Реактивті ?оз?алыс 9 сынып


Физика 9 –сынып. Бекітемін:
Тақырыбы: Реактивті қозғалыс
Мақсаты: 1. Оқушыларға реактивті қозғалыс туралы әңгімелеу, ғарыш кеңістігін игерудегі жетістіктерді қазіргі өмір мен байланыстыра отырып түсіндіру.
2. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттару.
3. Оқушыларды ізденімпаздыққа тәрбиелей отырып, олардың ой-ұшқырлығын дамыту.
Сабақтың түрі: Интеллектуалдық турнир.
Көнекілігі: Циолковский, Королевтің, Т. Әубәкіровтың, Т. Мұсабаевтың, Гагариннің суреті, интерактивті тақта, флипчарт.
Пәнаралық байланыс: физика, астрономия, орыс тілі, ағылшын тілі, қазақ әдебиеті.
Сабақтың өту барысы:
Ұйыдастыру, сыныпты топқа бөлу. Үш топ: « Гагарин », « Тоқтар », « Талғат »
Үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа сабақ.
« Ю. А. Гагарин, Т. Әубәкіров, Т. Мұсабаев, Байқоңыр» реферат әзірлеу, қорғау.
Жаңа сабақты бекіту үшін
А) « Білім сайысы»
Ә) « Полиглот» ғарышқа байланысты сөздерді аудару
Үйге тапсырма.
« Менің қиялым» тақырыбында фантастикалық әңгіме, сурет салып келу.
Қорытынды бағалау.
Үй тапсырмасын тексеру « Озық ойлы оқушы» сайысы.
Дененің массасы мен оның қозғалыс жылдамдығының көбейтіндісіне тең болатын физикалық шама ...
Дене импульсі.
Дене импульсі векторының бағыты жылдамдық бағытымен ....
Сәйкес келеді.
Күш пен оның әрекет ету уақытының көбейтіндісі ....
Күш импульсі деп аталады.
Дене импульсінің өлшем бірлігі ....
Кг*м/с
Күш импульсінің бірлігі .....
Н * с
4. Рефераттар қорғау.

5.а. Білім сайысы.
Ғарыш кемесі қандай бөліктерден тұрады? ( Зымыранның қауызы, отын багі, реактивті двигательдер, жүк сақтайтын контейнер, басқару аппаратурасы)
Реактивті двигатель дегеніміз не? ( Зымыранға орнатылған реактивті двигательдер зымыран деп аталады.)
Қазіргі кезде қандай двигательдер пайдаланылады? ( Термохимиялық зымыран двигательдері пайдаланылады.)
Зымыран двигательдері қандай түрге бөлінеді? ( Сұйық отынды және қатты отынды зымыран двигательдері.)
Сұйық отынға нелер жатады? ( Керосин, гидразин, сұйық сутегі, сұйық оттегі, гептил, т.б.)
Космонавтиканың негізін қалаушы кім? ( Циолковский)
Ең алғашқы ғарышқа, кім ұшты? ( 1961 ж 12 сәуірде Ю. А. Гагарин)
Қазақстанның ғарышкерлерін ата. ( Т. Әубәкіров, Т. Мұсабаев)
Ғарышқа бес рет ұшқан ,арышкер кім? ( В. Жәнібеков)
Т. Мұсабаев бірінші рет қай жылы ұшты? ( 1994 жылы)
Жердің жасанды жер серігі қашан ұшырылды? ( 1957 жылы 4 қазанда)
Бірінші ретқай жылы ғарышқа әйел адам ұшты? ( 1963 жылы В. Треешкова)
Халықаралық америкалық-кеңестің экипажы қалай аталады? ( « Союз-Аполлон»)
5. ә. Полиглот.
1. Ғарыш – космос – space
2. Ғарыш айлағы – космодром – cosmodrom
3. Аспан – неба – sky
4. Жұлдыз – звезда – star
5. Ғарышкер – космонавт – spaceman
6. Үйге тапсырма.
6. а. §
6. ә. « Менің қиялым»
Фантастикалық әңгіме, сурет салып әкелу. Әкелген әңгімелерін салған суреттері бойынша әңгімелеп береді.
7 Қорытындылау.
Оқушылар өздеріңіз көрсеткен білімдеріңіз бойынша бағалаңыздар. Осы сабақта өз білімімен белсенділік көрсеткен оқушы « Озық ойлы оқушы» болып табылады.
Соналы жалпы орта білім беретін мектебі
Тақырыбы:
Реактивті қозғалыс
Физика 9 – сынып

Өткізген: Нұрғалиева Р.К
2014 жыл