Кесте ішіндегілерін енгізу ж?не пішімдеу. Практикалы? ж?мыс. Кестемен ж?мыс.


Пән: информатика
Сыныбы: 6
Күні: 27.02.2017 ж
Сабақтың тақырыбы: Кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу. Практикалық жұмыс. Кестемен жұмыс.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың Microsoft Word редакторында кестелер пішімдеу дағдыларын қалыптастыру;
Дамытушылық: компьютерде тесттік жұмыс жасау машықтарын қалыптастыру, өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін дамытуларына жағдай жасау.
Тәрбиелік: оқушылардың алған білімдерін жүйелі түрде қалыптасырып, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Құрал – жабдықтар: компьютер, проектр, презентация, картоякалар, таратпа материалдар, Easy Qizzy бағдарламасымен құрылған тест тапсырмалары.
Сабақ түрі: саяхат сабақ
Сабақ жоспары:
Бекеттер бойынша жұмыстар
Билеттерге тапсырыс беру – «Тест тапсырмалары»
Бекет – «Он сұрақ»
Бекет – «Кестелерді пішімдеу»
Бекет – «Практикалық тапсырмалар»
Бекет - «Сұрақтар әлемі»
Сабақты қортындылау. Үй тапсырмасы. Бағалау.
Сабақтың барысы
Сабақ ойын түрінде өтетінің және ойынның жүргізілу тәртібімен таныстыру. Сабақ соңында әр оқушының «Білім» қаласына қай вагонмен келгенімен бағаланатының ескерту. Ол үшін алдымен билетке «тапсырыс береді»: оқушылар компьютерде Easy Qizzy бағдарламасымен құрылған поездың сәйкес вагонымен орналасып, «Білім» қаласына аттанады.
«5» - тік баға алған оқушы купе вагонымен;
«4» - тік баға алған оқушы плацкарт вагонымен;
«3» - тік баға алған оқушы жалпы вагонмен аттанады.
Сонымен қатар әр бекеттегі тапсырмаларды орындау арқылы өз вагондарынан басқа вагондарға ауыса алады. Мысалы деңгейлік тапсырма дұрыс орындалса, жалпыдан – плацкартқа; плацкарттан – купеге ауыса алады; ал дұрыс орындамаса өз вагонында қалады.
Бекеттер бойынша тапсырмалар орындау
Бекет - «Он сұрақ»
Бұл бекетте екі топтың оқушылары жаңа сабақтың тақырыбын анықтау мақсатында «он сұрақ» әдісін қолданады. Әрбір топтың ішінен бір оқушыдан ортаға шақырылады, олардың бастарына жаңа тақырып бойынша сөз жазылады, топтағы оқушыларға сұрақтар қою арқылы жасырылған сөзді табу қажет. Осылай бүгінгі жаңа тақырып ашылады.
Бекет – «Кестелерді пішімдеу»
Бұл бекетте екі топтың оқушылары жаңа тақырыпты дәптерлеріне жазып болғаннан кейін, тақырыпты оқып, оны топтың ішінде талықалап, алдарында тұрған плакаттарға өздерінің оқып түйгендерін жазып, әр топтың өздерінің жазған мәліметтерін екінші топқа түсіндіреді.
Жаңа тақырып: Кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу. Практикалық жұмыс. Кестемен жұмыс.