Р.М. Бельбин тесті Т?л?аны? командалы? топта ж?мыс жасау ?абілетін аны?тау


Тұлғаның командалық топта жұмыс жасау қабілетін анықтауР.М.Бельбин тесті 8 сұрақтан тұратын7 жеке блоктан тұрады.
Әр блокта 10 ұпай бар.3немесе 4 блокқа ұпай санын бөліп қоюға болады. Егер ,сіз 100 пайыз 1 ғана жауапты таңдасаңыз, онда 10 ұпайды бір жауапқа беруге болады. 2 баллдан төмен болмауы керек. Тексеріңіз, әр блокта 10 ұпай болуы керек.
Тест мазмұны
БЛОК 1.   Мен топта не ұсына аламын:
Начало формы
10 Мен ойлаймын, қалыпты жағдайда тез қабылдаймын және жаңа мүмкіндіктерді қолданамын
11 Мен әртүрлі типтегі адамдармен тез тіл табысамын
12 Менің ең негізгі белсенділігім- жаңа идеяларды өндіру
13 Менің топтық мақсаттың жеңісі үшін көп пайда келтіретін адамдарды үйіре алу қабілетім бар
14 Менің жекелік қабілеттерім істі соңына дейін апаруға тиімді
15 Менің атағымның уақытша болсада төмендеуін елестете алмаймын, мейлі ол менің өсімімнің артуына әкелсе де
16 Күнделікті жағдайда өзімді шыншыл және қабілетті шығармын деп сезінемін
17 Мен күрделі, маңызды аргументтерді күштемей, көндірмей басқа әрекет линиялары арқылы ұсына аламын
БЛОК 2.     Мен топ мүшесі ретінде қалай сипатталамын:
20 Мен өзімді жиналыстарда, олар мейлі нақты, тамаша ойластырылып, ұйымдастырылған болса да ыңғайсыз сезінемін
21 Жан- жақты талқыланып қойылған мәселеге өз көзқарасын айта алатын адамдарға қосылуға бейімдімін
22 Топ жаңа идеяларды талқылай бастаса, мен өте көп сөйлеуге бейіммін.
23 Менің жеке қарым- қатынасым энтузиазмы жоғары әріптесімді қолдауға кері әсерін тигізеді
24 Қандай да бір жұмыс жасау керек болса, мені кейбір адамдар агрессивті және авторитарлы әрекет етеді деп ойлайды.
25 Мен өзіме лидерлікті ала алмаймын, өйткені мен топтың сезімі мен көңіл- күйіне көп қараймын
26 Менің өзімнің жеке пікірлеріме соншалықты беріліп кететіндігім, жан- жағымда не болып жатқанына қарамаймын
27 Менің әріптестерім мен туралы, «ұсақ- түйек нәрселерге қарайды және бір нәрсені құртып алам ба деп қорқады» деп ойлайды.
БЛОК 3.  Мен проект барысында басқалармен жұмыс жасағанда:
30 Мен қатты қысым көрсетпей басқа адамдарға ықпал ете аламын.
31 Менің «алтыншы сезімім» байқаусыздықтан болатын қателіктерден қорғайды және оны сездіреді.
32 Басты мақсатқа жету үшін мен талқылауға уақыт кетірмей, жаңалықты тездетуге дайынмын
33 Менен әрқашан қандай да бір өзгешелікті, оригиналды күтуге болады
34 Мен әрқашан барлығына пайда келтіретін тамаша идеяны қолдауға дайынмын
35 Мен әрқашан жаңа жетістіктер мен соңғы идеяларды қарап жүремін
36 Бағалауға және талқылауға байланысты менің қабілеттілігім дұрыс шешім қабылдауға үлкен көмегін тигізеді деп ойлаймын
37 Маған үнемі жұмыстың қорытынды этапын тапсыруға тапсыруға болады.
БЛОК 4.      Менің топтық жұмысқа қатынасым және қызығушылығым:
40 Мен әріптестерімді жақсы білуді өте қалаймын
41 Мен басқа адамның көзқарасымен тайталаса аламын
42 Күнделікті жағдайда, мен дұрыс емес ұсыныстарды дәлелдей аламын
43 Жалпы жоспар орындалу үшін, мен кез- келген функцияны орындауға қабілеттімін деп ойлаймын
44 Мен көрініп тұрған шешімдерден қашамын да, оның орнына күтпеген шешімге тап боламын
45 Мен жасаған жұмысымның шыңына шығуға ұмтыламын
46 Мен топтан тыс жерде де контакт\байланыс\ жасай аламын
47 Менде әртүрлі көзқарас болсада, шешім шығаруда ешқандай қиналмаймын
БЛОК 5.     Мен жұмысымнан рахат аламын, өйткені:
50 Маған жағдайларды талдау және іс- әрекеттің мүмкін бағыттарын бағалау ұнайды.
51 Маған мәселені шешудің практикалық жолдарын табу қызық.
52 Жұмыста жақсы қарым- қатынас жасауға көмектесу менде жағымды әсер тудырады.
53 Шешім шығаруға мен\идеям\ үнемі қатты әсер етемін
54 Жаңа идеялар ұсынған адамдарға ашық, жағымды қатынаста боламын
55 Әрекеттің нақты бағыттарында, керек болған жағдайда, мен адамдарды көндіреаламын
56 Мен тапсырмаға максимум зейін аударған жағдайда, үйде өзімді жақсы сезінемін.
57 Менің қиялымды қандай- да бір нәрселермен дамытатын адамдармен жұмыс жасағанды ұнатамын
БЛОК 6.   Тапсырма қиын және таныс болмаған жағдайда:
60 Мен жұмысты уақытша қоя тұрып, мәселемен ойланамын
61 Мен мәселеге жоғары энтузиазммен қарайтын және позитивті адамдармен жұмыс жасағанды жақсы көремін.
62 Мәселенің кейбір бөліктерін шешуді өзіне алатын адамдарды іздей отырып,тапсырманы қарапайым жасауға тырысамын.
63 Менің «туа біткен уақытты түйсінуім» тапсырманы орындаудағы мерзімді тежейді.
64 Ойдың ашықтығы мен салмақтылығын сақтау менде бар
65 Сыртқы жағдайлардан қысым болса да, мен мақсатымнан ауытқымаймын.
66 Топта алға ұмтылушылық болмағанын сезсем,, мен лидерлікті қолға алуға дайынмын.
67 Мен мәселені шешуге бағытталған , жаңа идеяларды тудыруға негізделген пікірталас бастар едім.
БЛОК 7.    Топпен жұмыста туындайтын мәселелер:
70 Прогресстің\ алға жылжу\ жолында кері әсерін тигізетін адамдарға өзімнің шыдамсыздығымды көрсете аламын
71 Мені көбісі аналитик, сезіміне берілмейді деп сынайды.
72 Менің тілегім,уақытында орындалмаса да, жұмыс сапалы орындалса деймін
73 Мені бәрі тез жалықтырып жібереді, сондықтан менің пікірімді қолдайтын адамдарды қажет етемін.
74 Нақты мақсат қоймай, тапсырманы шешуге кірісу мен үшін қиын.
75 Кей- кезде маған мәселені жүйелі түсіндіру және баяндау қиынға соғады.
76 Мен кейде өзім орындай алмайтынды басқалардан талап ететінімді білемін.
77 Көпшілікке қарсы шығарда өзімнің жеке пікірімді айтуға қиналамын
Конец формы