Тест д?ниетанудан та?ырыбы Ауаны ?ор?ау


Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Ауа – Жердің қорғаны. Ауаны қорғау.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды ауаның құрамы және қасиеттерімен таныстыру.
2.Табиғат пен адам үшін ауа қандай рөл атқаратынын түсіндіру.
3.Ауаны қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Ауаның құрамы» деген тірек-сызба, «Ауаның қасиеттері » деген кесте.
Түрі: Жаңа сабақ.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, әңгіме, көрнекілік.
Сабақ барысы.
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Психологиялық көңіл-күй.
3.Қайталау.
4.Жаңа материалмен жұмыс.
1.Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
2.Мұғалімнің түсіндіруі.
-Жердің айналасын ауа қабаты қоршап тұр. Бос кеңістіктің бәрінде ауа толып тұрады. Ауа көзге көрінбейді, оны сезім мүшесімен ғана білеміз. Жер – ауаның қозғалысы. Біздің ғаламшарымызды қоршап тұрған ауа қабатын атмосфера деп атайды.
Атмосфера – бұл жүздеген километрге созылған ауа қабаты. Атмосфераның қалыңдығы ғаламшардың әр жерінеде әртүрлі. Атмосфера жер шарын зиянды күн сәулелерінен қорғайды.
Ауаның құрамы мен оның қасиеттерін алғаш Джозеф пристли мен Антуан Лавуазье зерттеді.
1.Ауаның құрамы мен қасиеттері.
Тақтаға «Ауаның құрамы» деген кесте ілінеді.
193103519431000284543519431000 Көмірқышқыл газы 1%
28549603556000 Оттегі 21%
19977108890000
Азот 78%

Ғалымдар ауаның көптеген газдардан тұратынын осыдан екі ғасыр бұрын ғана білді. Ауа – көптеген газдардың қоспасы, оның құрамында азот – 78 пайыз, көмірқышқыл газы – 1 пайыз, оттегі – 21 пайыз.
«Ауаның қасиеттері» деген кестемен жұмыс.
Негізгі сөз Ауаның қасиеттері
Ауа Мөлдір, түссіз, салмағы жоқ, иісі жоқ, жылы, суық, қыздырғанда кеңейеді, суықтан сығылады.
5.Пікірталас.
Сұрақтар:
Ауа таза болу керек пе?
Адам ауаны неге ластамау керек? Осы пікірді қалай түсінесіңдер?
6.Рөлдік ойын.
Әр топ мүшелері өздері ауаның маңызын түсіндірулері керек.
1-топ адамдардың атынан сөйлейді.
2-топ экологтардың атынан сөйлейді.
3-топ жануарлар атынан сөйлейді.
Экологтарға жануарлар адамның атына шағым түсіреді. Адам жаңа комбинаттар, зауыттар, жанармай бөлімшелерін салу керектігін дәлелдейді. Ал жануарлар құрылыстың нәтижесінде қаншама орман, тоғай жойылып кетті, ауаның ластанғанын, жануарлардың өміріне қауіп төнгенін айтады. Экологтар ауаны қорғау шараларын айтады.
Тақтаға төмендегідей кесте ілінеді.
509333521145500-3111521145500219773516383000
375983515748000113093515748000Түрлі Ауаның ластану Орманды
28168602273300014071602273300028168602273300056896022733000Қалдықтар себептері кесу
489331022352000-7874015684500
Улы газдар Ауаға залалды зат-
тардың шығарылуы
36455351943100056896012763500
Пайдаланылған Радиация
газдар
Мұғалім оқушылардың өздерін сөйлетеді. Оқушылар жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрі адамның іс-әрекетіне тәуелді екенін айтады. Сондықтан ауаны қорғау керектігін түсінеді.
7.Оқулықпен жұмыс.
Мәтіндер оқылады.
8.Топпен жұмыс.
Оқушылар «Ауаны қорғаңдар!» тақырыбында сурет салады.
«Кез-келген бала, ересек адам ауаны таза қалпында сақтау үшін не істейді» деген басты ойда дәлелдеу.
9.Сабақты қорытындылау.
- «Орман – ғаламшардың жасыл өкпесі» деп неліктен айтады?
Сондай-ақ мәтін соңындағы сұрақтарға жауап беру.
7.Үйге тапсырма беру.
«Ауа – Жердің қорғаны. Ауаны қорғау» мәтінін оқып келу.43-44 бет.