Саба? жоспарыны? ?лгісі ?рнекті ы?шамдау


Дайындаған: жоғары санатты, математика пәнінің мұғалімі Букабаева Кульшар Сейдуловна
Алматы облысы Кербұлақ ауданы Қарашоқы орта мектебі
Сынып: 5 «а» Сабақтың тақырыбы: Көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайдаланып, өрнектерді ықшамдау. Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Оқушыларға көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайдаланып, өрнектерді ықшамдау жолдарын меңгерту.
2.Дамытушылығы: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызығушылығын ояту, оқушылардың құзыреттерін қалыптастыру.
3.Тәрбиелігі: Ұйымшылдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Ресурстар: флипчарт, оқулық, стикер Сабақтың типі: білік пен дағдыны қалыптастыру Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы Оқытудың әдісі: теориялық және практикалық Сабақтың барысы:
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу
ә) Оқушыларды түгендеу
б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару
в) Сабақтың мақсатымен таныстыру
г) Топтарға бөлу 2 мин.
Жаңа сабақты меңгерту Оқушыларға өз бетінше тақырыпты меңгеруі. (оқушылар өз бетінше тақырыпты оқиды)10 мин.
Топ ережесін сақтау туралы ескерту Постер салу (топтағы рольдердің дұрыс бөлінуін қадағалау) 5 мин.
Постер қорғау 4 мин.
Әр топтың тақырыпты меңгерудегі деңгейін саралай отырып, негізін бөліп алу бойынша тақырыптың негізгі идеяларын, маңыздысын қорытып жазу. Санды және әріпті өрнектердің мәнін табу үшін алдымен оларды ықшамдап алу керек. Көбейту амалдарының қасиеттерін пайдаланып, өрнектерді ықшамдайық.
Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті: а*b=b*a, мұндағы а,в-кез келген сандар
Көбейтудің терімділік қасиеті: (a*b)*c=a*(b*c), мұндағы а,в,с-кез келген сандар
Мысалы: (25*4)*5 = 25*(4*5)=500
7b*4= (7*4) *b =28b
алғашқы түрі ықшамдалған түрі Оқушылар ауызша көмектеседі 3 мин.
Дамыту кезеңі.
Есептер шығару. (10 мин.)
№ 368 (ауызша), № 369
№ 370 (1) 1-топ, №370 (2) 2-топ, № 370 (3) 3-топ, № 370 (4) 4-топ,
№ 375 (тақтада орындау) Сергіту сәті Логикалық есеп Сабақты бекіту кезеңі:
Қосудың ауыстырымдылық қасиеті дегеніміз не? Мысал келтір.
Көбейтудің терімділік қасиеті дегеніміз не? Мысал келтіріңдер. 3 мин.
Әр топтан бір оқушы топ мүшелерін бағалауын ұсынады Топтың бір мүшесі басқаларды бағалайды
3 мин.
Үйге тапсырма : § 2.7 № 374, № 376, 377, 378 Күнделікке жазып алады 3мин.
Рефлексия Стикерге кері байланыс береді 2 мин.