План урока по информатике на тему Беттерді? параметрлері.Жиек. Алдын ала ?арау.??жатты баспадан шы?ару. (6 класс)


Сабақтың тақырыбы: Беттердің параметрлері.Жиек. Алдын ала қарау.Құжатты баспадан шығару.
Сабақ мақсаты:
Білімділік мақсаты: Оқушыларға парақ параметрлерін баптау, алдын ала қарау, құжатты баспадан шығару туралы түсінік беру.
Дамытушылық мақсаты: Осы тақырып бойынша алған теориялық білімдерін практикалық тапсырмаларды орындауда тиімді пайдалану
Тәрбиелік мақсаты: компьютерлік сауаттылыққа, икемділікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы
Сабақтың типі: Ертегі сабақ.
Сабақтың әдіс тәсілдері: Сұрақ – жауап, ойын.
Сабақтың көрнекілігі:
Сабақтың жүру барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
Үй тапсырмасын тексеру:
Сұрақтар:
Word текстік редакторының қызметі
Microsoft Word программасын іске қосу ретін түсіндір және іске қос.
Мәтіндік құжатты қалай сақтаймыз?
Файл командасының құрамы.
Пішім командасының құрамы.
Тізімнің қандай түрлері бар.
ІІІ. Жаңа сабақ
Парақ параметрлері
Құжат мәтіні қағаз бетіне жақсы шығуүшін оның бетінің параметрін, яғни жоғары және төмен, сол және оң жақ өлшемдерін, сонымен қатар беттің жоғары және төменгі колонтитулының орналасуын қоя білу керек. Ол үшін Файл →Беттің параметрлері (Файл → параметры страницы) командасы орындалады. Терезеге қойылатын беттің өрістеріне Өріс (Поля) қосымшасы қолданылады: Жоғары, Төменгі , Сол жақ, Оң жақ (Верхнее, Нижнее, Левое, Правое) өрістері. Үлгі рамкасында параметрлері таңдалынған беттің сыртқы түрі көрсетілген. Таңдалған өрістер дұрыс болса, ОК батырмасы шеріледі.
беттің жоғары, төмен, оң және сол жақ шекаралары бойынша шекара өрістерін тағайындайды
параметрлері таңдалған беттің сыртқы түрі көрсетіледі
бағдарлау өрісінде қағаз бетінің кітаптық немесе альбомдық түрі тағайындалады
«БЕТ ПАРАМЕТРЛЕРІ» диалогтік терезесі бойынша қызметтік мүмкіндіктерін атаңыз:
Жиек қоршауын салу үшін разметка страницы →границы страниц→рисунка→ок батырмасын басамыз.

Алдын ала қарау режимін қосу:
Файл – Алдын ала қарау (Предварительный просмотр)
Құжатты баспадан шығару үшін файл→печать→батырмасын басамыз.

ІҮ.Сергіту жаттығулары.
Ү. Практикалық жұмыс
Рефераттың титул бетің жасау.
Баспадан шығару.
ҮІ. Үйге тапсырма
Беттердің параметрлері.Жиек.Құжатты баспадан шығару.
ҮІІ. Бағалау
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау.
ҮІІІ. Рефлексия.
1. Біздің сабақтан өздеріңізге қандай жаңа нәрсе алдыңдар?
2. Сендерге не ұнады, не ұнамады?
3. Маған қажетті болғаны...