Дене т?рбиесі о?ыту ?дістемесін дидактикалы? т?р?ыдан ?амтамасыз ету ?дістемесі


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігі
Семейдің ҚКМК «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі»

Әдістемелік баяндама
Тақырыбы: «Дене тәрбиесі оқыту әдістемесін дидактикалық тұрғыдан қамтамасыз ету әдістемесі.»
Дайындаған: ШАЙМАРДАНОВ АСАН КАДЫРГАЛИЕВИЧ

Тақырыбы:
Дене тәрбиесін оқыту әдістемесін дидактикалық
тұрғыдан қамтамасыз ету әдістемесі,
Баяндаманың мақсаты:
Дене тәрбиесі негіздері жөнінде түсініктеме беру.
Баяндаманың міндеттері
1.Салауатты өмір салтын насихаттау,үгіттеу және үйрету.
2.Шапшаңдықты,жылдамдықты қалыптастыру.
Жоспары:
1 Дене тәрбиесі оның мақсат, міндеттері мен маңызы.
2. Дене тәрбиесі мазмұны.
3. Дене шынықтыру сабақтары
Дене тәрбиесі жеткіншек ұрпаққа нысаналы тәрбие берудің ежелден келе жатқан тарихи формаларының бірі болып табылады. Алғашқы қауымдық қоғамда дене тәрбиесі аңшылар мен жауынгерлерді даярлау мақсатын көздеді., ол кезде аңшылық пен соғысты, салттар мен жораларды көрсететін ойындар осы мақсатқа қызмет етті. Құл иеленушілік қоғамда спортпен шұғылдану құл иеленушілер мен еркін азаматтар арасында едәуір дамыды. Олардың көздеген мақсаты құл иеленушілердің дене және рухани күштерін жан-жақты дамыту және соғыс жүргізуге, жаулап алғанды қорғауға даярлау болды. Орта ғасырларда дене шынықтырумен және спорттың алуан түрлерімен шұғылдану рыцарьлық тәрбие жүйесіне енді. Қайта өрлеу дәуірі мен гуманизм идеяларының таралу заманында дене тәрбиесінің педагогикалық идеялары ерекше дамыды. Кейінірек жеке меншіктегі және артықшылық жағдайдағы мектептерде оған мықтап көңіл бөлетін болды. Дене тәрбиесінің пайда болып, дамыған теориялардың бәрі көбінесе спортшылардың арнаулы сапаларын дамыту және нығайта мақсатымен спортшыларды даярлауға және жаттықтыруға бағытталды.
Ал қазіргі кезеңде жеке тұлғаға дене тәрбиесін беру жан-жақты ұйымдастырылып жатыр. Жеке тұлғаның дамуында негізгі орын алатын дене тәрбиесі. Дені сау болса, жанымыздың ісі де сау жақсы болады, ақылымыз түзу, мінезіміз дұрыс, қайратымыз берік болады.
Баланың дені сау болуы үшін өмірге деген күресі алғашқы күннен басталады. Таңертеңгі дене шынықтыру отбасында балалардың терең тамыр жайған әдетіне айналуы тиіс. Табиғаттың күштері күннің көзі, ауа, су –баланың денесін шынықтыруға зор мүмкіндік береді. Денсаулығы жақсы адам өнімді еңбекте жақсы өзін көрсете алады.
Адам денесіндегі күш-қуатты арттыруда, жүйке жүйелерін бекітуде спортпен шұғылданудың әсері мықты. Күнделікті ағзаны шынықтырып жаттығу жас жанның өмірін қызықты да мәнді етіп, дене бітімінің сұлу, жан-жақты жарасымды болып қалыптасуын қамтамасыз етеді. Спорт жаттығулары, гимнастика- тән тәрбиесінің негізгі құралы. Ал сымбаттылық – денсаулық пен дене бітімінің үйлесімділігі. Ақыл-ой үшін парасаттылық қандай қажет болса, дене үшін тазалық, жаттығу, шынығу, қимыл-қозғалыс, іс-әрекет сондай қажет. Халық педагогикасы жоғарыда аталған тәрбие ережесін ұсынумен қатар, денені шынықтырудың төс тоғыстыру, иық қағысу, маңдай сүзістіру, білек күшін сынасу, аударыспақ, бел күшін сынау, мықын итерісу, күрес сияқты түрлерін ұсынған. Дене төрбиесінің ұлттық көрінісі негізінен қажетті еңбек түрлерінен қалыптасқан. Балалар аттың жалында, атаның қолында жүріп өскен. Ат құлағында ойнаған. Жер қыртысын аударып егін екен. Садақ тартып мергендік еткен, аң аулаған, желмен жарысып шабандоз болған. Мал жайып, төл күткен, шөп шауып, отын жарған, құрық салып асауды баса білген т.б. Осындай менді мағыналы, қажетті еңбек түрлерін игеру өрекеті арқасында дені сау, бойы биік ірі тұлғалы бітім қалыптасқан.
Табиғи қозғалыстьщ түрлері: қарғу, лақтыру, шаңғы, коньки, жүгіру, жүзу, секіру, шаңғы, велосипед тебу, акробатика, жаттығулар өмірге қажетті дағды және іскерліктерді қалыптастырады. Жас адамдардың денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап, дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік сияқты адам қабілетін дамыту оқушылардың қозғалтқыш тәжірибесін байытады, дене қозғалысын үйлестіреді.
Дене тәрбиесінің мақсаты: денсаулықты нығайту және шынықтыру, дененің дұрыс өсіп-жетілуіне және ағзаның жұмыс қабілетін арттыруына әсер ету, салауаттылыққа баулу.
Дене тәрбиесінің міндеттері:
қимыл дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру және жетілдіру;
қимылдың жаңа түрлеріне баулу және оны теориялық білімдерумен байланыстыру;
негізгі қимыл-қасиеттерін күшті, төзімділікті, шапшаңдықты және ептілікті дамыту;
адамгершілік қасиеттерін төрбиелеу (батылдық, төртіптілік, шыншылдық, ептілтілік, ұжымшылдық, жігерлілік т.б.) еріктілікке, батылдыққа, табандылыққа, ұйымшылдыққа, достық пен жолдастық сезімге тәрбиелеу.
мәдениет мәдени құлық дағдысына еңбек пен қоғамдың меншікке саналы көзқарасын тәрбиелеу;
әдеттерді қалыптастыру және дене жаттығуларымен үнемі шұғылдануға ынтаны тәрбиелеу;
гигиеналық дағдыларды сіңіру, дене жаттығулары мен шынықтыру гигиенасы жөніндегі білімді хабарлау.
Отанды қорғауға даярлау.
оқушылардың дене тәрбиесі-спорт туралы білімдерін қалыптастыру
оқушылардың дене сапасын, өмірге қажетті іскерлікті жақсарту, спортқа қызығушылығын анықтау
қимыл іс-әрекет дағдыларын және іскерлігін игеру
эстетикалық сапаны қалыптастыру (жүріс-тұрыс, қозғалу төртібі т.б.)
дене шынықтыру жөне спортпен жүйелі түрде айналысуға дағдылану
салауаттылыққа дағдыландыру
оқушының денсаулығына қамқорлық жасау.
спорт, дене тәрбиесі бағытында өзін-өзі тәрбиелеуге бағдар беру
Дене тәрбиесінің мазмұны, міндеттері және формалары әрбір мектептердің жағдайларына байланысты дене шынықтыру және сауықтыру жұмысының жүйесін жасауды қажет етеді.
Дене тәрбиесінің негізгі құралдары немесе мазмұны: дене жаттығулары, гимнастика, ойын, туризм, спорт, табиғи факторлар жатады.
Дене жаттығулары - бұл саналы түрде орындалған қимылдар және қозғалтқыш әрекеттер. Дене жаттығулары бүлшық ет жүйесін, қан айналымын және тыныс алу мүшелерін дамытады. Дамыту оқушылардың қозғалтқыш тәжірибесін байытады, дене қозғалысын үйлестіреді.Дене тәрбиесі саласында ырғақ, жеке гигиена, дене шынықтыру мәдениеті, туризм, спорт ерекше орын алады.
Дене тәрбиесі ең басты - күн тәртібін, яғни, еңбек, демалыс, тамақтану, үйқы, бос уақыт ырғақтарын дұрыс ұйымдастыруда талап етеді.
Күн тәртібін тиімді пайдалану балалардың ақыл-ойы мен дене құрылысының дүрыс дамуына, денсаулығын сақтауға көмектеседі.
Күн тәртібін бұзбау міндет. Тәртіп дегеніміз - демалыс, тамақтану, жеке гигиена және күн мен түннің пайдалы сәттерін маңызды, мазмұнды қолдану.
Гимнастика. Түрлері: негізгі және гигиеналық гимнастика, спорттық гимнастика, акробатика, көркемдік гимнастика, өндірістік гимнастика және емдік гимнастика.
Ойын оқушыларды жылдамдыққа, төзімділікке тәрбиелейді.
Туризм - оқушыларды төзімділікке, ұжымдыққа, еңбек сүйгіштікке және қолайсыз сыртқы жағдайларда кездесетін қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді.
Спорт - оқушылардың денсаулығын нығайтатын, дене к-шін, қозғалыс дағдыларын және моральдық-еріктік қасиеттерін дамытатын дене тәрбиесінің құралы. Дене тәрбиесіндегі маңызды құралдарының бірі - табиғи факторлар: күн көзі, ауа, суға шомылу, душ қабылдау.
Табиғат факторларын балалардың денесін сауықтыру жұмысы кезінде пайдалану өте тиімді. Дене тәрбиесінің маңызды мақсаттарының бірі - балалар мен ересек адамдарды дене шынықтыру ісіне жұмылдыру.
Мектепте дене тәрбиесін мұғалім, сынып жетекшісі, тәрбиеші басқарады. Олардың жұмысының мазмұны:
• шәкірттерге оқу, еңбек және демалыс ырғағын ұтымды пайдалануды үйрету, оқушылардың денсаулығын үнемі бақылау, жұмыс қабілетін жақсарту, оларға жағдай туғызып, қамқорлық жасау.
• оқу күні және оқу жылы бойында қозғалыс жасау, қозғалтқыш әрекетке үйрету және қозғалтқыш сапаларын дамыту, дене шынықтыру және сауықтыру жұмысын тиімді өткізу.
Оқушылардың білім алуы мен тәрбиеленуі – оқыту үрдісінде жүзеге асырылады. Мектепте тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастырудың негізгі жолы – сабақ.
Дене шынықтыру сабағы жастарды адамгершілік рухта тәрбилеудің белсенді құралы ретінде, мектепте берілетін барлық білім негіздерімен астасып, жалпыға бірдей орта білім беру идеяларын іске асырып, соның нәтижесінде қоғамдық пайдалы еңбекке араласу мен Отан қорғау ісіндегі жүйелі тәрбиенің негізін құрайды. Дене шынықтыру сабақтары мемлекеттік оқу бағдарламасына сәйкес жүргізіледі. Дене шынықтыру сабақтары процесінде білім беру, тәрбиелеу, сауықтыру міндеттері шешіледі. Дене шынықтыру сабағының маңызды тәрбиелік міндеті -оқушылардың дене шынықтырумен үнемі шұғылдануға ынта-ықыласын дарыту. Халық ойындарының дидактикалық мүмкіншіліктерін дене тәрбиесі сабақтарында қолданудың артықшылығы жоқ деп пайымдайды профессор Е. Сағындықов. Дене шынықтыру сабақтары спорт залда, алаңда, балалардың қозғалысы еркін болатын жерлерде өткізіледі. Балалар сабақта спорттық киімде болуы керек. Ал сабақ өтетін орынның температурасы 16-18 С болуы керек. Бұл жылылық балалардың сабақ бойы жұмыс істеуіне мүмкіндік етеді. Өйткені тым ыстық, тыншу жерде оқушылардың жүрегі жиі соғып, дене шынығумен айналысуға зауқы соқпай, тез шаршап кетеді. Ал бұл мөлшерден аз болса керісінше оқушылар тоңып, жүгіріп ыстықтағын кезде суық тидіріп алулары мүмкін. Спорт залға таяу жерде медициналық пункт болуы қажет. Кейбір мектептерде таза ауаның әсерінен дене жаттығулырының ықпалын күшейту мақсатымен сабақтар бүкіл оқу жылы бойы ашық далада өткізіледі.
Дене шынықтыру сабағы өте көп қозғалыс жаттығуларымен, әртүрлі өту барысымен және балалардың ағзасына тікелей әсер ететіндігімен ерешеленеді. Бұл ерекшеліктердің барлығы мұғалімнің дене шынықтару сабағын өткізу міндетін жоғарылатады.
Сонымен, қорыта айтқанда дене тәрбиесі әр адамға керек тәрбие. Әрбір адам келешекте өз Отанына пайдасын тигізем, «Отан үшін отқа түсем» - деген азамат болуы үшін , олар дене тәрбиесінің не екенін жастайынан білу қажет. Дене тәрбиесінің пайдалы,әрі нәтижелі болуы үшін сабақта да, үйде де еңбектену қажет. Яғни денсаулықтары жақсы болу үшін қандай шарттарды сақтау керек екенін, күн режимін пайдалану тәртібін, ой және дене еңбегін тиімді ұштастыру жолдарын, таңертенгілік гигиеналық гимнастикада қандай жаттығулар жасау керек екенін білу. Адамның ақыл-ойын, денсаулығын, қабілетін дамыту мәселелеріне тікелей қатысы бар маңызды еңбектерінде шығыстың әйгілі ойшыл ғалымы Әл-Фараби "Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін" деген екен. Балалардың дене бітімі сұлу, шапшаң да әдемі жүре білуін, дене мүшелерін дұрыс өсуін, қысқасы, оның кәдімгідей дені сау, еңбекке де, ел қорғауға да әзір, дене күш- қайратына пара-пар ақыл- ой қабілеті де қатар өрістеген парасатты адам болуын көздеуде мектеп еңбегі мен ата-ана еңбегі өте зор. XXI ғасырда қоғам тек жалаң адамдар тобынан ғана емес, сонымен бірге денсаулығы мықты, рухани дүниесі бай, жаны мен тәні кіршіксіз таза, танымдық белсенділігі мен өздігінен білім алуға деген ынтасы жөне шығармашылық қабілеті ерекше тұлғалардан тұруы тиіс.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Қазақстанның 2030 ж. дейінгі даму стратегиясы. А:;«Қазақстан», 1998.
Құрманалина Ш.Педагогика.А.,2007.
Ќоянбаев Ж.Б. Ќоянбаев Р.М: Педагогика . А.:Атам±ра, 2002 г.
Педагогика здоровья. – М., 1991.
Есімова А. Салауатты өмір салтын қалыптастырайық.// Қазақстан мектебі.№6, 2002, 44-бет.
Меңжанова А.Тән тәрбиесі. //Бастауыш мектеп. №6, 1999, 55 бет.
Жайтапова А.Денсаулық–басты байлық//Қазақстан мектебі.№9,2000,24 бет Ембергенова Ж. Салауаттылықтың төте жолы.// Қазақстан мектебі. №5 1999, 19 бет.