Тікт?ртб?рышты?, шаршыны? периметрі мен ауданын,тік б?рышты паралелипедті? к?лемін табу 3 сынып


Пәні: Математика
Мерзімі:31.10.2014жыл
Сыныбы:4 «Б»
Тақырыбы: «Тіктөртбұрыштың, шаршының периметрі мен ауданын, тік бұрышты параллелепипедтің көлемін табу».
Мақсаты: Тіктөртбұрыштың қасиеттерімен (қарама-қарсы қабырғалары параллель, барлық бұрыштары тік) таныстыру; параллель және перпендикуляр түзулерді салу дағдыларын бекіту; тіктөртбұрыштың ауданын, периметрін және тік бұрышты параллелепипедтің периметрі мен ауданын табуды меңгерту.
Міндеттері:
Білімділігі:Тіктөртбұрыш пен шаршыға берілген есептерді шығартуды меңгерту.
Дамытушылығы: Оқушылардың зейінін, шығармашылық белсенділігін, білім, білік, дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Оқушыларды шыдамдылыққа, сауаттылыққа, шапшаң ойлап, есептеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік, есептеу, салыстыру.
Көрнекілігі: суреттер, дайын фигуралар, қорапшалар, фломастерлер.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесемін. Сыныптағы оқушыларды түгендеймін. Олардың сабаққа дайындығын тексеремін.
Мен оқушыларға бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз:«Тіктөртбұрыштың, шаршының периметрі мен ауданын, тік бұрышты параллелепипедтің көлемін табу», деп айтып өтемін.
Психологиялық дайындық.Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.
Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар
II. Үй тапсырмасын тексеру.
76 беттегі №8 есепті тексеру.
III. Жаңа сабаққа кіріспе:
Тіктөртбұрыш пен шаршыға анықтама беру және мысалдар келтіру.
IV. Жаңа сабақ:түсіндіру, еске түсіру, қайталау.
№ 1. Тіктөртбұрыш пен шаршының қасиеттерін есіңе түсір. Тіктөртбұрыш туралы не білесің?
А В F G L M S P
C D E J N H O T
№ 1(ә). А)Тапсырмадағы фигураларға қара және сұрақтарға жауап бер:
- Қай қабырғалар параллель? Бұл қабырғалар өзара тең бе?
- қай қабырғалар перпендикуляр? Олар өзара тең бе? Қорытынды жаса.
№ 1(б). Төртбұрыштардың қайсысы тіктөртбұрышқа жатады?

4 5
V.Сабақты бекіту:
Оқулықпен жұмыс.
№2 Есептерді шығар:
А) 12 м-ден – 8 о
5 бөлме - ? о
Ш: 12*8=96
96*5=480
Ж: 480 м тұсқағаз қажет.
Ә) Жөндеуге – 480 м қажет
Әр орамда – 12 м
Ш: 480 : 12 = 40
Ж: 40м тұсқағаз қажет.
Б) а – 4 м
б – 3 м
һ – 3 м
р - ?
Р = (3 + 4) ∙ 2 = 14(м)
Ж: р=14 (м)
№3 Сызбаны қарастыр. Есепте:
А) қабырғаның, еденнің ауданын; S = 3м ∙ 4м = 12м2S = 3м ∙ 3м = 9 м2Ә) бөлменің көлемін; v = 3м ∙ 4м ∙ 3м = 36м3
Б) еденнің периметрін; Р = (3м +4м) ∙ 2 =14м
В) төбесінің периметрін; Р = (3м +4м) ∙ 2 = 14м
Төбесінің периметрімен еденнің периметрі тең.
№4. Есептерді шығар.
А) Жүрді-500км
Әр 50км-іне-6 л
Барлық жолға-? л
Ш: 50 км=6 л
500:50*6=60
Ж: Барлық жолға 60 л бензин жұмсалды.
Ә) V=50 км/сағ
Т=4сағ
S=? Км
Ш: 50 км/сағ*4сағ=200 км
Ж: 200 км жолды жүріп өтті.
№5. Есепте. Дұрыстығын тексер.
90912*2=181824 1236+123+9879=11238 800832-1009=799823
436134:2=218067 12536+273+9873=22682 900479-32509=867970
446545:5=89309 23123+9898+129=33150 876874+100009=976883
VI. Сергіту сәті.
Қостық біз, көбейттік біз,
Қатты шаршап кеттік біз.
Кәне, тұра қалайық,
Қимылдасын қол-аяқ.
Кірпікті де қағайық,терең демді алайық,
Орнымызға отырып,
Сабаққа назар салайық.
VII.Қорытынды.
№8.
2, 6, 0, 3 цифрларынан төмендегі шартқа сәйкес, екі таңбалы және үш таңбалы неше сан құрастыруға болады:
Сан жазу барысында бірдей цифрлар қолданылмайды.
Ондықтарының саны үшке тең немесе артық болуы керек.
VIII. Бағалау.
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалаймын.
IX. Үйге тапсырма.
78 беттегі№6,7 есептер.
Машықкер: ___________Орынбек И.Н.
Әдіскер:_______________Едресова М.Сынып жетекші: _______ Нұрмұханова Н.Ж.