«Биология п?ні бойынша ?лтты? біры??ай тестіге дайынды? ж?мыстарыны? т?рлері


Мақсаты: Ұлттық бірыңғай тестіге дайындық кезінде оқушылардың өз бетімен ойлау қабілеттерін арттыру, алған білімдерін тереңдету, жинақтау, жүйелеу, өз бетімен еңбектенуге тәрбиелеу. Сынақтан жоғары ұпай алу өз қолдарында екеніне көздерін жеткізу.
-209553390265Білімді ұрпақ – ел болашағы. Қазақстан Республикасы үшін ХХІ ғасыр жаңа технология ғасыры болмақ. Осы жаңа технологияларды меңгеру, өмірге енгізу, жетілдіру жас ұрпақтың мойнында. Ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында. Өркениетке ұмтылған мемлекетімізде бәсекеге қабілеттілікті қалыптастыруда ең жауапты міндет білім саласының мойнында тұр. Өйткені, бүгінде дамыған елдермен тең дәрежеде болу үшін жас ұрпақтың білімі соған сай болу қажет. Елбасы Н.Назарбаев биылғы Жолдауында «Білім беру жүйесін жаңғырту барысында оқыту үдірісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізіп, мектеп оқытушыларының біліктілігін және педагогтар құрамының сапасы мен біліктілігін арттырып, халықақаралық стандартқа сай білім беру жүйесіне көшу арқылы Қазақстанда адами капиталдың сапасын арттыру керек »,- дегені мәлім. Қоғамның ең маңызды, ең жауапты міндеті мектепке жүктеліп отырғанын бәрімізде сездік. Әр оқушыға берілген білім сапасы мен әр мұғалімнің біліктілік деңгейін шынайы айқындайтын басты көрсеткіші, білімді тексерудің бір түрі ОЖСБ мен ҰБТ. Оқушыларымызды осы сынаққа бастауыштан бастап дайындауымыз керек. Әр мұғалімнің оқушыны ұлттық тестіге дайындауда өзіндік әдіс тәсілдері болады. 2004 жылдан бері оқушыларды ұлттық біріңғай тестіге дайындауда қолданылатын әдіс- тәсілдеріммен ой бөлісіп, ортаға салғым келеді. Ең бірінші мектеп пен ата-ананың алдында тұрған үлкен жауапты жұмыстың бірі балдарымыздың қабілетіне қарай мамандық таңдату. Ол үшін мектепте оқушыларға кәсіптік бағдар беріп, баланы болашақ өмірге дайындауымыз керек. Әр бір оқушының қабілеттілігін, биімділігін ескере отырып, мамандық таңдауға көмектесуіміз керек. 10-11 сыныпта ұлтаралық проблемаларды шешуге дайын, ғылыммен шұғылданатын оқушылармен жұмыс жасауымыз керек. Ал, осындай оқушыларға саналы білім беру-тікелей оқыту сапасын арттыруға байланысты, сондықтан мұғалімнің кәсіби деңгейін, біліктілігін, әлеуметтік жағдайын арттыру қажет. Өйткені, білімді, білікті,адамгершілігі мол ұрпақ-білімді ұстаздан, білікті маманнан шығады. Мектеп бағдарламасы-мемлекттік құжат. Оны толық меңгеру оқушының, меңгерту-мұғалімнің ең басты міндеті. Мектеп сол арқылы баланы ертеңгі өмірге даярлайды, оқушының болашақта белгілі бір мамандық иесі болуына жағдай жасайды. Ұлттық бірыңғай тестіге оқушыларды дайындау үшін, мектепте комплекстік дайындық жұмыстарын жүргізу керек . Олар психологиялық, ақпараттық, ұйымдастырушылық, технологиялық жұмыстар. ҰБТ- ға дайындауда мұғалімнің ролі ерекше. Мұғалім үнемі ізденіп,көп еңбек ету керек. Оқушыларды ҰБТ- ға дайындауда төмендегідей жұмыстарды атқарудамын.
- ата-анамен оқушыны ҰБТ ережесімен жұмыс жасау жүйесімен таныстырамын;
- ҰБТ- ға дайындыққа арналған жоспар құрастырамын;
- өткен тақырыптардан теориялық білім беремін;
- әр тақырыптан және тараудан кейін тест сұрақтарын құрастырамын;
- әр тараудан кейін сынақ қабылдап, қатемен жұмыс жасаймын;
- әр пәннен оқушының білім деңгейінің мониторингсін жасап,оқушы мен ата-анасына көрсетіп отырамын;
- оқушының білімін әділ бағалу, яғни бағаны көтеріп қоймау. Бұл ұбт-ның негізгі міндеті екенін
-күнделікті сабақтарда тесті үнемі қолданамын;
-оқушыларға әр тақырып, тарау бойынша өздеріне тест жасау теориясын меңгертемін;
- онлайн, 5+ , ай тест, толықтыру,сәйкестендіру,жабық тест, тіке жауап тест түрлерін тестілеуде үнемі пайдаланамын;
-тақырыптың ішіндегі есте сақтауға қажетті мәліметтерді тірек-сызба,кесте арқылы жазып,жаттап алуға үйретемін.
-оқушының күнделікті режимін сақтау керектігін ата-ана да, мұғалім де ұмытпауымыз керек, әр түрлі тақырыптарда тренинг,семинар сабақтар жүргіземін
- өздігінен жұмыс жасауға үйретемін.
Кез келген сабақтың тиімділігі мұғалім оқушыға не бергенімен емес, не алғанымен анықталады. Оқушының алған білімін,танымдық қабілетін, шығармашылық әрекетін біздер олимпиададан, ғылыми жұмыстан, ОЖСБ мен ҰБТ-дан көреміз.
Ел болашағы - бүгін біздің алдымызда отыр. Сондықтан Сіздердің білім беру жолында шығармашылық табыстар,еңбектеріңіздің жемістерін дарынды ұрпақ арқылы, шығармашылық жеке тұлға қалыптастырып,табыстарға жете берулеріңізге тілектеспін.
11-сыныпқа арналған биология пәнінен ҰБТ дайындық жұмысының жылдық жоспары
№ Мазмұны Сағат саны Мерзімі
Өсімдіктер дүниесі 1 Жасуша. Ұлпалар. 2 2 Өсімдіктердің вегатативті мүшелері 2 3 Өсімдіктердің генератативті мүшелері 2 4 Микроорганизмдер 1 5 Саңырауқұлақтар 1 6 Балдырлар 1 7 Споралы өсімдіктер 1 8 Ашық тұқымды өсімдіктер 1 9 Жабық тұқымды өсімдіктер 2 10 Тестік жұмыс 1 Жануарлар дүниесі 11 Қарапайымдылар 1 12 Ішекқуыстылар типі 1 13 Бассүйексіздер 1 14 Балықтар. Қосмекенділер. 1 15 Бауырменжоралаушылар 1 16 Құстар 1 17 Сүтқоректілер 2 18 Тестік жұмыс 1 Адам және оның денсаулығы 19 Жүйке жүйесіне жалпы шолу 2 20 Тірек- қимыл мүшелер жүйесі 2 21 Ағзаның ішкі ортасы 2 22 Асқорту жүйесі 2 23 Тыныс алу жүйесі 2 24 Тестік жұмыс 1 Жаңаөзен мектеп – гимназиясының химия – биология пән мұғалімі Құспанғалиева Ардақтың бірыңғай ұлттық тест бойынша оқушыларының жетістіктері
Жылы Оқушының аты-жөні Оқу орны Грант 5 4 3 Орта балл Сапа
2009-2010 Абдулла А.Н 004.М.Оспанов атындағы мед.универ.Ақтөбе. + 5 Айдарова Г.Қ 004.М.Оспанов атындағы мед.уневер.Ақтөбе 5 Бегарыстан Н.Б. 004.М.Оспанов атындағы мед.уневер.Ақтөбе + 4
Есмурзаева Ж.Е. Алматы мед. Академия.Асфендиаров 5 Иманбаева А.С. Ақтау КТжИТ 5 Сейлханова Г.Т. Ақтөбе мед.академия. 5 Танатова Б.Д. Ақтөбе Жұбанов атындағы 5 Удерова А.С. Ақтау КТжИУ 5 22,9 100
Жаңаөзен мектеп – гимназиясының химия – биология пән мұғалімі Құспанғалиева Ардақтың бірыңғай ұлттық тест бойынша оқушыларының жетістіктері
Жылы Оқушының аты-жөні Оқу орны Грант 5 4 3 Орта балл Сапа
2010-2011 Жегенбаева Гүлсім ЗКГМА. Жалпы медицина + 5 Мұқашева Айдана ЗКГМА. Жалпы медицина + 5 Текемұратов Құралай КазНМУ Алматы стоматолог + 5 Ақнұрова Зайра 5 Орынбаева Ұлболсын 5 Қаражанова Жадыра ЗКГМА. Жалпы медицина + 5 22,5 100
Химия Серікқалиев Ержан ҚазНУ. Хим. тех. органика + 5 22 100
Жаңаөзен қаласындағы № 8 орта мектептің химия – биология пән мұғалімі Құспанғалиева Ардақтың бірыңғай ұлттық тест бойынша оқушыларының жетістіктері
Жылы Оқушының аты-жөні Оқу орны Грант 5 4 3 Орта балл Сапа
2013-2014 Бекболатов Нұрлан М.Оспанов атындағы Ақтөбе мед.университеті + 5 Аймағанбетов Берік М.Оспанов атындағы Ақтөбе мед.университеті + 5 Есмұрзаева Гүлбану Ш.Есенов атындағы Ақтау уневерситеті 4 Кеңесбеква Айнұр Т.Рысбеков атындағы Қазақ экономикалық уневерситеті 4 Көбен Тойлыбек С.Сайфуллин атындағы аграрлық университет 4 Мұхтахиева Дана М.Оспанов атындағы Ақтөбе мед.университеті 4 Дәлубекова Радмила Орал қаласы. Қаз.ИНТУ. 3 Киязбаев Нұрнияз Ақтөбе. Мұнай және газ колледжі. 3 Таласбаева Жайнагүл С.Байишев атындағы Ақтөбе университеті 3 Элдешова Гүлзира Жаңаөзен қаласы. Мед.колледж. 3 14 60
Қашаған Құржыманұлы атындағы № 8 орта мектеп
Қалалық семинар
Тақырыбы: «Биология пәні бойынша ұлттық бірыңғай тестіге дайындық жұмыстарының түрлері»
Мұғалім: Құспанғалиева А.Ғ.
Жаңаөзен қаласы
2014-2015 оқу жылы.
2280285304165
Қашаған Қүржіманұлы атындағы № 8 орта мектептің
биология пән мұғалімі
Құспанғалиева Ардақ Ғарифуллақызы

Туған жылы: 31.10.1965 жыл
Туған жері: Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы
Білімі: Жоғары
Ұлты: Қазақ