х қойдың неше аяғы бар? (4х)
8) Бестің кубы неге тең? (125)
9) 2 ғасырда неше жыл бар? (200)
10) Кез келген екі нүкте арқылы нені жүргізуге болады.(Түзу)
ІІ топ
Дәлелдеуді қажет ететін сөйлем (теорема)
Нөл саны натурал сандарына жатама (жоқ )
500 –қа сыбайлас бұрыш (1300)
«Геометрия» сөзі қандай мағынаны білдіреді (жер өлшеу)
Координаталық жазықтықтағы у осі қалай аталады? (ордината)
1 минутта неше сағат бар?(1/60)
Координаталық жазықтықта неше ширек бар? (4)
Геометрия неше бөлімнен тұрады? (екі)
5 санына кері сан (1/5)
64 қандай санның кубы? (4)
3. Логика әлемінде . Екі топқа логикалық есептер беріледі . Әрбір дұрыс жауап – 2 ұпай.
І топ: Қорада тауықтар мен қояндар бар. Олардың барлығы 15 бас, ал аяқтарының саны 50 болса, қорада неше тауық, неше қоян бар? Жауабы: 5 тауық, 10 қоян.
ІІ топ:Бірдей үш цифрмен жазылған үш таңбалы сан 3-ке де, 37-ге де бөлінеді. Сол санды тап. Жауабы: 111.
І топ: Егер сағат түнгі12-де жаңбыр жауып тұрса, онда 72 сағаттан соң күн шығуы мүмкін бе? Жауабы: жоқ, ол кезде түн ортасы болады.
ІІ топ: Сұрақтын орнында қай сан тұруы керек 2; 3; 5; 8; 12;17?
І топ: 1-ден 81-ге дейінгі барлық натурал сандардың көбейтіндісі қандай
цифрға аяқталады?
Шешімі: 0-ге, себебі кез келген санды 0 цифрымен аяқталатын санғакөбейткенде, 0-ге аяқталатын сан шығады.
ІІ топ:Бес жыл бұрын ағасы мен қарындасының жастарын бірге алғанда 8 жас болды. 5 жылдаң соң олардың жастарын бірге алғанда неше жас болады? Шешуі: 10 жылдаң соң олардың әрқайсысының жасына 10 жастан, ал бірге алғанда 20 жас қосылады. 5 жылдаң соң олардың жастарын бірге алғанда 28 жас болады.
І топ:Әкесі 27 жаста болғанда баласы 3 жаста болды. Ал казір баласының
жасы әкесінің жасынан 3 есе кем. Әрқайсының жасы нешеде?
Жауабы: 36;12
ІІ топ:Сыныпта 35 оқушы бар. Қыздар ұлдардан үшке артық. Сыныпта
ұлдар қанша , қыздар қанша?
Жауабы: 16 ұл, 19 қыз.
4.Тапқырлар сайысы(сірінкілермен тапсырмалар)әр тапсырмаға - 5 ұпай
І топқа.4 сірінкенін орнын ауыстырын 15 шаршы қалай алуға болады.

Жауабы.

ІІ топ. 5 сірінкенін көмегімен 5 тең үшбұрыштар және 1 бес бұрыш қалай алуға болады.
Жауабы:

5. Полиглот. Екі топқа жұмбақтар қойылады, жауабын үш тілде айту керек.
Егер жауабы дұрыс болып, аудармасы жоқ болса, 1 ұпай алынады. Ең көбі – 3 ұпай.
Доп емес, дөңгелек емес,
Ұқсас бірақ достарым.
Фигура ол ең негізі
Дәл жауапты қостадым.
(шеңбер – окружность - circle)
2.Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында.
(сызғыш - линейка - ruler)
3.Алды-артымыз шексіз де
Жете алмайсың біздерге.
Сәулеменен кесілді
Шықан тегін білсе де.
(түзу - прямая - line)
4.Көк құтанша ақ айдында,
Бір аяқпен тұрады.
Тұмсығымен ол мұнда,
Шыр айналып шығады.
(циркуль – циркуль - сircle)
5.Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай.
Айтыңдаршы бұл қандай сан
Жан-жағыңа қарамай?
(натурал сан – натуральное число – naturalnumber)
6.Атадан он баламыз
Бір-бір жастан арамыз.
Қосылып кейде басымыз
Азайып кейде қаламыз.
Бөлініп кейде арамыз
Көбейіп те аламыз.
(цифрлар – цифры - figure)
6. Қызықты геометрия Дұрыс жауапқа 5 ұпай.
Бірінші есеп. Суретті тең үш фигура шығатындай тор көздің сызықтары арқылы қалай бөлуге болады?        
       
       
Жауабы:
     
       
       
       
Екінші есеп. Суретті тең төрт бөлікке бөліндер.
           
           
           
           
           
Жуабы.
         
           
           
           
           
 
Жанкүйерлерге тапсырма.
100 саны шығатыңдай амалдар қойындар:
3 3 3 3=100 //
2. 45 қоянды 9 торға қалай отырғызуға болады? Әр торда қоян саны әртүрлі болу керек. /1+2+3+4+5+6+7+8+9=45/
3. Екі санның қосындысы 179 – ға тең. Біреуі екіншісінен 61-ге артық. Осы сандарды табыңдар.
Осымен, «Қызықты математика» математикалық турнир өз мәресіне жетті. Қай топ женіске жеткенің анықтау үшін сөз әділқазылар алқасына беріледі.
1-жүргізуші: Санаңды сенің толтырар,
Есептану пәні бар.
Сабағынды егер оқысаң,
Өмірде саған жол болар.
2-жүргізуші: Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды.
Ал, қазыр әділқазылар сөз алады.
Сайысымыздың жеңімпаздарың анықтап,
Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады.
1 жүргізуші: Жеңген топ басшысына
Таудай болсын талабын
Кең жайылсын қанатың
Жұлдызы бол анаңның
Биіктерде жанатын.- деп тілек білдіреді.
2-ші топ басшысына
Мен сенемін саған.
Алысқа баратыныңа,
Жұлдыз боп жанатыныңа,
Бәйгені шаппай алып,
Бас жүлдені алатыныңа !
Қорытынды: Әділқазылар алқасы ойын жеңімпазын анықтап қорытындылайды.
Топтарды бағалау
Сайыс кезеңдері Балл саны 1 топ 2 топ
Таныстыру 5 балл Блиц-турнир 1сұрақ –1балл Логика әлемінде 1 есеп – 2 балл Тапқырлар сайысы 5 балл Полиглот 3 балл Қызықты геометрия 5 балл Қорытынды: