Поурочный план по казахскому языку на тему: ?аза?станды? Калмыков. Етістікті? ша?тарын ?айталау


Бекітемін Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары
___________ М.Ерманова
Сабақ жоспары № 29
Пәні: Қазақ тілі Мерзімі: _____________
Тобы: ПО-17
Сабақтың лексикалық тақырыбы: Қазақстандық Калмыков.
Сабақтың грамматикалық тақырыбы: Етістіктің шақтарын қайталау
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Студенттердің етістіктің шақтары туралы алған білімдерін пысықтау, етістіктің шақтарын ажырата білуге дағдыландыру;
Ә) Дамытушылық: Студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ету;
Б)Тәрбиелік: Студенттерді ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Бекіту сабағы
Оқыту әдістері: Сұрақ-жауап, тапсырма орындау
Оқыту құралдары: В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Студенттермен сәлемдесу.
2. Студенттерді түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Етістік дегеніміз не?
Етістіктің шақтарын атаңдар.
Мысал келтіріңдер.
ІІІ. Қайталау сабағын жүргізу
1.Мәтінмен жұмыс.
2.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.
3.Мазмұнын өз сөздеріңмен әңгімелеп беріңдер.
а) Семантикалық кестемен жұмыс
Мен сабақта отырмын Осы шақ Келер шақ Өткен шақ
Мен теледидардан жаңалықтарды көрмедім Сәбит ертен оқуға барады Мұғалім сөйлеп тұр Мен дүкенге барайын деп едім Біз ағамның үйіне қонаққа бармақшымыз Құс ұшады ә) Шағын тест жүргізу
Тест сұрақтары
1.Етістіктің нақ осы шақ түрін анықтаңыз:
а) естіген болатын в) бара жатыр с) келмекші д) ұғыпты
2.Етістіктің жедел өткен шағын көрсетіңіз:
А) жеткізер в) жеткізген с) жеткізеді д) жеткізді
3.Етістіктің неше шағы бар?
А) 3 в) 4 с) 5 д) 2
4.Етістік дегеніміз не?
А) заттың атын білдіретін сөз табы в) заттың санын білдіріетін сөз табы с) заттың іс-әрекетін білдіретін сөз табы д) заттың дәмін білдіретін сөз табы
5.Келер шақта тұрған етістікті белгілеңіз
А) дәрігер адамдарды емдейді в) Мұғалім балаларды оқытып жатыр с) кітапханашы кітап берді д) жүргізуші автобус жүргізіп жатыр
6.Ауыспалы өткен шақтың жасалуы
А) -атын –етін жұрнағына жіктік жалғауы қосылады в)-ып –іп тұлғасында жіктелуі арқылы қосылады с)-ты –ті жұрнағына жіктік жалғауы қосылады д) -ғалы –гелі жұрнағымен көмекші етістік тіркеседі
б) Тапсырмалармен жұмыс
Тапсырма
Етістікті шақтарына қарай топтап жаз
Айтып отыр, келген болатын, оқы, айтты, жүгіріп келе жатыр, қызығып тұр, келетін болды, ойнап болған, баратын шығармын.
Тапсырма
Сөздерді үш жақта жіктеу
1 – қатар - сөйле+у, 2 – қатар - жаз+у, 3 – қатар - көр+у.
Тапсырма
Өлеңнен өткен шақты тауып, астын сыз сұрақ қой
Ылғи мені жақтаған,
Бетімнен бір қақпаған,
Жақсы ісімді мақтаған,
Менсіз таңы атпаған,
Мен деп тыным таппаған.
ІV. Қорытындылау:
Сабақты қорытындылап, студенттердің білімін бағалау.
V.Үйге тапсырма
96 бет, 1.4-жаттығу

Пән оқытушысы: Б.Мукашева