Республикалы? біры??ай «Жас ?лан» балалар мен жас?спірімдер ?йымына ?абылдау салтанатты жиыныны? есебі


Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ

041275Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынының есебі
Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынының есебі

Аға тәлімгер: Батырова Айымгуль Нурлановна
2016-2017 оқу жылы
Теректі білім беру бөліміне
Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынының есебі
Елбасымыздың қолдауымен құрылған «Жас Ұлан»  ұйымына қабылдану - әрбір шәкірт  үшін үлкен мәртебе. Жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін «Біріңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау жыл сайынғы мерекелік шараға айналды.
Бүгінде Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл толса, Біріңғай « Жас Ұлан, «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына 5 жыл толып отыр. Осыған орай 13-14 желтоқсан күндері Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББ мектебінде көптеген шаралар оздырылды.
13 желтоқсанда «Жас Ұлан» ұйымының белсенді мүшелері тәлімгермен бірге қабырға газеттері мен стенд шығарды. Мектеп ұстаздары мен оқушылары «Жас Ұлан» ұйымына 5 жыл толуына орай қабырға газетінен орын алған қоржынға көптеген құттықтаулар жазды.


Мектеп мұғалімдеріне арнап «Шын жүректен» акциясы ұйымдастырылды. Оқушылар тілектер жазылған гүл жасап, мұғалімдерге табыстады.


І ауысымда «Жас Ұлан» ұйымының белсенді мүшелері мектеп оқушыларымен бірге «Бізге 5 жыл» атты флешмоб биледі.

14 желтоқсан күні «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты түрде өткізілді. Жиын барысында «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының негізгі мақсаттары мен міндеттері, оларды жүзеге асыру әрбір өз елінің азаматы парыз деп есептеп, өнегелі қасиеттерді дәріптеу болса, Жас Ұлан ұйымының мүшесі –Отанына адал, еңбекқор, Отанының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күресуші екнін айтып, Жас Ұлан ұйымының Қазақстан Республикасының туының түсіндей галстук және төсбелгілері туралы насихаттап «Жас Қыран» ұйымына 20 оқушы, «Жас Ұлан» ұйымына 15 оқушы қабылданды.



«Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук және төс белгілерін табыстау рәсімі мектеп әкімшілігі мен ұстаздарға табысталды.

Құттықтау сөз ауыл әкімшілігінің бас маманы Кусаинов Оразбек Кенжебековичке берілді, өз тарапынан оқушыларға сәттілік тілеп, елінің елеулі азаматы болып шығуларына кәміл сенім білдірді. Мектеп директоры Шналиев Нұрлан Орынғалиұлы мектеп оқушыларын келе жатқан мерекемен құттықтап, жылы лебізін айтты.

Бұл өткізілген шараның нәтижелері https://kopilkaurokov.ru және https://infourok.ru/ сайттарында көрініс тапты.

Аға тәлімгер: Батырова Айымгуль Нурлановна