Саба? жоспары Бір орында б?рылу, сапты? т?рыс, бір ?атардан екі ?атар?а сап ??ру ж?не ?айтадан бір ?атар?а сап ??ру. (10 сынып)


«__»____________20__ж.
Сынып 10. Негізгі тараудың аты: 6 тарау. Саптық дайындық.
Сабақтың тақырыбы: Бір орында бұрылу, саптық тұрыс, бір қатардан екі қатарға сап құру және қайтадан бір қатарға сап құру.
Сабаққа бөлінетін уақыт: 1 сағат (40-45 мин.)
Сабақтың түрі: Көрсете отырып әңгімелеу.
Сабақтың мақсаттары:
Оқытулық: ҚР ҚК Саптық жарғысы талаптарына сәйкестендіре бұрылу
элементтерін көрсете отырып үйрету, әмірлердің дұрыс берілуіне
назар аудару.
Дамытулық: Өздіктерінен үлкен айна алдында дұрыс бұрылыстар жасауға
дағдыландыру.
Тәрбиелілік: Саптың талаптарының қатаңдығы мен тәрбиелік маңыздылығын
түсіндіру. .
Пән аралық байланыс : Дене тәрбиесі. Құқық.
Көрнекіліктер: ҚР Конституциясының 15 жыл толуына арналған әскери шеруден
көрініс, бейнетаспа -15-20 мин.
Сабақ өтілетін орын: Оқу кабинеті
Қолданылатын әдебиеттер: 10 сынып оқулығы, деректер. АӘД журналы.
Сабақтың өтілу барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Сабақ алдында взвод бойынша саптануы. Взвод
командирлерінің сабаққа қатысушылар мен дайындықтары туралы
баяндамасы. Оқушылардың сыртқы бейнесі (әскериленген киінуі мен
тазалығын, үтіктелуін тексеру, ер балалардың шашы, аяқ киімдерінің
тазалығы, жағалықтары мен жеке гигеналық құралдарының
түгелдігін тексеріп, аяқ киімдерінің тазалығына жеке оқушыларға
ескертулер жасау) қаралады.
Сабақтың міндеті мен тақырыбы, өтілу орны туралы хабарлау.
Сабақ алдында 5-7 минуттық саяси хабарлама, тәуліктік кезекші
немесе алдын ала бөлінген оқушы жасайды.
2. Қайталау сұрақтары : Сап және оларды басқару. Сап элементтерінің атаулары мен берілетін әмірлері және олардың орындалуы.
3. Жаңа материалмен таныстыру: Орнындағы бұрылыстар «Оң-Ға», «Сол-Ға», «Ай-нал» әмірлері бойынша бұрылу элементтерін көрсету, дұрыс бұрылу кезінде қалай жасалады, денені қалай ұстау керектігін, қолдың орналасуы.
Артқа және солға бұрылу – сол жаққа қарай, сол өкшемен және сол аяқтың ұшымен, оңға бұрылу – оң қол жаққа қарай оң өкшемен және сол аяқтың ұшымен жүргізіледі.
Бұрылу екі тәсілмен орындалады:
Бірінші тәсіл – денені тік қалпын сақтай отырып және тізелерді бүкпей бұрылу керек, алдыңғы тұрған аяққа дене салмағы түседі;
Екінші тәсіл – қысқа жол арқылы екінші аяққа қою керек.
Қозғалыс адыммен немесе жүгіре басу арқылы жасалады.
Адымның жылдамдығы мен ұзындығын, аяқ алыстуралы түсінік. Екі бөлікке бөліп көрсету. Адым минутына 165-180, адымдау ұзындығы 85-90 см.
Адым – саптық және жорықтық болып бөлінетіндігі. Ол үшін «Саппен адым бас», қозғалыста «Саппен – адымда», жорықтық адымда тек: «Адым-Бас!» әмірлері беріледі. Алдын ала пәрмен беру кезінде дене біршама алға ұмсынады, оның салмағы
251460039370орнықтырылығын сақтай отырып, оң аяққа салу керек, орындалатын әмір бойынша қозғалыс сол аяқтан толық адыммен басталады. Саптық адыммен қозғалыс кезінде аяқтың ұшын жерден 15-20 см жоғары көтеріп, аяқ алға созылады және табан нық қойылады. Иықтан бастап, қолдармен дененің айналасында қозғалыс жасау керек, алға –
00орнықтырылығын сақтай отырып, оң аяққа салу керек, орындалатын әмір бойынша қозғалыс сол аяқтан толық адыммен басталады. Саптық адыммен қозғалыс кезінде аяқтың ұшын жерден 15-20 см жоғары көтеріп, аяқ алға созылады және табан нық қойылады. Иықтан бастап, қолдармен дененің айналасында қозғалыс жасау керек, алға –

– алдыңғы қол шынтақ бүгілуі денеден алақан еніндей алыс ұстап, белдік түсынан жоғары көтеріп, ал соңғы қол - иық шегіне дейін жетуі керек. Қол саусақтары жартылай бүгіліп, бас тік тік алдыға қарау керек. Жорықтық адымда аяқ ұшы созылмайды, еркін қозғалыста жерге еркін қойылады. Жорықтық адым жасау үшін: «Тіктел!» («Тік тұр!») әмірі берілу арқылы, саптық адымға, ал саптық адым кезінде «Бостан!» («Еркін тұр!») жорықтық адымға көшеді. Орнында тұрып адым жасау үшін «Орныңда адым – Бас!» қозғалыс кезінде «Орныңда!» әмірлері берілу арқылы жасалады. Орнында адымдаудан қозғалысқа көшу үшін «Тура!» әмірі беріледі, саптық адыммен қозғалысқа көшу үшін «Саптық адыммен» әмірі беріледі. Жекленген сарбаздарға, мысалы қозғалысты тоқтату үшін: «Қатардағы жауынгер Әлімов, тоқта!» әмірі береледі. Бұл кезде аяқтарды бір мезетте тағы бір адым жасап оң және сол аяқты жерге кезек қою арқылы, саптық тұрысты қабылдау қажет. Қозғалыстың жылдамдығын өзгерту үшін «Қарышта!», «Қысқа адымда», «Жиі адымда!», «Қалыпты адымда!» әмірлері беріледі. Сапта тұрған сарбазды оңға (солға) жылжыту үшін: «Қатардағы жауынгер Әлімов, оңға (солға) екі адым –Бас!» әмірі беріледі, бұл кезде сарбаз әр адымнан кейін аяқты ыңғайлап қою арқылы, екі адым жасайды. Оңға (солға, артқа) орын ауыстыру кезінде қол қозғалыс жасамайды. Қозғалыс кезіндегі бұрылулар: «Оң-Ға», «Сол-Ға», «Ай-нал» әмірлері арқылы орындалады. Қозғалыста оңға (солға, артқа) бұрылу, сол аяқ (оң аяқ) жерге қойылу арқылы, сол аяқтың (оң аяқтың) ұшымен аяқты қою арқылы оң (сол және кері) иыққа қарай бұрылып, қозғалысты жалғастырады. Қолмен қозғалыс жасау адым ырғағымен жасалады.
Бөлімшенің жазылмалы сабы бір қатарлы немесе екі қатарлы болуы мүмкін. Бөлімшені бір қатарлы (екі қатарлы) сапқа тұрғызу:
-317512700«Бөлімше бір қатарға (екі қатарға) – Саптал!» әмірі арқылы жүргізіледі. Саптық тұрысты қабылдап және әмірді берген соң бөлімше командирі сапқа тұрудың маңдай шебіне қарама-қарсы тұрады, ал бөлімше адам санына сәйкес командирден солға қарай тұрады.
00«Бөлімше бір қатарға (екі қатарға) – Саптал!» әмірі арқылы жүргізіледі. Саптық тұрысты қабылдап және әмірді берген соң бөлімше командирі сапқа тұрудың маңдай шебіне қарама-қарсы тұрады, ал бөлімше адам санына сәйкес командирден солға қарай тұрады.
0-381000
«Бөлімше бір қатарға (екі қатарға) – Саптал!» әмірі арқылы жүргізіледі. Саптық тұрысты қабылдап және әмірді берген соң бөлімше командирі сапқа тұрудың маңдай шебіне қарама-қарсы тұрады, ал бөлімше адам санына сәйкес командирден солға қарай тұрады. Сапқа тұру басталғанда командир саптан шығады және сапқа тұруды бақылайды. 4 немесе оданда аз адамдары бар бөлімше әрқашанда 1 қатарға сапталады. Бөлімшені орнында түзету мақсатында «Түзел!» немесе «Солға – Түзел!» әмірлері беріледі, бұл әмірлер берілгенде оң жақ шеттегі сарбаздан басқасы мойындарын оңға бұрады (оң құлақ сол құлақтан жоғары және иек көтеріңкі болуы керек), түзелу кезінде ә.қ. алға,артқа жан-жағына қозғала алады. Түзелу аяқталыуынан кейін «Тіктел!» («Тік тұр!») әмірі беріледі, бұл кезде бәрі бірдей бастарын тік ұстайды. Сап кері бұрылу кезінде «Солға (оңға)-Түзел!» әмірлері беріледі. Қарумен тұрғанда, қару «Аяққа» күйіндегі карабинмен түзелу кезінде қару бүйірге қарай қысылып, сүңгі пышақ жүзі өзіне қарауы керек. Бөлімше бір қатардан екі қатарға сапталуы үшін: «Бөлімше, бірінші және екіншіге – Санал!» әмірімен жүргізіледі, бұл кезде командирден кейін тұрған сарбаз басын сол жаққа тез бұру арқылы өз нөмірін атайды және басын қайта тік ұстайды, сол жақтағысы басын бұрмайды. Жалпы нөмірлеу үшін: «Бөлімше, ретімен –Санал!» әмірі беріледі. Соңғы сарбаз сап «Толық» немесе «Толық емес» деп баяндайды. Бөлімше өз орнында бір қатардан екі қатарға сапқа тұрғызу үшін: «Бөлімше, екі қатарға –Саптал!» әмірі беріледі, бұл кезде екінші нөмірлілер сол аяқты артқа беру арқылы оң аяғын қоймастан бірінші нөмірлердің ту сыртына тұрады. Кері орындау «Бөлімше, бір қатарға-Саптал!» әмірі арқылы орындалады.
Әскери сәлемдесу «Сәлеметсіздер-МЕ» немесе «Сәлеметсіздерме ә.қ. мырзалар!» мәзірлері арқылы айтылады, бұл кезде ә.қ. демін ішке тарта отырып біркелкі «Сәлеметсізбе» немесе «Сәлеметсізбе офицер мырза» деп шенімен қоса сәлемдеседі.
Орнында тұрғанда саптық тұрысты қабылдап, оң қолды бас киімге қойып бетті шені үлкенге қарсы бұрады, қозғалып бара жатса сәл ұзағанша мойнын бұра отырып шығарып салады. Бас киімсіз дәл осындай тек қол бас киімге қойылмайды, яғни көтерілмейді. Бастықты (шені үлкенді) басып озғанда әскери сәлемдесу басып озудың бірінші қадамымен бас киімге оң қолды тигізу арқылы орындалады, оң аяқ алға басу арқылы оң қолда түсіріледі. Қарсы қозғалыс кезінде 2-3 адым жақындау кезінде саптық жүріспен, оң қолды бас киімге тигізе отырып, басты бастық жаққа бұрып тұсынан өту керек, өткен соң оң аяқпен бірге қолды түсіріп, қозғалысты жалғастырады. Егер ә.қ. қолы бос емес болса, бастық жаққа басты бұру арқылы, саптық адыммен жоғарыда айтылғандай атқарылады
4. Сабақты қорытындылауға, тақырыпты қамтуға арналған сұрақтар: Орнында және қозғалыста бұрылыстар қалай жасалады? Саптық және жорықтық адымдар қай кезде пайдаланылады? Бұрылу кезіндегі әмірлерді ата және түсіндір. Жекеленген сарбаздар үшін әмірлер қалай беріледі? Қозғалыс кезінде берілетін әмірлер мен орындалуын түсіндір.
5. Үйге берілетін тапсырма: т.6.2 тарау бойынша әмірлерді жаттау, 273- 275 бет.
6. Бағалау.Ескертпелер мен көңіл аударуды қажет ететін сұрақтар: