Орта мектептегі планиметрия курсын о?ыту ?дістемесін жетілдіруді? ?зектілігі


Орта мектептегі планиметрия курсын оқыту
әдістемесін жетілдірудің өзектілігі
ҚР білім беру жүйесінің дамуы – жаңа ақпараттық технологиялар мен компьютерлердің қолданылу деңгейіне, шығармашыл білімнің қалай қалыптастырылатындығына, оның әлеуеттік мүмкіндігінің күшеюіне байланысты.
Ал бұл міндеттің іске асырылуы мектептегі оқу үдерісіне жаңа технологиялар мен ақпараттық құралдардың қаншалықты, сонымен қатар қандай негізде енгізілуіне тәуелді екені түсінікті. Жалпы орта білім берудің математика пәні бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында бұл пәннің саласында онымен іргелес өзге де ғылым салаларындағыдай жаңалықтар мен жаңа білім көлемі жедел қарқынмен жыл сайын артып отырғаны айтылып, осы нормативтік құжаттың мақсат-міндеттерін анықтауда ескерілген қоғамдық өзгерістің бірінде былай делінген: «... Қоғамның жоғары деңгейде ақпараттандырылуы, ақпараттық техника мен технологиялардың кеңінен қолданылуы математиканы оқыту барысында оқушылардың алгоритмдік мәдениетін дамуды талап етеді».
Оқытудың техникалық құралдарын орта мектепте пайдалана отырып оқу үдерісін жетілдіру, оқушылардың білім-білік, дағдыларын қалыптастыру мәселелерімен А.И.Маркушевич, Н.Ф.Талызина, Н.И.Тихонов, М.Ә.Құдайқұлов, Н.В.Кузмина, К.К.Платонов, т.б. ғалымдар айналысқан.
Орта мектепте математика пәнiн оқытуда компьютерлiк технологияны пайдалану Е.Баранова, Р.Б.Бекмолдаева, С.С.Дайырбеков, В.С.Свиридовтар, диссертацияларының зерттеу пәніне енген.
Алайда геометрия пәнін оқытуда ақпараттық технологияны пайдалану мәселелеріне арналған зерттеу жұмыстарын талдау біз қарастырып отырған мәселелердің толық қамтылмағанын көрсетті. Негізгі мектепте планиметрия курсын оқыту барысында оқушылардың іс-әрекеттерін ақпараттық технология арқылы ұйымдастыру мен басқару, теоремаларды дәлелдеу мен есептер шығару кезінде ұғымдар арасындағы байланыстарды бекітетін іс-әрекеттерді ақпараттық технология қолдауымен жүргізу, бағдарламалық құрал-жабдықтың көмегімен оқушылардың білім-білік, дағдыларын тиянақтау мен бекіту, есте сақтау ерекшеліктері мен табиғаты психология-дидактикалық және әдістемелік зерттеулерде тиісті аспектілер тұрғысынан талқыға салынған.
Геометриядағы планиметрия курсын оқытуда оқушылардың тиісті ұғымды нәтижелі қалыптастыру, есептер шығару мен теоремаларды дәлелдеу біліктерін игерту қызметін ақпараттық технология мүмкіндігімен жетілдіру қажеттілігі мен оның іс жүзінде әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілуі арасында қарама-қайшылық туындайды. Осыған орай, мектепте планиметрия курсын оқыту сапасын жетілдіру үшін ақпараттық технологияны пайдалану жолдарын анықтау осы курсты оқыту әдістемесіндегі көкейкесті мәселе болып табылады.
Автор: Серик Айнур