?аза? тілі мен ?дебиетік о?удан, математикадан, д?ниетанудан 4 сынып?а арнал?ан


Сынып: 4
Пән: әдебиеттік оқу
Мұғалімі: Тажкенова Майраш Мукешевна.
Сабақтың тақырыбы: Бала тұрар.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ш. Мұртазаның «Бала тұрар» атты әңгімесі бойынша қазақтың мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұлбеков өмірімен таныстыру.Дамытушылығы: Оқып ізденіп жұмыс істеуге баулу, байланыстырып сөйлеуге, ойын тұжырымдай білуге қасиетін дамыту.Тәрбиелілігі: Отан сүйгіштікке, елін қорғайтын шыншыл азамат болуға тәрбиелеу.Түрі: Аралас сабақӘдісі: сұрақ жауап, талдау, іздену.
өрнекілігі: Суреттер, картаСабақтың жүру барысы:І. Ұйымдастыру бөліміПсихологиялық дайындықСабағымыз басталды, балаларға пайдалы.Бәрін ұғып алыңдар, әңгімеге зер салыңдар.ІІ. Үй тапсырмасын сұрауБ. Тұрсынбаев Алғашқы көмекҚансонар бірінші жауған қарды, аңшылы(«Сонар» алғашқы жауған қар деп атайды.)Үй тапсырмасын пысықтауҚазақстанда қандай аңдарды аулауға тиым салынған?IY. Мақсат қою кезеңі:1. Сабақтың мақсатын тақырыбын хабарлау.2. Жаңа сабаққа даярлығын тексеру. 2 - 3 сыныптарда Ш. Мұртазаның қандай әңгімелерін білесіңдер?«Бала Тұрар», «Интернат қоймасы», «Қызыл жебе»Y Жаңа сабақты меңгертуКіріспе Шерхан Мұртаза туралы қысқаша түсінік.Шерхан Мұртаза: 1932жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданында дүниеге келген. Оның «Қызыл жебе» романы, «Белгісіз солдат» романы, «Қара Маржан» деген романдары болған.- Ал енді Тұрар Рысұлбеков туралы не білеміз? - Тұрар қандай бала болған?Тұрар зерек бала екен. Тұрар Рысқұлбеков 1894ж - 1943ж Мемлекет және қоғам қайраткері. 1916 жылы төңкеріске қатысушы. Қазіргі Алматы облысы Талғар ауданында дүниеге келген. 1907ж - 1910ж Тұрар Рысқұлбеков мерекедегі орыс қазақ бастауыш мектебінде ал 1910ж - 1914ж Пішкек (қаз Бішкек) ауыл шаруашылық училищесінде оқиды. Бау-бақша мамандығын алады.Қазақстанда болып жатқан аштық, оның себептері туралы Сталинге ашық хат жазған алғаш тұрар Рысқұлбеков еді.ә) Репрессия деген не? Репрессия мемлекеттің өз азаматтарына қолданылатын қатаң жазалау шарасы.б) 1937ж - 1938жылдары қазақ зиялылары Кеңес үкіметіне қарсы үміт насихат жүргізді деген айыппен қудаланып, репрессияға ұшырады. 105 мың адам қамауға алынып, оның 22мыңы атылды. Белгілі жазушы Ш. Мұртазаның «Қызыл жебе», романынан келтірілген үзіндінің жалғасын оқу арқылы Тұрардың жарқын бейнесімен танысуды жалғастырамыз.YI. Романның үзіндісін түсініп жалғастырып оқу. Мәтінді оқушыларға бөліп оқыту.Картамен жұмыс(Азия, Европа, Африка, Америка, Австралия, Антариктида, Россия)Тұрардың фамилиясы Қырғызбаев болып өзгергенін себебі неде?YII. Дәптермен жұмысТұрар Рысқұлбеков 1894жылы 26желтоқанда Жетісу облысы Верный уезіне қарасты Шығыс Талғар болысында дүниеге келген.Әкесі - Рысқұл Жылқыайдарұлы Қарапайым шаруа. Қиргиз.YIII. Сергіту сәтіӘке тілін аламын,Ана тілін аламын.Жақсы оқу мақсатым,Таудай үлкен талабым.IX. Сөздік жұмысыТілмаш, Писарь, АспараX. Шығармашылық жұмысТұрар туралы шағын әңгіме жазуXI. Ой толғанысТ - тәртіптіҰ - ұқыптыР - риалдыА - адамР - ризаладыXII «Бес жол өлең» стратегиясыЗат есім --------- ТұрарСын есім ------- ержүрек, зерекЕтістік ---------- оқыды, жазды,Сөйлем Тұрар Сталинге хат жазған.АқынXIII Сұраққа жауапКартадан қандай елдермен таныстық?Тұрардың фамилиясы Қырғызбаев болып өзгерген себебін білесің бе?«Сибирь» деген кезде Тұрар неге елең ете қалды?Сахнаиен аралын неге сұрады деп ойлайсың?Әңгіме соңында жазушы қоңырау сылдыры неге ұқсап кетті деп жазады? Бұл сөздің астарынан не түсіндің?XIY. ҚорытуБіз нені үйрендік? Елдердің, көлдердің аттарын дәптерге жаз.Үйге. Мәтіннің мазмұнын айту