«?з ???ы?ы?ды білесі? бе?» д??гелек ?стел


Бигазиева Алия МахсотовнаБҚО Теректі ауданы тарих пәні мұғалімі
«Өз құқығыңды білесің бе?»
Мақсаты: Қазақстан Республикасы Конституциясының баптарымен таныстыру. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының баптары жайлы ақпарат беру.
Тәрбиелік мәні: Адамгершілік ізгі қасиеттер мен ар-ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру.
Дамытушылық: Саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру; қоғамдағы заңдарды білуге, оны құрметтеуге баулу.
Сабақтың түрі: пікрсайыс 
Өту барысы.
Құрметті ұстаздар, оқушылар 8-11 кластар аралығында өткізгелі отырған «Өз құқығыңды білесің бе?» атты кешімізге қош келдіңіздер.
Адамның шыр етіп жерге түскен сәтінен бастап оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл заң- 1948 жылы 10-желтоқсанда қабылданған «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы», сонымен қатар 1959 жылы қабылданған «Бала құқықтары декларациясы». Міне осы декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 жылы 20-қарашада «Бала құқығы туралы конвенция» қабылданды. Бүгінде бұған 91 мемлекет кіреді..
Конвенция дегеніміз- арнаулы мәселелер жөніндегі келісім шарт.
Осы Конвенция негізінде 2002 жылы тамызда Қазақстанда «Бала құқығы туралы» Заң қабылданды. Бұл Заң 10 тарау, 53 баптан тұрады. 2002 жылы 2-қыркүйекте Қазақстан «Бала құқығы туралы конвенцияға» қол қояды, сөйтіп Қазақстанның «Бала құқығы туралы заңы» енгізілген. ҚР «баланың құқықтары туралы заңы» 2002 жылы 8 тамызда қабылданып,10 тараудан, 53 баптан тұрады
Бүгін біз адам дүниеге келгеннен бастап, тұлға боп қалыптасқанға дейін қандай құқықтарға ие болатынын білеміз, яғни сіздердің құқықтарыңыз жайлы әңгіме қозғайтын боламыз. Әрбір елдің басты құндылығы байлығы – адам . Бүгінгі пікір алмасу кешімізге 8-11 класс оқушыларынан құралған « Болашақ » «Талапкер» «Аламан» топтары қатынасады.
Кешіміздің өту барысымен таныстырып өтейін.
1-кезең Тақырыпты қорғау
2- кезең. Сөз шебері .
3- кезең. Жағдаяттарды шешу
4- кезең. Ойды аяқта кезеңі (мақал-мәтелді аяқтау)
1-кезең Тақырыпты қорғау деп аталады. Әр топ
Қазақстан Республикасындағы баланың негізгі құқықтары мен міндеттерін постер бойынша қорғап шығады.
« Болашақ » тобының тақырыбы: баланың негізгі құқықтары мен міндеттері.
«Талапкер» тобы: тақырыбы: Бала және Қоғам «Аламан» тобы: тақырыбы: Бала және Отбасы
Келесі кезең «Сөз шебері». Бұл кезеңде әр топ басшылары берілген тақырыптар бойынша өз ойларын айтады.
« Болашақ » тобына: Балалар мен жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі.
«Талапкер» тобына: Әкімшілік жауапкершілік деген не? Оның орындалуы.
«Аламан» тобына: ҚР балалар құқығының қорғалуы тақырыптары беріледі.
3- кезең . Жағдаяттарды шешу. Үш топқа әр түрлі жағдаяттар беріледі.
1-топ тапсырмасы. « Болашақ » тобына
1.Компьютер ойнауға ақша таба алмай отырған Ерлан мен Марат біраз ақылдасады. Ерланның есіне асханада ақша майдалатқан Қайрат түседі. Сол Қайратты қорқытып, ақшасын тартып алу керектігін Маратқа айтады. Сол мезетте келе жатқан Қайратты Марат алдап шақырады. Ойында ештеңе жоқ Қайратты Ерлан артынан келіп бас салып, ақша тауып беруді талап етеді. Алғашқыда ойын екен деп ойлаған ол, ақшасының жоқ екенін айтса да, соңынан бұл істің қалжың емес екенін ұғып, қалтасындағы бар ақшасын бере салады. Аман-есен құтылғанына қуанған ол анасына айтатындығын ескертеді. Ерлан мен Мұрат егер бұл істі біреуге айтса, онда жақсылық болмайтынын Қайратқа жақсылап ұғындырады.
Сұрақтар:
1.Осы көріністе баланың қандай құқығы шектелді?
2.Ерлан мен Марат қандай қылмыс жасады?
3.Ерлан мен Мараттың қылмыс жасауына не себеп болды?

2. Екі дос Орманов пен Вавилов көп ақша табудың оңай жолы, дүкеннің кассасын жабар алдында тонау деп өзара әңгімелеседі. «Ол үшін қару керек», - дейді Орманов. «Тауып көрейік», - деп жауап береді Вавилов. Содан кейін олар қаруды табу үшін ешқандай әрекет жасауға талпынбайды.
Сұрақ:
1. Бұл қылмыс болып табыла ма?
3.К.Асылбеков нотариустан мектеп бітіргендігі туралы аттестатының көшірмесін куәландырып беруді өтінеді. Нотариус аттестатпен танысып аттестатта мектептің мөрі емес, білім депертаментінің мөрі қойылатындығын, директор мен бір мұғалім қолының қойылмағандығын анықтаыды. Бұл кемшіліктерді елеулі деп есептеген нотариус аттестаттың көшірмесін куәландырудан бас тартты.
2-топ тапсырмасы. «Талапкер» тобына
1.Нұрлан 5-сыныпта оқиды. Нұрланның білім алуға талабы жақсы. Оқыса, жақсы оқитын оқушылар қатарынан орын аларлық қабілеті бар. Бірақ ата-анасының тәрбиесі баланы дұрыс жолдан тайдырады. Нұрланның ата-анасы бала тәрбиесіне жауапсыз қарайды. Баланы сабақтан себепсіз жиі қалдырады, кейде тіпті апталап қалдыратын кездері болады. Мектепте, сыныпта ата-аналарға байланысты өтетін жиналыстарға мүлдем келмейді.
Сынып жетекшісі осы жағдайға байланысты Нұрланның үйіне барып, ата-анасымен бірнеше рет әңгіме жүргізгенімен еш нәтиже шықпайды. Ата-анасы құрғақ уаде беріп шығарып салады. Бір жетіден соң жаңағы жағдай қайталанады. Білім алу баланың басты міндеті екенін біле тұра, соны орындауға ата-анасы салғырттық танытады.
Сұрақтар:
1.Нұрланның ата-анасының қылығын қалай бағалайсыздар?
2.Сынып жетекшісінің орнында болсаңыз не істередіңіз?
3.Ата-ананың бала алдындағы мінднттері қандай?
2. 9 – сынып оқушысы Айбар өзінің сыныптасы Әселдің қаламсабын білдіртпей алып кетті.
1. Айбардың әрекеті қылмыс болып табылама?
2. Қылмыс болса, қандай қылмыс немесе қылмыс болап табылмаса, қандай белгі жетпейді?
3-топ тапсырмасы. «Аламан» тобына
1. 4-сыныпты сәтті аяқтаған Жалғас жазда жақсы демалып, тынығып, қыркүйекте мектепке келеді. Биыл орта буын, яғни,5-сыныпқа келген соң, өзін-өзі бір есейіп қалғандай сезінді. Әрбір істеген жұмысына өзінше бір есеп беріп отыратын болды. Жалғастың қыркүйек айындағы тынымсыз, еңбекке толы күндері өтіп жатты. Ол енді мектептегі үйірмеге қатысып, бойындағы бір ерекше қабілетін шыңдауды мақсат санады. Сөйтіп мектептегі «Тұмар» пікір сайыс клубына жазылмақшы болып бір шешімге келді. Осы ойын ата-анасына жеткізді. Ата-анасы Жалғастың ойына қарсы болды.Оны анасы ағылшын өтетін үйірмеге өзі жаздырып қойғанын, қазіргі заманға ағылшын тілі мамандарының өте қажет екенін, заман ағымына сай өмір сүру керектігін баса айтты. Ал, Жалғастың бар ойлағаны, өзінше бір жасаған шешімі құмға сіңген судай жоқ болды да кетті. Үнемі ата-анасының айтқанын дұрыс санап, соны басты назарға алатын Жалғас тағы да ата-анасымен келісуге мәжбүр болды.

2. 9-сынып оқушылары Марат пен Денис жазғы демалыс кезінде ақша тапқысы келді. Оларды жүк тасушылыққа жұмысқа алды.
Сұрақтар:
1. Жұмыс берушінің шешімі дұрыс па?
2. Еңбек саңын бұзудың қандай мысалдарын атай аласыңдар?
3. Он төрт жасар Сейіт теледидар көріп отыр. Онда микробиологтардың жұмысын көрсетіп жатқан. Сейіт қатты қызығып кетті. Ол әкесіне микробиолог болғысы келетінін айтты. Әкесі Сейітке ол туралы мүлде ойлама деді. Ол СЕйіттің өзі сияқты экономист болуын қалайтын.
Сұрақ:
1. Сейітке мамандықты кім таңдау керек?
4- кезең Ойды аяқта кезеңі (мақал-мәтелді аяқтау).
« Болашақ » тобы
1. Ұрлық түбі - ... (қорлық)
2. Біреуге ор қазба - ...(өзің түсесің)
3.Заңның құрығы ... (бәрінен ұзын)
4.Ұры бір түнде - бай,
Бір күнде - ...(кедей)
«Талапкер» тобы
1. Өтіріктің құйрығы - ...(бір – ақ тұтам)
2.Тура биде ...(туыс жоқ)
3.Туғанды биде ...(иман жоқ)
4.Қонақ келсе – құт,
Қарақшы келсе - ...(жұт)
«Аламан» тобы
1.Қолыңмен істегеніңді - ...(мойныңмен көтер)
2. Еңбек түбі - ...(зейнет)
3.Ұры түн асқанша,
Бөрі қыр ....(қасқанша)
4.Арамдық қып ішкен ас,
Ішіңе барып болар ...(тас)
Осымен бүгінгі кешіміз аяқталды. Кешімізді қорытындылай келе сіздерді ата заңды құрметтеп, өздеріңіздің құқықтарыңызды қорғай білуге шақырамын.