?адірлі ?ке, мейрімді ана


Мақсаты: Ата - аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың халық ауыз әдебиеті, салт - дәстүрі туралы білімдерін байқау. Ән - би, қолөнер тәрізді халықтық өнерден хабардарлығын анықтау. Отбасы - Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, оқушыларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеуТүрі: Ата - аналар мен балалардан құралған командалар арасындағы сайыс түрінде өтеді.
Play
Progress: 0%
0:03
Fullscreen00:00
Mute
ПЕРЕЙТИ НА САЙТ
Көрнекілігі: Отан, отбасы, ынтымақ - бірлік туралы мақал – мәтелдер.Барысы:
І-Жүргізуші:Атамыз қазақ «Бала - адамның бауыр еті», «балалы үй - базар» дейді. Өйткені бала - өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі үшін, жан - жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты. Бүгінгі біздің сыныбымызда ұйымдастырылып отырған «Қадірлі әке, мейірімді ана» атты сайыс өткелі отыр. Олай болса, осы сайысымызға қатысушы отбасыларымызды ортаға шақырайық.ІІ-жүргізуші:
Жақсы адам кімге болсын болар пана,Мол оның тал бойында ақыл санаКөркіне ақылы да сай келетінШегебаевтар отбасы ортамызда.
І-жүргізуші:Қуантады білімімен бәріміздіҚол соғып қарсы алайық енді оны отбасы келіп қалдыТатулықты ту еткен отбасы бұл
ІІ-жүргізуші:Жігітке ақыл, білім жарасадыНағыз ер халқыменен санасадыСайысқа бар күшімді саламын деп отбасы таласады.
І-жүргізуші:Сайыс кезеңдерімен таныстыра кетейік1. Таныстыру2. Өнер сайысы3. Мақал - мәтел сайысы4 Көңілді аспаздар (аналар сайысы), Сурет салу (әкелер сайысы)5. Балалар сайысыІІ-Жүргізуші: Келді міне бүгін сынауғаСыналып үлкендерден үлгі алуғаСалты бар өнерлі осы ортадаБерер деп әділқазы әділ баға, - деп әділ қазыларды таныстырып өту.
І-жүргізуші:І кезеңОтбасымыз келіп жетті танысуға,Сыпырды томағасын осы дұғаҚызып келген қырандай керілтедіӘдеппенен ізетпен танысуғаӘрбір отбасы өздерін таныстырып өтеді
ІІ-жүргізуші:ІІ кезеңКедеймін деп қысылмаӨнерің болса қолыңдаӨнерлінің ырысыЖарқырап жатар жолында - демекші ата - ана мен бала арасындағы өз өнерлерін тамашалайық.Әрбір отбасы өз өнерлерін көрсетеді
І-жүргізуші:ІІІ кезеңШебер болсақ, тіл байып,Шешендіктер бір ғайып.Мақал - мәтел үйреніп,Тілімізді шыңдайық, - деп кезекті отбасыларымыздың мақал - мәтел айту, яғни оны жалғастыру сайысына кезек берейік.
ІІ-жүргізуші:1. Балаңа байқап сөйлесең, (ақылыңа көнер.)
І-жүргізуші:2. Өз білмегеніңді кісіден сұра (Үлкен жоқ болса, кішіден сұра)ІІ-жүргізуші:
3. Әдептілік белгісі (Иіліп сәлем бергені)
І-жүргізуші:4. Оқу - білім бұлағы (Білім - өмір шырағы)
ІІ-жүргізуші:5. Қына тасқа бітеді (Білім басқа бітеді)
І-жүргізуші:6. Ер жігіт ел үшін туады, (ел үшін өледі)
ІІ-жүргізуші:7. Қарағайға қарап тал өсер (Қатарына қарап бала өсер)
І-жүргізуші:8. Досы көпті жау алмайды (Ақылы көпті дау алмайды)
ІІ-жүргізуші:9. Тіліңмен жүгірме (Біліміңмен жүгір)
І-жүргізуші:ІУ кезеңАна деген тіршіліктің иесінСыйлайтынын адал бала білесіңӨмір балын тамызар да ерніңеШымырлатып еріткен бар жүйесінКірпігімнің әр қағысын санағанКөз аудармай күндіз түні қарағанАйналамда жүргендердің бірінен.ІІ-жүргізуші:Ыстық - ау кім - кімге де әке дегенСуыққа шалындырмай мәпелегенөмірдің соқпағымен өрге тартыпалдымен адам бол деп жетелеген
І-жүргізуші:Жас едім өмірге еркін бойламағанКүні ертең не боларын ойламағанШарықтап кетсем дағы қанат қағыпӨзіңдей қамқор әке қайда маған дей келе келесі кезекті әкелер сайысына береміз. Сайыстың шарты бойынша сайысқа қатысушы аналарымыз үйден әзірлеп келген түрлі тағамдарын тарту етеді, әкелеріміз белгілі бір уақытта кез - келген тақырыпқа сурет салып беруі қажет.
ІІ-жүргізуші:У КезеңАна - бала, бала - ана бір ұғымБір - бірінсіз жоқ олардың бақытыОмыртқаның үзбеу үшін жұлынынЕкеуінің өтсін бірге уақыты дей келе сайысымыздың келесі кезегін балаларға береміз Есептер шығаруБиҚорытынды Әділ - қазыларға сөз беру