?лтты? біры??ай тестілеуге дайынды?


ҰБТ- ға дайындық
Орфоэпия мен орфография туралы түсінік
Ауызекі тілде сөздердің айтылу дағдысы мен қағидаларын сақтап сөйлеу қаншалықты қажет болса, жазба тілде сөздердің жазылу дағдысы мен қағидаларын сақтап жазу да соншалықты қажет.
Сөздердің дұрыс айту жайындағы ережелердің жинағы орфоэпия деп аталады.
Сөздердің дұрыс жазу жайындағы ережелердің жинағы орфография деп аталады.
Сөздердің жазылуы мен айтылуы бір – біріне сай келуі де, келмеуі де мүмкін.
Сөздердің айтылуы мен жазылуы арасындағы айырмашылықты мына мысалдардан көруге болады.
Жазылуы Айтылуы
құндыз
күндіз
жазса
жаз сайын
жас шағында
көнбіс
сәнқой
өзенге кел
сары ала құндұз
күндүз
жасса
жас сайын
жаш шағында
көмбіс
сәңқой
өзеңге кел
сар ала
Жоғарыда келтірілген жеке сөздер мен сөз тіркесінде қолданылған сөздерді жазылуы бойынша айту қаншалықты қате болса, керісінше, оларды айтылуы бойынша жазу соншалықты қате.
Мұндай қате жібермес үшін орфоэпиялық (айтылу) және орфографиялық ( емле) ережелерін жете білу қажет.
Қазақ тілінің емле ережелері сөздердің түбір тұлғасын сақтап жазу принципіне негізделеді. Сондықтан тіліміздегі сөздердің басым көпшілігі айтылуы бойынша емес, түбір тұлғасы сақталып жазылады. Мысалы: жұмысшы, он бес, қара ат, бос шылбыр деген сөздер мен сөз тіркестерінің айтылуы (жұмышшы, ом бес, қар ат, бош шылбыр) бойынша емес, түбір тұлғасын сақтап жазамыз.
Тілімізде айтылуы немесе қалыптасқан дағды бойынша жазылатын кейбір сөздер бар. Олардың саны көп емес. Мысалы: жаздыгүні, күздігүні, ашудас, белбеу, және Амангелді, Есенгелді, Қазанғап т.б.

ҮНДЕСТІК ЗАҢЫ (СИНГАРМОНИЗМ)
Түбір мен қосымшаның және сөз аралығындағы дыбыстардың бір – біріне ықпал жасап, өзара үйлесіп айтылуын үндестік заңы дейміз.
Үндестік заңы екі түрлі болады: оның бірі – буын үндестігі, екіншісі – дыбыс үндестігі.
Буын үндестігі бойынша дауыстылар бір – біріне ықпал етіп, өзара үндесіп айтылса, дыбыс үндестігі бойынша көбінесе дауыссыздар бір – біріне ықпал етіп, өзара үндесіп айтады.
Сөздің соңғы буынының жуан, жіңішкелігіне қарай қосымшалардың да бірыңғай жуан не жіңішке түрде жалғануын буын үндестігі дейміз.
Қосымшалардың жуан түрде жалғануы Қосымшалардың жіңішке түрде жалғануы
жұ- мыс-шы-лар-ға
қуан- ыш – тар – ың-ды
ақыл- ды- лық- қа ең - бек- ші- лер- ге
сүй – ін – іш – тер – ің- ді
ес- ті- лік- ке
Орыс тілінен енген сөздерге де қосымшалардың да бірыңғай жуан не жіңішке түрде жалғануы сөздің соңғы буынының жуан -жіңішкелігіне байланысты.
Мысалы: станоктар, станокқа, станоктан, лагерьлер, лагерьге, лагерьден.
Е с к е р т у:
1. Сөздің соңғы буынының жуан –жіңішкелігінің ықпалы тимей, өзінің қалпын сақтап жалғанатын қосымшалар бар. Олар мыналар: ( -мен,-бен, пен); -паз,- қор;-қой, -кер;-кеш; --гөй;-хана;- нікі (-дікі, -тікі)
Мысалы: жылқышымен, жұлдызбен, орақпен; өнерпаз, әсемпаз; дүниеқор, жемқор, сәнқой, әуесқой; айлакер, арбакеш, ақылгөй; кітапхана, емхана; баланікі, колхоздікі.
2. х әрпіне біткен сөздерге қосымшалар жуан түрінде жалғанады: цехтың, цехқа; тарихтың, тарихқа.
3. рк, нк, кс, кт дауыссыздарының тіркесіне біткен сөздерге қосымшалар жіңішке түрінде жалғанады. Мысалы: парктер, паркке, парктен; банкіге, банкіден; бокске, бокстен; пунктке, пунктен.
4. ль әріптеріне біткен бір буынды сөздерге және брь әріптерінің тіркесіне біткен сөздерге сөздерге қосымшалар жіңішке түрінде жалғанады:.Мысалы:рольдің, рольге, ролі; нольдің, нольге, нольден, нолі.
5. Жіңішкелік белгісіне (ь) біткен көп буынды сөздерге қосымшалар соңғы буынның жуан не жіңішкелігіне қарай үндесіп жалғанады. Мысалы: каленьдардың, каленьдарға; лагерьдің, лагерьге.
Көршілес дыбыстардың ықпал ету бағытына қарай дыбыс үндестігі екі түрге бөлінеді:
Ілгерінді ықпал ( алдыңғы дыбыстың соңғы дыбысқа әсер етуі)
Кейінді ықпал (соңғы дыбыстың алдыңғы дыбысқа әсер етуі)
Ілгерінді және кейінді ықпал да түбір мен қосымшаның аралығында, біріккен сөз бен сөз тіркесінің сыңарлары аралығында ұшырасады.
Ілгерінді ықпал
Түбір мен қосымшаның аралығында
а) Сөз дауыстыға немесе үнді мен ұяңның біріне бітсе, қосымша қатаңнан басталып жалғанады. Мысалы: жылқы+ға, жылқы+ дан; көл+ге, көл+ден; жез+ге, жез+ден.
ә) Сөз қатаң дауыссызға немесе б, в, г, д дауыссыздардың біріне бітсе, қосымша қатаңнан басталып жалғанады. Мысалы: дос+тар, дос+қа, дос+тан; терек+тер, терек+ке, терек+тен; штаб+қа, штаб+тан; Досанов +қа, Досанов+тан; педагог+ке,педагог+тен.
б) Сөз соңындағы ш дыбысының әсерінен қосымшаның басқы с дыбысы айтылуда өзгеріп, ш болып дыбысталады, бірақ жазуда с дыбысы сақталады.
Мысалы:
Жазылуы Айтылуы
ашса
қашса
ұшсын
ұшқышсың ашша
қашша
ұшшұн
ұшқышшың
2.Біріккен сөз бен сөз тіркесінің сыңарлары аралығында
а) Алдыңғы сыңардың соңғы қатаң дыбысы кейінгі сыңардың бастапқы ұяң дыбысын айтылуда қатаңға айналдырады. Бірақ жазуда бұл ескерілмей, соңғы сыңардың бастапқы ұяң дыбысы сақталады. Мысалы:
Жазылуы Айтылуы
Үмітбай Үмітпай.
ә) Алғашқы сыңар дауыстыға немесе үнді мен ұяңның біріне бітсе, соңғы
сыңардың бастапқы қатаң дыбысы айтылуда ұяңдайды. Бірақ жазуда бұл
ескерілмей, соңғы сыңардың бастапқы қатаң дыбысы сақталады. Мысалы:
Жазылуы Айтылуы
көзқарас көзғарас
Кейінді ықпал
Түбір мен қосымшаның аралығында
а) Қосымша дауысты дыбыстан басталғанда, сөздердің соңындағы п дыбысы б не у дыбысына айналады да, к, қ дыбыстары ғ, г дыбыстарына айналады. Мұндай сөздердің соңындағы дыбыстар өзгерген күйінде жазылады. Мысалы: доп – добым, добың, добы; кеп - кебу, кебеді; шап – шауып; тарақ – тарағым,тарағың, тарағы; қызық – қызығу, қызығады; күрек- күрегім, күрегің, күрегі.
ә) Қосымша қ, к, ғ, б дыбыстарының бірінен басталғанда, сөз соңындағы н дыбысы өзгеріп, ң немесе м болып айтылады. Бірақ жазуда бұл ескерілмей, түбірдегі н дыбысы сақталады. Мысалы:
Жазылуы Айтылуы
сәнқой
қанға
түнгі
жанбады
сөнбеді сәңқой
қаңға
түңгі
жаңбады
сөңбеді
б) Қосымша ш, с дыбыстарының бірінен басталғанда, сөз соңындағы с дыбысы ш болып айтылады да , з дыбысы с немесе ш болып айтылады. Бірақ жазуда бұл өзгеріс ескерілмей, сөздердің түбірі сақталып жазылады. Мысалы:
Жазылуы Айтылуы
басшы
құсша
тұзсыз
сөзсіз
жазса
сөзшең
теңізші башшы
құшша
тұссыз
сөссіз
жасса
сөшшең
теңішші
2.Біріккен сөз бен сөз тіркесінің сыңарлары аралығында
а) Алғашқы сыңардың соңғы з, с дыбысы кейінгі сыңардың бастапқы ж, ш, с дыбысының ықпалымен ж, ш, с болып айтылады. Мысалы:
Жазылуы Айтылуы
Бозжан (кісі аты)
тұз жалау
күз жақын
бос шылбыр
жас шағы
жас сайын
тұз салу Божжан
тұж жалау
күж жақын
бош шылбыр
жаш шағы
жаш сайын
дұс салу
ә) Алғашқы сыңардың соңғы н дыбысы кейінгі сыңардың бастапқы б,п
дыбысының әсерімен м болып, к,қ,ғ,г дыбыстарының ықпалымен ң болып
айтылады. Мысалы:
Жазылуы Айтылуы
Бейсенбай
Сәрсенбай
он бес
сан ғасыр Бейсембай
Сәрсембай
ом бес
саң ғасыр
б) Кейінгі сыңардың бірінші дыбысы дауысты, үнді дауыссыз немесе ұяң дауыссыз болса, алғашқы сыңардың соңғы қатаң п, к, қ дыбыстары айтылуа ұяңдап, б, г, ғ дыбыстарына айналады. Мысалы:
Жазылуы Айтылуы
доп ойнау
көп егін
тоқ ат
ақ ешкі
көк дөнен доб ойнау
көб егін
тоғ ат
ағ ешкі
көг дөнен
Біріккен сөздің сыңарларының аралығында немесе тіркесіліп қолданылған сөздердің аралығында екі дауысты дыбыс қатар келсе, алғашқы сыңардың (сөздің) соңғы дауысты дыбысы айтылуда түсіріледі де, жазылуда сақталады. Мысалы:
Жазылуы Айтылуы
Сарыарқа (жер аты)
Сарыөзек (жер аты)
Қандыағаш ( термір жол стансасының аты)
алты атар (мылтық)
торы ала ат
жаза алмады
жеті ешкі Сарарқа
Сарөзек
Қандағаш
алт атар
тор ал ат
жаз алмады
жет ешкі
Біліміңді сына!
1- нұсқа
1.Сингармонизм заңына бағынбайтын қосымшалы сөзді анықта.
А) Жемқор.
В) Әжесіне.
С) Дастанды.
Д) Жорыққа.
Е) Саналы.
2. Айтылуы бойынша жазылған сөзді тап.
А) Жаздыгүні.
В) Көк дөнен.
С) Өлең.
Д) Бағы жанбады.
Е) Қамысбек.
3. Буын үндестігіне сай сөзді тап.
А) Ізденімпаз.
В) Балалық.
С) Дәріхана.
Д) Телефонмен.
Е) Ғарышкер.
4.Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалы сөздерді анықта.
А) Бақытқа, намысты, керегеге.
В) Мектебі, қасығы, сабағы.
С) Кітаппен, адамдікі, дәріхана.
Д) Ермекке, батырлық, ерлік.
Е) Бесіктен, тараққа, серіктес.
5. «Орфоэпия» заңдылығына тән белгіні анықта.
А) Дұрыс жазу.
В) Сөздік қоры мол болу.
С) Сауатты жазу.
Д) Дұрыс, таза, сауатты жазу.
Е) Ауызша сөйлеудегі бірізділік нормасы.
6. Орфоэпия нормасына сай жазылған сөзді көрсет.
А) Бозбала.
В) Бозшағыл.
С) Бозторғай.
Д) Бозжирен.
Е) Бошша торғай.
7. Естілуі бойынша жазылған сөзді тап.
А) Құлын.
В) Ақ лақ.
С) Түнгі.
Д) Өрік.
Е) Жүзүк.
8. Біріккен сөздегі кейінді ықпалды көрсет.
А) Көкбай.
В) Тоқымқағар.
С) Сейітқұл.
Д) Қарақұрт.
Е) Жанпейіс.
9.Буын үндестігіне бағынбайтын сөзді тап.
А) Темірқазық.
В) Бөлінгіш.
С) Үнемшілдік.
Д) Өлеңдер.
Е) Лауазым.
10.Емле ережесіне сай жазылған сөздерді тап.
А) Жәй, жәйлау, жәйілім.
В) Шәй, күлкү, құйұн.
С) Ләззәт, Жәмилә, тәкәппар.
Д) Куәлік, күмән, іңкәр.
Е) Құлұн, өрүк, ұзұн.
11. Дыбыстық өзгеріске ұшыраған біріккен сөзді көрсет.
А) Орынбасар.
В) Есенғұл.
С) Өсу – өркендеу.
Д) Күні бойы.
Е) Сөйлей – сөйлей.
12. Айтылуы жағынан дұрыс сөзді көрсет.
А) Құла дүс.
В) Құла тұс.
С) Құла тұз.
Д) Құла дүз.
Е) Құла түз.
13.Кейінді ықпалды белгіле.
А) Келе көр.
В) Жанпейіс.
С) Ішсе.
Д) Ала көз.
Е) Ашса.
14. Біріккен сөздің дұрыс жазылғанын көрсет.
А) Ашудас.
В) Ащутас.
С) Ащудас .
Д) Ашу дас.
Е) Ашутас.
15. Орфоэпия нормасына сай жазылған сөзді көрсет.
А) Әлдекім.
В) Әрқашан.
С) Әлдене.
Д) Әргім.
Е) Әрбір.
16. «Бозшағыл» сөзіндегі кейінді ықпалдың орнын анықта.
А) Түбір мен қосымшаның аралығында .
В) Күрделі сөздің соңында.
С) Біріккен сөздегі көршілес дыбыстардың аралығында.
Д) Қос сөздегі көршілес дыбыстардың аралығында.
Е) Сөз тіркесіндегі көршілес дыбыстардың аралығында.
17. Ілгерінді ықпалды көрсет.
А) Баланікі.
В) Көбіне.
С) Сарықұм.
Д) Жазса.
Е) Серігі.
18.Дұрыс жазылған қатарды көрсет.
А) Ағалы – қарындасты.
В) Көп пала.
С) Аграрлығ – өнергәсіптік.
Д) Азап – пейнет.
Е) Айналып – толғанұу.
19.Сөз аралығындағы ілгерінді ықпалды белгіле.
А) Ер шекіспей, бекіспейді.
В) Адамдық белгісі – сәлемдесуде.
С) Әнім – арманым.
Д) Қызыл күрең таңқурай.
Е) Тал бесікте тербелген.
20. Сөз аралығындағы ілгерінді ықпалды тап.
А) Қара ағаш.
В) Боз жирен.
С) Тоқ екен.
Д) Сақ адам.
Е) Ала қап.
21. Буын талғамайтын қосымшаны белгіле.
А) - ның, - нің.
В) - нда, - нде.
С) - дай, - дей.
Д) - гер, - кер.
Е) - шыл, - шіл.
22.Кейінді ықпал заңдылығына байланысты сөзді тап.
А) Ұшқышсың.
В) Қызыл қоңыр.
С) Әлдеқашан.
Д) Жанбады.
Е) Ешқашан.
23. Ілгерінді ықпалды белгіле.
А) Сабақ, кітап.
В) Жазса, көнбеді.
С) Жазық, қатық.
Д) Тап, жап.
Е) Қолғап, қашса.
24.Буын талғамайтын қосымшаны белгіле.
А) Көптік жалғау.
В) Ілік септігі.
С) Көмектес септігі.
Д) Атау септігі.
Е) Тәуелдік жалғауы.
25.Орфоэпия нормасына сай жазылған сөзді көрсет.
А) Ақ көйлек.
В) Үлкен әулет.
С) Көг лақ.
Д) Ерекше мінез.
Е) Соңғы тәсіл.
2- нұсқа
1.Орфография бойынша дұрыс жазылғанын тап.
А) Әзәзі.
В) Әззезіл.
С) Әззәзіл.
Д) Әзезіл .
Е) Әзәзіл.
2.Үндестік заңына бағынған сөзді белгіле.
А) Бейімбет.
В) Әділжан.
С) Ерсайын.
Д) Құрманбек .
Е) Құдайберді.
3. Сингармонизм заңына бағынбайтын сөзді көрсет.
А) Кіріс.
В) Қабырға.
С) Шырақ.
Д) Жұқа .
Е) Кино.
4. Кейінді ықпалды анықта.
А) Тастан, жасға, адамнан.
В) Тарағы, аймағы.
С) Мерген, сұраныс.
Д) Қазан, қасық, айна .
Е) Қаздар, есептер.
5. Кейінді ықпалды көрсет.
А) Қайрақбай көл басына кетті.
В) Жайлаудағы малдар семіз әрі тоқ екен.
С) Олар көк бөріге табынған.
Д) Жапан түзде киік көп кездеседі .
Е) Көп бала ауланы тазалады.
6.Сөз аралығындағы ілгерінді ықпалды белгіле.
А) Қызықты оқиға.
В) Бүркіт – тау қыраны.
С) Қазақ жері – Сарыарқа.
Д) Кең жайлау, мөлдір бұлақ .
Е) Зарланасың, ақ ешкі, лағыңа.
7. Кейінді ықпал байқалатын сөйлемді белгіле.
А) Сераға, бүгін жұмысқа келесіз бе?
В) Өрістен қайтқан мал тоқ екен.
С) Қамысбай – белді, озат еңбеккер.
Д) Бірақ езу жимай күле берді .
Е) Ардагер ағаларға құрмет көрсетті.
8. Сөз аралығындағы ілгерінді ықпалды тап.
А) Қара ағаш.
В) Боз жирен.
С) Тоқ екен.
Д) Басы қату .
Е) Сақ адам.
9. Кейінді ықпалды көрсет.
А) Көк гүл.
В) Қайнар көз.
С) Бой түзету.
Д) Қара ағаш .
Е) Сақ болу.
10. Орфоэпия нормасына сай жазылған сөзді көрсет.
А) Келер шақ.
В) Елді мекен.
С) Қарын бөле.
Д) Өрмек жіп .
Е) Қайым бике.
11.Қосымшалары дұрыс жалғанған сөздер қатарын белгіле.
А) Кінәләу, күмәндәну.
В) Тарихтен, ансабльі.
С) Рояльден, паркте.
Д) Цехке, бинокльдан .
Е) Цехтың, рулде.
12. «Бірінші» сөзіндегі буын үндестігіне ықпал жасаушы дыбысты көрсет.
А) і.
В) н.
С) ш.
Д) б .
Е) р.
13. «Қара ала » сөзіндегі үндестік орнын көрсет.
А) Қос сөзде.
В) Түбір сөзде.
С) Күрделі сөзде.
Д) Тұрақты тіркесте.
Е) Біріккен сөзде.
14. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны тап.
А) - ік, -ім.
В) - ма, - бе.
С) -гіш, - ғақ.
Д) -ов, -ин .
Е) -ін, -мек.
15.Дауыссыз дыбыстардың үндесуін тап.
А) Екпін.
В) Сингармонизм.
С) Дыбыс үндестігі.
Д) Буын үндестігі .
Е) Үндестік заңы.
16. Дауысты дыбыстардың үндесуін тап.
А) Орфоэпия.
В) Орфография.
С) Сингармонизм.
Д) Дыбыс үндестігі.
Е) Екпін.
17. Дұрыс жазылған сөзді белгіле.
А) Модельі
В) Модельді.
С) Моделде.
Д) Моделмен .
Е) Моделге.
18. Сөз ішіндегі кейінді ықпалды тап.
А) Кеше ғана.
В) Жақсы жар.
С) Қарт ата.
Д) Табиғат ана.
Е) Жанға рақат.
19. Ілгерінді ықпалдың ережесін тап.
А) Дауысты дыбыстардың емлесін зерттейді.
В) Дауыссыз дыбыстардың емлесін зерттейді.
С) Қатар тұрған екі дыбыстың бір – біріне әсер етуі.
Д) Дыбыстардың өзінен кейінгі дыбысқа әсері.
Е) Дыбыстардың алдыңғы дыбысқа әсері.
20. «ог, уг, рг» дыбыстарына аяқталған сөздерге жалғанатын қосымшалардың
жалғану тәртібін тап.
А) Жуан.
В) Үндіден басталады.
С) Жіңішке.
Д) Дәнекер арқылы .
Е) Ұяңнан басталады.
21. Дәстүрлі принцип бойынша қате жазылған сөзді тап.
А) Жанкелдінің күйін ұнатушы едім.
В) Диананың домбырасына арнап жыр жаздым.
С) Абайдың сөзден маржан теруі – көңілге сәуле беруі.
Д) Естайдығ әнін тыңдасам, сол бір жан есіме түседі.
Е) Айтым сәлем, Қаламқас.
22. Үндестік зағына бағынбайтын сөзді белгіле.
А) Ешкіемер.
В) Жауқазын.
С) Кәсіподақ.
Д) Таңкурай.
Е) Әлібек.
22. Үндестік зағына бағынған сөзді белгіле.
А) Әділжан.
В) Құрманбек.
С) Ерсайын.
Д) Құдайберді.
Е) Бейімбет.
23. Үндестік зағына бағынатын қосымшаны тап.
А) - ды.
В) - мен.
С) - хана.
Д) - паз.
Е) - кер.
24. Кейінді ықпал заңдылығына байланысты сөзді тап.
А) Ұшқышсың.
В) Тал ек.
С) Әлдеқашан.
Д) Жанбады.
Е) Ешқашан.
25. Дәстүрлі принцип бойынша жазылған сөзді тап.
А) Әлдебір.
В) Тұрманбек.
С) Ендігәрі.
Д) Есболат.
Е) Әлдекім.