Статья на тему инклюзивного образования: Инклюзивті білім беру ба?дарламасы бойынша ?йде о?итын о?ушыны о?ыту м?селелері


Инклюзивті білім беру бағдарламасы бойынша үйде оқитын оқушыны оқыту мәселелері
№68 МИББ кешені
Абишева Гулсара Жетписбаевна
Бастауыш сынып мұғалімі
Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн бiлiм және ғылым саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1119 Қаулысы
198 Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарына денсаулығына байланыстыұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегiн оқытуды ұйымдастыру үшiн құжаттарды қабылдау Жеке тұлғаларБҒМ Жалпы орта бiлiм беру ұйымдары Жалпы орта бiлiм беру ұйымдары Қағазнысанында (бұйрық)
200 Арнайы жалпы бiлiм беретiн оқубағдарламалары бойынша оқыту үшiн мүмкiндiктерi шектеулi балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы бiлiм беру ұйымдарына қабылдау Жеке тұлғаларБҒМ Арнайы бiлiм беру ұйымдарыАрнайыбiлiм беру ұйымдарыҚағазнысанында (бұйрық)
21) «Арнайы жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшiн мүмкiндiктерi шектеулi балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы бiлiм беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттiк қызмет стандарты;Көрсетілетін мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн бiлiм және ғылым саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 Қаулысымен бекітілген стандартына негізделеді.
Қажетті құжаттар:
медициналық көрсеткiштер бойынша мүгедек баланы үйде оқыту қажеттiлiгi туралы қорытынды:
жергiлiктi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарындағы Дәрiгерлiк-консультациялық комиссия бередi;
2) мүгедек баланы үйде оқыту үшiн бiлiм беру бағдарламасы түрiнiң қорытындысы мен ұсынысы: тұрғылықты мекенжайы бойынша психологиялық – медициналық – педагогикалық консультация (ПМПК) бередi;
3) бiлiм беру ұйымы директорының атына ата-ананың еркiн нысанда жазған өтiнiшi;
4) мемлекеттiк қызметтi алушы ата-аналарының бiреуiнiң жеке басын куәландыратын құжаттарының көшiрмесi;
5) мемлекеттiк қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжаттар көшiрмесi;
6) мекен жай анықтамасы;
7) ата-аналардың жұмыс орнынан анықтама.
2009-2010 жылдары нормативтік базаны жетілдіру педагогикалық кадрларды даярлау,қоғам ман ата аналарды инклюзивтік білім беруді іске асыру жағдайларынан хабардар ету.
2011-2015жылдары білім беру орталықтарында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған кіріктірілген білім беру жағдайларын туғызу, оларға психологиялық- педагогикалық жағынан қолдау көрсету қарастырылды. Қоғам мен ата -аналар және педагог кадрларды бағадарламаны іске асыруға дайындау жүргізілуі қажет.
2016-2020 жылдары мүмкіндігі шектеулі жандарды толықтай білім беру саласына енгізу жоспарының аяқталу кезеңі.
Бұған дейін мүмкіндігі шектеулі балалар тек арнаулы түзету орталықтары мен оларға арналған балабақшаларда оқып білім алған. Осы жерлерден қаншама іс тәжірибесі мықты мамандар жетілген, олар мұндай балалармен тәрбиелеу және білім беру жағдайын әбден меңгерген, тәжірибе жинақтаған. Ал жалпы білім беретін мектептерде отырған осындай балалар көбіне оқшауланып, ортадан қалыстап қалды деуге болады.
Инклюзивтік білім беру
Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Тәжірибе көрсеткеніндей қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалады, өйткені қалыптасқан жүйе мұндай балалардың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігінқалыптастырады.Инклюзивті оқыту- барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.Инклюзивті оқыту оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді.Инклюзивті оқыту-адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.
Инклюзивтік білім беру бұл әр түрлі қажеттіліктері бар, мүмкіндіктері де әр түрлі жағдайда дамып келе жатқан балаларды оқытудың әдіснамасын жетілдіре отырып, әр баланың жеке индивид, яғни тұлға екенін білдіреді.
Оқыту барысындағы осындай балалармен толыққанды жұмыс жасау және олардың білім алуына қолжетімді жағдайлар мен әдіс-тәсілдерін қарастырады.
Егер осы айтылған білім беру және оқыту мәселелері тиімді екендігіне көз жеткізсек, бұл барлық балаларға, оныңішінде мүмкіндік деңгейі жоғары балаларға да тамаша мүмкіндік болар еді.
Инклюзивтік білім беру оқу мен оқытудағы түрлі қажеттіліктердің шешімін табатындай оңтайлы деген тәсілдерін әзірлеуді қарастырады.
Инклюзивтік білім берудегі алға қойған жұмыс нәтижесі болып жатса,онда барлық оқушыларға тиімді болар еді.
Инклюзивтік білім берудің сегіз қағидасы:
Адамдық құндылық оның қабілеттері мен жетістіктеріне ғана тәуелді емес.
Әрбір адам сезіну мен ойлауға қабілетті.
Әрбір адам қарым- қатынас жасауға және өзіндік пікірін айтуға құқылы.
Адамдардың бірінсіз бірінің күні жоқ.
Нағыз білім тек қана өзара қарым-қатынас жасау барысында іске асырылады.
Барлық адамдар құрбы - құрдастарының қолдауы мен достығына мұқтаж.
Барлық білім алушылардың жетер шыңы олардың қолынан келетін бар мүмкіндігін пайдаланып, іске асыра білуінде.
Жан - жақтылық адам өмірін барлық қырынан жетілдіреді.
Сонымен бірге :
Әрбір бала білім алуға және осы орайда өз мүмкіндігіне қарай қолдау алуға құқылы.
Әр бала бойында өзіне тән қызығушылық, білуге деген қажеттілік және ерекше қабілет болады.
Осы айтылған қажеттіліктер мен ерекшеліктерді басымдылыққа ала отырып,білім беру жүйесінде оқыту бағдарламаларын құру қажет болды.
Инклюзивтік білім беру бұл әрбір оқушының мектептің ішкі және сыртқы әлеуметтің өміріне тікелей араласып, сонымен бірге оқшауланып қалмауына жағдай туғызады.
Инклюзия өзіндікқажеттілігі мен ерекше қабілетті балаларды қабылдауда мектептің мәдени құрылымының,ішкі іс-тәжірибесінің өзгеруіне әкеліп соғады.
Инклюзия ерекше қабілетті немесе мүмкіндігі шектеулі дәрежедегі балаларды ғана емес, барлық оқушыларды қамтиды.
Инклюзия тек оқушылардың емес, сонымен бірге мұғалімдер мен басқа да мектеп жұмыскерлерінің де өздерінің білім- білігін шыңдауға бағыттайды.
Әрбір оқушы өзінің үйінің жанындағы мектепте білім алуға құқылы.
Инклюзия бір- бірімен өте тығыз,жақын, достық қарым- қатынастағы мектеп пен қоғам қалыптасқан ортадағы қарым- қатынасқа негізделген.
Сонымен инклюзия - бұл, әр оқушының жағдайына қарай мектептерде немесе басқа да білім беру орталықтарында қолжетімді білім алуына,оқыту үдерісінде барлық оқушы нақты мақсат қояотырып,әрқайсының алдындағы кедергілерден қиналмай өтуіне жағдай жасап, оның өз мүмкіндігін толық іске асыруына қолдау көрсетуі тиіс.
1. Үйден оқитын оқушыныңбілім алуының жалпы жағдайлары:
Мүмкіндігі шектеулі мүгедек оқушыны үйден оқыту баланың жалпы білім беретін мектепте немесе арнаулы білім орталықтарында білім алуға мүмкін болмаған жағдайда іске асырылады.
Мұндай жағдайға баланың үйден оқуының және тәрбиеленуініңшешімі оның ауруыныңсалдарына байланысты арнаулы психоло-медико- педагогикалық анықтамамен рұқсат етіледі.
Мұндай жекелеме ақысыз үйден оқу мен тәрбиелеу жұмыстары білім беру орталықтарының арнаулы мамандарымен және реабилитациялық орталық,психоло-медико-педагогикалық кеңестің шешімімен және психоло-педагогикалық сараптамамен рұқсат етіледі.
Баланы үйден оқыту жалпы білім беретін мектептер мен арнаулы (түзету) ұйымдарының атқаратын міндеттерімен сәйкес жүргізіледі.
Үйде оқитын оқушыныңбілім алуы мен тәрбиеленуін басшылыққа алу арнайы дайындықтан өткен жоғары білімді мұғалімдерге жүктеледі.
Үйден оқытуға алынған мүмкіндігі щектеулі мүгедек бала арнаулы түзету орталықтарынан алыс болған жағдайда мекенжайы бойынша сол жергілікті жердегі жалпы білімберетін мектептің арнаулы мамандарынан білім алады.
Бұл баланыңоқуының нәтижесі мен тәрбиелену барысын ПМПКжәне бекітілген білім беру мекемесі бақылауға алады.
2. Жеке тұлғалық білім беру мәселелері
Баланы үйден оқыту жұмысы жекелеме арнаулы жоспар бойынша жүргізіледі.Сабақ кестесі құрылады.Күнтізбелік жоспар мен сабақ кестесі мектеп әкімшілігімен бекітіледі.Жоспарды құру барысында педагог арнайы білім беру орталығының типтік жоспарына сүйене отырып, баланыңжеке бас ерекшеліктерін басшылыққа ала отырып құрастырады.
Баланың өсіп жетілуінде қажет болған жағдайда қиындықтарды түзетумақсатымен аптасына арнаулы екі сағат мамандарға: мұғалім- логопед,мұғалім-психолог және педагог-дефектологке беріледі.
Оқыту пәндері үшін сабақ уақытының ұзақтығы мен бірізділігі баланың психикасы мен жүйке жүйесінің жағдайын есепке ала отырып, аптасына бастауыш сатыда 8 сағаттан аспауы тиіс және орта, жоғары буындарда 10-12 сағат болуы тиіс.
Оқу жылының басталуы мен аяқталуы және демалыскезеңдері жалпы білім беретін мектептің бекітілген кезеңдерімен сәйкес жүріп отырады.
Жекелеме үйден білім алған мектеп бітіруші түлекке алған біліміне сәйкес мемлекеттік үлгідегі куәлік құжаты сол білім алған мекемесінен бекітіліп,ұсынылады.
Осындай ережелерді басшылыққа ала отырып үйде оқитын оқушының мекен жайының орналасуына байланысты Мамыраев ауданынан 2010-2011 оқу жылында 1 –ші сыныпқа денсаулығына байланысты үйде оқитын оқушыны қабылдадық. Бала туа біткен сал ауруымен ауырады, оң жақ қолы жұмыс жасамайды соныменбірге екі аяғын басып жүре алмайды.
Оқушыны қабылдаған күннен бастап психолог және әлеуметтік қызмет көрсету орталығынан педагог - мамандар кесте бойынша жұмыс жасады. Мен аптасына үш күн оқушыныңүйінде жұмыс жүргіздім.Арнайы сабақ жоспары,тәрбие жоспары , оқушы күнделігі арналды.Сауат ашу кезеңінде оқу барысында қиындық болмағанмен баланың жазу каллиграфиясын қалыптастыруда өте көп қиналдық. Бұл кезеңде анасының тарапынан да маған өте көп көмек қажет болды. Ата- анасымен бірлесе жұмыс жасадық. Сабақтар таңертеңгі мезгілде оқушының денсаулық жағдайына байланысты шаршамайтындай, сергіту жаттығулары арқылы жүргізіледі.
Әрине, өте қиын болды, бала тез шаршайды, көп күш жұмсай алмайды. Осындай сәттерде ауызша тапсырмалар пайдаландым. Жұмбақ шешеміз,тілге жеңіл жаңылтпаштар жаттаймыз,сонымен қатар саусақпен моторикалық жаттығуларды жасата отырып, мынадай санамақтар жатқа айтып үйретемін:
Оң қолымда бес саусақ.
Сол қолымда бес саусақ.
Бесті беске қосқанда
Болып шықты он саусақ.
***
Бас бармағым - біреу,
Балаң үйрек - екеу,
Ортан терек - үшеу,
Шылдыр шүмек - төртеу,
Кішкентай бөбек - бесеу.
***
Жалғыз саусақ тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті
Ине қолға ілікті
Үш саусағым орамды
Жүгіртеді қаламды
Төрт саусағым жарысып
Би биледі майысып
Қос бестік боп бірікті
Жұмыла іске кіріпті.
Өнерлі екен он саусақ
Қала салсақ, жол салсақ.
***
Бір дегенім - білім
Екі дегенім - елім
Іш дегенім - үскі
Төрт дегенім - төсек
Бес дегенім-бесік
Алты дегенім -асық
Жеті дегенім - желке
Сегіз дегенім- серке
Тоғыз дегенім-торқа
Он дегенім - оймақ
Он бір қара, жұмбақ.
Жаңылтпаштар:
Мая Аяның сол жағында,
Ая Маяның оң жағында.
***
Іргеден бүрге ұшты,
Бүргемен бүрге бірге ұшты.
***
Ашқарақ Тасқара!
Түнерме, аш,қабақ!
***
Тау бар, тау бар,
Тауда бау бар.
***
Піскен пісте,
Піс те, жерге түспе!
Осындайоқушыныңәріестесақтауқабілетін, әрітілінжаттықтыратын,әрі көңілін сергітетін жаттығулар өте тиімді.
Биылғы 2012-2013 оқу жылында да Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 19- шы бабының 3- ші тармағына сәйкес мектептердегі сабақтарды денсаулық жағдайларына байланысты үйде оқуға рұқсат етілген.Оқушымен жаңа оқу жоспары бойынша күнтізбелік жоспары бекітіліп, аптасына 8 оқу пәні алынды. Ана тілі, қазақ тілі, математика,ақпараттану, еңбек , бейнелеу пәндерін жүргізіп отырмын.
Баламен жүргізілетін әр сабақта да ойындар, қызықты жаттығулар, сұрақтар беріп отырамын.Уақыт өте келе оқушы қалыптасып,күнделікті уақытымен тапсырмаларын өздігінен орындайтын,қатесіз сауатты жазатын жағдайға жетті.Есте сақтау қабілеті өте жақсы, дегенмен де шаршамауы үшін жұмыс түрлерін өзгертіп отырамын.
Кейінгі 2-3 сыныпта баланы ата - анасы мектептегі орыс тілі, ағылшын тілі және музыка пәндеріне уақытымен әкеліп қатыстырып отырады.
Ұстаздар оқушыға жаңа сабақ өтілгеннен кейін тапсырмаларды өзіндік жұмыстар, жекелеме үлестірмелер, тест жұмыстары арқылы да беріп отырады.
Сыныптағы басқа оқушылар Бекзатпен өте жақсы қарым- қатынаста.Бала олардың арасында алалаушылықты сезінбейді, балалармен өткізетін сабақтарын асыға тосады,қызығушылықпен қатысады.
Сынып оқушыларымен бірге өткен атаулы мерекелерге шақырып қатыстырып отыруға тырысамыз, басқа оқушылары Бекзатқа қамқорлықпен қарап, келуін тосып отырады.
Оның талабы, оқуға деген қызығушылығы жақсы. Қабылдауы, есте сақтау деңгейі жақсы жетілген. Дегенмен де кейде ауа райына, алатын емдік шараларына байланысты қиындықтар кездесіп жатады.
Жалпы алғанда оқушының қай пәннен болсын үлгерімі жақсы, берілген тапсырмаларды тез қабылдайды,өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланған. Басты қиындық оның қолдарының әлсіздігі, тек бір жақ сол қолымен ғана жаза алады, оның өзі әлсіз,тез шаршайды, жазуы жиі өзгереді, қазақ тілі сабағына көп күш жұмсайды. Сондықтан әрбір өтілетін тақырып пен таңдалатын есептер мен жаттығулар барысын жұмыс жағдайына ыңғайластыруға тырысамын.
Отбасында оқушының оқуға арналған партасы бар, оқуға толық жағдай жасалынған.
Былтырғы 2011-2012 ші оқу жылында балаға компьютер берілді және баланың жан- жақты дамуына арналған дисктер берілді, олармен тез үйреніп, жұмыс жасап кетті. Математика,қазақ тілінен тестер мен өзіндік жұмыстарды комьпютермен де орындап отырады, қызығушылықпен жұмыс жасайды.
Баланы үйден оқытуда мұғалім мен ата анасына көп жауапкершілік артылады, дегенмен де бастауыш сатыда оқушы мектепке үйіне жақын жерден шамасына қарай қатысып білім алып отырғанмен де өсе келе жүріп тұруы қиындық туғызатыны сөзсіз.Мұндай оқушылардың мектептен тыс қалып қоймай оқулары баланың және ата аналарының боашағына юеген сенімін нығайтады және мемлекет тарапынан қолдау етілуіғ бұл тәуелсіз мемлекетіміздің үлкен бастамасы деуге болады. Бекзаттың қабілеті мен білім деңгейінің басқа оқушылардан еш кем еместігін айта отырып, инклюзивтік білім беру бағдарламасының мемлекетімізде отырған осындай балалардың болашақ өміріне үміт сәулесін сеуіп, өмірден өз орындарын, қажеттіліктерін сезінуіне жол ашатынына сенімдімін.
Қолданылған әдебиеттер:
Концепция развития инклюзивного образования в Республике Казахстан
Педагогикалық кеңес 2012, № 8
Үйде оқитын оқушының жылдық біліміне талдау.
2012-2013ж 3а класы
Биылғы 2012-2013 оқу жылында да Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 19-шы бабының 3-ші тармағына сәйкес мектептердегі сабақтарға денсаулық жағдайларына байланысты үйде оқуға рұқсат етілген.
Ана тілі-34 сағат, қазақ тілі-68сағат, математика-ақпараттану-102 сағат,еңбек-34 сағат, бейнелеу-34 сағат жүргіздім. Сонымен бірге оқушы қосымша орыс тілі, ағылшын тілі мен музыка пәндеріне қатысып отырады.
Сабақтар таңертеңгі мезгілде оқушының денсаулық жағдайына байланысты шаршамайтындай, сергіту жаттығулары арқылы жүргізіледі.
Оқушының оқуға арналған партасы бар, оқуға толық жағдай жасалынған. Оның талабы, оқуға деген қызығушылығы жақсы. Қабылдауы, есте сақтау деңгейі жақсы жетілген. Дегенмен де кейде ауа райына, алатын емдік шараларына байланысты қиындықтар кездесіп жатады.
Жалпы алғанда оқушының қай пәннен болсын үлгерімі жақсы, берілген тапсырмаларды тез қабылдайды, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланған. Математика,қазақ тілінен тестер мен өзіндік жұмыстарды комьпютермен де орындап отырады, қызығушылықпен жұмыс жасайды.
Класс оқушыларымен бірге өткен атаулы мерекелерге шақырып қатыстырып отыруға тырысамыз, басқа класс оқушылары класта Бекзатқа қамқорлықпен қарап, келуін тосып отырады.
Тоқсанның басында 15 күн оқушы емдік шараларына байланысты Астанаға барып келді, сонымен бірге оқу программасын да толық өтіп келді. Дегенмен де емделу кезінде баланың оқу машығының әжептәуір ілгерілемей қалғанын байқадым, біраз әдеби шығармалар мен қосымша оқуы азайып қалған.
Қосымша жұмыстар жасап баланың оқуы жақсарды. Сабақтан тыс «Балдырған» журналын т.б ертегі кітаптарды кітапханадан алып оқиды, ізденеді.
Әр тоқсан сайын оқу машығының деңгейі өсіп отыр,оқуы нормасына сай. Оқығанын түсінеді, қысқаша айтады.

Бекзат мектепте класс оқушыларымен жақсы қарым-қатынаста,балалар жақсы тіл табысады, жылы қарсы алады. Қолдарынан келген көмектерін аямайды.
Ана тілі сабағында сауатты оқуына,оқығанын түсінуге баса назар аударамын.
Пәндер бойынша әр тоқсандағы көрсеткіштері мынадай:
Ана тілі – 5.Қазақ тілі – 5.Математика - 5 . Еңбек - 5 Бейнелеу өнері-5

Оқушы еңбек және бейнелеу пәндерін қызығушылықпен орындайды,жақсы көреді. Бұл сабақтарда қию,жапсыру,өлшеу және суреттерді бояу тәсілдері баланың жазу моторикасының дамуына көп ықпалын тигізеді.
Сурет бойынша сөйлеп өз ойын айтуға,мәтіндер құрастыруға баса көңіл бөлемін,өлең,жұмбақ,мақал-мәтелдерді тез жаттайды.
Қорытындылай келе, 3-кластағы барлық жоспарланған сағаттар толығымен өтілді, оқушы білімін өз деңгейінде меңгеріп отыр. Келесі 4-ші класқа оқу озаты болып аяқтап, мақтау қағазымен марапатталып көшті.
Класс жетекшісі Абишева Г.Ж.