Конспект по информатику на тему Беттерді? параметрлері. Жиек. Алдын-ала ?арау. ??жатты баспадан шы?ару.


Тақырыбы:  Беттердің параметрлері. Жиек. Алдын-ала  қарау. Құжатты баспадан шығару.
Білімділік: Оқушыларды MS Word мәтіндік редакторымен, мәтіндік редакторда құжат жасаудың негізгі әрекеттерімен таныстыру  және қағазға басып шығару жолдарын үйрету.
Дамытушылық: Оқушыларды мәтіндік редактормен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Тәрбиелі, білімді және ойлау қабілеті жан-жақты  оқушыларды тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақӘдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауапСабақтың көрнекілігі:  компьютер, интерактивті тақта, үлестірмелі қағаздар.
 
Сабақ барысы:
 
І Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа қатысуын, дайындығын тексеру.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру.
Нөмірлеу, Маркерлеу әрекеттері не үшін пайдаланылады?
Саймандар тақтасындағы Форматтау батырмаларының қызыметін түсіндір?
Қатар аралық, абзац аралық интервал деп нені айтады?
Азат жол, парақтың оң жақ, сол жақ шеті деген не?
ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Суретке, кестеге немесемәтінге жиектер үстеу үшін мына әрекеттерді орындаңыз:
Жиек үстеу қажет мәтінді, суретті немесе кестені бөлектеп аламыз.
Пішім мәзірінде Жиектер мен бояу(Формат – Границы и заливка) әмірін таңдап, «шекаралар және ішін бояу» сұхбат терезесіндегі «Шекаралар» астарлы бетіне көшеміз.
Қажетті шамаларды жақтаудың типін, сызықтың түрін, түсін, енін, қолдану өрісін таңдап белгілеп аламыз,
ОК батырмасын шертеміз.
Осы іс-әрекеттердің нәтижесін үлгіден көріп отырып, істелген жұмыстың нәтижесі қанағаттандырмаса, «Тип»  бөліміндегі Жоқ пунктін таңдап, барлығын қайтадан бастауға болады. Осы сұхбат терезесі кестенің жанама менюіндегі «Шекаралар және ішін бою» командасын орындағанда да ашылады. Саймандар  тақтасындағы батырмалардың көмегімен де орындау мүмкіндігі бар.
       Мәтінді беттерді белгілеу режимінде көру үшін мынандай әрекеттер орындалады.
Оқылатын «өңделетін» Құжатты экранға шығару, яғни ашу керек.
Түр-Бетті белгілеу (Вид-Разметка Страницы» командасын орындау немесе көлденең жылжыту белдеуінің сол жақ шетінде орналасқан бетті белгілеу режимінің батырмасын шертеміз.Басқа бір режиміне өту үшін , Түр (Вид) менюінің тиісті режим  командаларын немесе көлденең жылжу белдеуінің сол жақ шетінде орналастырылған көру режимдерінің ауыстырып қосқыш батырмаларын шертеміз.
Бұл режимде құжаттың бір немесе бірден бірнеше беттерін кішірейтілген түрде қарап шыға аламыз, қажет болса, мәтінге өзгерістер енгізеуге болады. Алайда элементтердің өзара орналасуы жайлы толық мәлімет алып, төменгі сілтеме қатарларды байқап, артық кеткен бос ін  Файл – Алдын ала көру (Файл- Предарительный просмотр)  командасын қатарларды тез анықтауға болады. Құжатты алдын ала көру үшін  саймандар тақтасындағы Алдын ала көру батырмасын шертеміз.
Белсенді құжатты түгел басып шығару үшін Файл→Печать командасын орындаңдар. Печать (Баспа) сұхбат терезесі пайда болады. Печатать бөлімінде принтерге қандай парақтарды шығару керек екенін көрсетіп, Көшірме саны өрісіне қажетті дана санын енгізіңдер. Содан соң ОК батырмасын шертіңдер.
Құжат басылымға қандай түрде берілетінін қарап шығу үшін Файл→Пребварительный просмотр командасын орындаңдар. Печать сұхбат терезесінде қажетті параметрлерді баптаңыз да ОК батырмасын басыңыз.
 
ІҮ Сергіту жаттығулары (2 мин)
Ү Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар:
Азат жол, парақтың оң жақ, сол жақ шеті деген не?
Қатар аралық, абзац аралық интервал деп нені айтады?
Қатар аралық, абзац аралық интервалдарды форамттау кезінде қандай өлшем бірлігі қолданылады?
ҮІ Сабақты қорытындылау және бағалауОқушыларды MS Word мәтіндік редакторымен, мәтіндік редакторда құжат жасаудың және қағазға басып шығару жолдарын туралы жалпы мағұлымат беру.
ҮІІ Үйге тапсырма: Тақырыпты оқулықтан толықтырып оқу.