Саба? жоспарыны? ?лгісі Е? кіші орта? еселік


Дайындаған: жоғары санатты матенматика пәнінің мұғалімі Букабаева Кульшар Сейдуловна
Алматы облысы Кербұлақ ауданы Қарашоқы орта мектебі
Тақырыбы: Ең кіші ортақ еселік .
Мақсаты:  1. Білімділігі: Ең кіші ортақ еселік туралы мағлұмат беру. Есептер шығару дағдыларын қалыптастыру.
2. Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызығушылығын ояту, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру.
3.Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдыққа, саутты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі:  Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі:  Ауызша, жазбаша, түртіп алу, флипчарт, бағалау критерийі. Практикалық (есеп шығару)
Сабақтың ресурстары:  Флипчарт, гүл салған себет, жемістер.
Сабақтың барысы: Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
1.Ұйымдастыру кезеңі
(2 мин.)
а) Сәлемдесу
ә) оқушыларды түгендеу
б) оқушылардың назарын сабаққа аудару
в) сабақтың мақсатымен таныстыру
г) оқушыларды топқа бөлу (жай сандар, құрама сандар, еселік, бөлгіш)
д) бағалау критерийімен таныстыру Топқа бөлінеді
2. Жаңа сабақты түсіну
(10 мин.) 1)Берілген натурал сандардың әрқайсысына еселік, болатын ең кіші натурал санды ең кіші ортақ еселік деп атайды.
Мысалы: ЕКОЕ (8, 16 ) = 16
2)Егер берілген натурал сандар өзара жай сандар болса, онда ең кіші ортақ еселік олардың көбейтіндісі болады.
Мысалы: ЕКОЕ (5;7) = 35, ЕКОЕ (5;11) =55
1.Берілген натурал сандардың ең үлкені кішілеріне бөлінсе, онда үлкен сан осы сандардың ең кіші ортақ еселігі болады.
2.Мысалы: ЕКОЕ (57; 19) = 57 Өз бетінше тақырыпты оқып, керекті жерін түртіп алады, талдау жасайды.
3. Тақырыпты меңгеру
(12мин.) 1.Постер салуға және қорғауға тапсырма береді.
2. Оқушылардың ойын қорытындылап, толықтырып, қосымша түсінік береді. Постер салады, қорғайды.
4. Сабақты бекіту(10 мин.)     № 714 ауызша
№ 715, № 717 жазбаша тақтада орындау
№ 719 өз бетімен (озат оқитын оқушылар үшін) Ауызша, жазбаша тақтада есеп шығарады.
5.Сергіту сәті
(3мин) Логикалық есеп беру.
1.Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?
2. Бір сан ойла, енді ойлаған саныңызды 2-ге көбейтіп, оған 10-ды қосып, оны 2-ге бөліңізде ойлаған саныңызды алып тастаңыз.
Жауабы: 5 шығады! Оқушылар ойланады. Жауаптар ұсынады.
6.Қорытындылау
(4 мин.) 1. Берілген натурал сандардың ең кіші ортақ еселігі деп қандай санды айтамыз?
2. Сандарды жай көбейткіштерге жіктеу арқылы ең кіші ортақ еселікті табуды түсіндір. Сұрақтарға жауап береді.
3. Берілген натурал сандардың ең үлкені кішілеріне бөлінсе, ең кіші ортақ еселікті қалай табуға болады?
4. Өзара жай сандардың ең кіші ортақ еселігін қалай табамыз? 7.Бағалау
(3 мин.) Топ басшысына бағалау критериі бойынша өз тобының оқушыларын бағалауды ұсынады.
Жоғары деңгейде қатысқан топқа «Себеттегі гүлді» ұсынады. Топ басшысы өз тобының оқушыларын бағалайды.
8.Үйге тапсырма беру (1 мин.)  § 4.8 сұрақ 1-4, № 716, № 720, 722 Күнделікке жазады.
9. Рефлексия Стикерге пікір жазуды ұсынады. Пікір жазады