«?аза?стан – 2050: Бір ма?сат, бір м?дде, бір болаша?» ашы? т?рбие саба?ы


Тақырыбы: «Қазақстан – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»
ТҮЙІНДІ ИДЕЯ: Білім-тәрбие, тәрбиелеу-мақсат
Мақсаты: Оқушыларға жалпы стратегиялық жолдау дегеннің не, ол қашаннан бері жүзеге асырылып келе жатқан құжат екендігін ,биылғы 2014 жылғы 17 қаңтардағы жолдауында не көрсетілгендігін, алға қандай жоспарлар мен мақсаттар қойылып отырғандығын, мемлекет басшысының осы уақытқа дейінгі атқарған істері негізінде Қазақстанның жаңа тарихының бет бейнесін көрсету.
Түрі: ашық тәрбие сағаты
Аудиториясы: 6 сынып
Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакат, кластер
Барысы:
Кіріспе:
Армысыздар, қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Мен Қазақстанның болашағымын» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Менің елім-Қазақстан! Бұл әрбір дала перзентінің көкірегінде мақтаныш пен айтатын сөзі.
Елбасы «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса,қазақтың ұлттық мемлекетінің нығайып көркеюі жолында жан теріңді аянбай жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа»,-дейді. Расында да, болашақта өз елінің қожасы да, иесі де өздеріңізсіздер. Сіздер жаңа ғасыр, жаңа мыңжылдықтың жас ұрпағы, егеменді еліміздің ертеңісіздер.
Сіздер-еліміздің экономикасын, мәдениетін, білімін көтеретін азаматсыздар. Жаңа дәуір көшін жалғастыруға, халқымыздың әл-ауқатынның артуына, еліміздің көркейіп нығаюына үлес қосу, басты борыштарыңыз деп санаймыз.
Бұл ғасыр-білім ғасыры. Еліміздің дамуы үшін Қазақстанды әлем танитындай бәсекеге қабілетті ел болу үшін бүгінгі жас ұрпақ білімді болуы шарт. Ақыл мен сананың, білім мен біліктің бәсекеге түсер ғасыры, ертеңін ойлайтын ел болғандықтан, елбасымыз шәкірт біліміне аса көңіл бөліп отыр. Ертеңгі күннің бүгінгі күннен нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға жетелейтін күш білімге ғана тән. Сондықтан сіздердің алдарыңызда үлкен жауапкершілік тұр.
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы: Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ деп аталады. Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті екен.
Инновациялық индустрияландыру трендін түзеу және күшейте түсу ;
Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін инновациялық бағытқа түсіру;
Ғылыми қамтымды экономика құру;
Инфрақұрылымдық үштаған – агломерацияның, көліктің, энергетиканың қарқынды дамуын қамтамасыз ету керек;
Шағын және орта бизнесті дамыту;
Қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасау;
Мемлекеттік институттар жұмысын жетілдіру.
Топқа бөлу: «Домино»
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан.
Шашыраған сөздерден мына өлең шумақтарын белгілі бір уақытта жинап үлгеріп, оқып беру керек.
Кластермен жұмыс:
1-жаттығу:
Егер мен Президент болсам...
Мұғалім...
Әкім...
Дәрігер..
Заң қызметкері..
КЕРІ-БАЙЛАНЫС:
2-жаттығу
Оқушылар мен мұғалімдер үшін «Еңбек», «қуаныш», «бейнет», «болашақ», «егемен», «ертең», т.б тақырып аясында айтылатын сөздер беріледі. Осы сөздерге жақсы тілек айтып қорытындылау.
Қазіргі заман-білімдінің заманы. Елімізде жастарға білім алу үшін өте көп жағдай жасалып отыр. Сондықтан оқы, білім ал, еліңе адал қызмет ет. Асулардан асады жастар әлі, зор болашақ бүгіннен басталады., дегендей бүгінгі сабағымыз осымен аяқталды.
РЕФЛЕКСИЯ