Топты? ж?мыс ж?ргізу ?дістемесі


«В.Г.Белинский атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» КММ ІІ деңгейлік қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Капанова Айжан Нурбопановнаның
Коучинг-сессия жоспарыУақыты 60 минут
Тақырыбы Топтық жұмыс жүргізу арқылы сыни тұрғыдан ойлауға үйретуге бола ма?
Мақсаты Тыңдаушылардың сын тұрғысынан ойлауды оқу процесінде қолдана білулеріне ықпал ету, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау, талапқа сай өлшемдерді қолдану дағдыларын дамыту, топтық жұмыс орындату арқылы сыни тұрғыдан дамыту технологиясы түрлерін құрастыру, диалог арқылы қарым-қатынасқа түсіру.
Табыс критерийлері Тыңдаушылар «Топтық жұмыс жүргізу арқылы сыни тұрғыдан үйретудің жолдары» әдісі туралы біледі.
Өз практикаларында сыни тұрғысынан ойлауды топтық жұмыс жүргізу арқылы әдіс-тәсілдерді қолданады.
Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға сын тұрғысынан ойлау модулінің тиімді және нәтиже беретін әдіс-тәсілдерді іріктей алады.
Өз жұмысының ой қорытындысын жасауда (рефлексия жасауға) СТО әдіс-тәсілдерін қолданады.
Өздігінен ақпарат алуды түсінеді.
Берілген тақырыпқа шығармашылықпен өз пікірін айтады.
Түйінді идеялар 1.Сындарлы оқыту.
2.Сын тұрғысынан ойлау бұл:
Мағынаны тану, бағалау, мәлімет бойынша анализ және синтез жасау, бақылау бойынша нәтиже алу, тәжірибиенің, толғанушылықтың немесе пайымның бағасын біледі.
3.Визуалды және ауызша түрдегі негізгі ақпарат ұстаздардың тәуелсіз ойлауына және олардың ой қорыту, өзіндік түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді.Сындарлы және ашық диалогке қатысу ұстаздардың өз идеясын сенімді түрде білдіруіне, түрлі көзқарастарға көңіл бөлуге және оларды бағалауға мүмкіндік береді.
Ресурстар Интернет-ресурстар, постер, маркер, үлестірмелі материалдар, стикерлер, 2 деңгей (негізгі) нұсқаулығы, Power Point таныстырылымы, психологиялық тест материалдары, класстер, кері байланыс парағы.
Сілтеме Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Сыни тұрғыдан ойлау бақылау, тәжірибе, толғану және ой жүгірту нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады. (2 деңгей (негізгі) нұсқаулығы, 23-бет)
Коучинг-сессия кезеңдері Уақыты Коучинг-сессияның жүргізілуі
Психологиялық ахуал орнату 2 минут 892810598805«Күнбағыс» гүлін бір-біріне ұсыну арқылы қатысушылар бір-біріне жақсы лебіздерін білдіріп,сәттілік тілейді.
Топқа бөлу 1 минут Түрлі- түсті «Жүрек» стикерлері арқылы топқа бөлінеді.
І топ – жасыл
ІІ топ – қызыл
ІІІ топ- сары
Ой қозғау 2-3 минут «Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не?» деген сұрақ қоя отырып, тыңдаушылардың пікірін білу.
Тапсырма №1 24 минут «Көліктер» атты жаттығу беру. Әр жұп конвертте берілген көліктер туралы мәліметтер береді,географиялық және тарихи тұрғыда түсінік беріп, салыстырады. Сол бойынша пікір алмасып, постерлерін қорғайды. Салыстырады, топтастырады, болжайды, талдайды, күмән туғызады...
Тапсырма №2 10 минут
Тыңдаушыларға тақырыптық ресурс тарату. Олар оқып танысады, өзара пікірлесе отырып, ойларымен бөліседі. Күннің шуақтары бар суретке топ мүшелері өз ойларын жазып, кластер толтырады.
Сергіту сәті 3-4 минут «Қозғалыс » жаттығуын жасау.
Тапсырма № 3 15 минут «100 доллар» жаттығуын беру. Жұптық жұмыс.Мақсаты: талдай отырып, өзіне қажетті шешімді қабылдау. Слайд бойынша көрсету.
Рефлексия 5-6 минут Л.Зайверттің «Бес саусақ» әдісі арқылы коучинг-сессияны қорытындылау.
Оқуға арналған тапсырма Әдістерді сабақтарда қолдану жолдарын қарастыру.
Рефлексия
«Топтық жұмыс жүргізу арқылы сыни тұрғыдан үйретудің жолдары» тақырыбында коучинг өткіздім. Коучингті психологиялық ахуалды «Күнбағыс» гүлін бір-біріне ұсыну арқылы қатысушылар бір-біріне жақсы лебіздерін білдіріп, сәттіліктер тілеу арқылы бастадым. Бұл коучингте мұғалімдер топқа бөлу әдісінің бірнеше түрін меңгере отырып, ақпарат алу көздерін, шығармашылық идеяларды бағытты түрде қолдана алу дағдыларын қалыптастырды. Топтық жұмыстағы рөлдердің маңыздылығын түсінді. Сонымен қатар көшбасщылықты дамыту, талдау, бір-бірін тыңдау мәдениетін қалыптастыруға болатынын ортаға салды. Әріптестерім өз тәжірибелеріндегі қиындықтарды да атап өтті. Ол топтағы бағалау. Оқушылардың тапсырма орындаудағы үлестерін айқындау да қиындық туғызатынын ортаға салды. Бұл мені коуч ретінде ойлантты. Яғни, мен келесі коучингті критериалды бағалау туралы өтуім керек деген ой түйдім. Сонымен қатар, Л.Зайверттің «Бес саусақ тәсілі» рефлексиясы туралы түсінік қалыптастырып, кері байланыс берудің бұл түрін өздерінің сабақтарында, коучинг сессияларында қолданатындары туралы пікірлерін білдірді. Мен үшін бұл коучинг пайдалы болды деген ойдамын. Себебі, топтағы пікірлесу арқылы сыни тұрғыдан ойлау дағыдаларының дамитыны сөзсіз. Ол үшін мұғалімдер төменгі ойлау деңгейінен жоғары ойлау деңгейіне жеткізетін тапсырмаларды құрастырса, топтағы талдау да сәтті болады деген ойдамын. Бұл түйгеніме келесі коучингте фокус түсіремін.